"Шиелі ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын" бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 32/2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-ө бұйрығына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шиелі ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы М.Турабаев

  Шиелі аудандық мәслихатының
2025 жылғы 26 маусымдағы
№32/2 шешіміне қосымша

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ 2025-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны

      КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………7

      1. ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 9

      1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі, жинау және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері 9

      1.2 ТҚҚ сапалық құрамы 13

      1.3 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау 14

      1.4 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару 17

      1.5 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау 18

      1.6 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау . 19

      1.7 Коммуналдық қалдықтарды басқарудағы ағымды жағдайды талдау бойынша қорытындылар 20

      1.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау 20

      2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ 22

      2.1 Мақсаты және міндеттері 22

      2.2 Мақсаттық көрсеткіштер 22

      3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР 23

      3.1 Қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жаңғырту 23

      3.2 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру 30

      3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру ....................34

      3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету 34

      3.5 Қалдықтарды басқару саласындағы тұрғындардың қызығушылығы мен мәдени деңгейін жоғарылату .................................................................................................................................35

      4.ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ...38

      5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ.....39

      6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ .40

      7. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ..............................................40

      1-қосымша 42

      2-қосымша 45

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

      Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

       Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

Атауы

Қызылорда облысы Шиелі ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіздеме

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 2021 жылдың 2-қаңтарындағы № 400-VI ҚРЗ
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. №154б бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Шиелі ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ

Бағдарлама мақсаты

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Шиелі ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру

Бағдарлама міндеттері

1. Қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жаңғарту.
2. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру.
3. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.
4. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
5. Қалдықтарды басқару саласындағы тұрғындардың қызығушылығын мен мәдени деңгейін жоғарылату.

Күтілетін нәтижелер

Қалдықтарды бөлек жинау бойынша (контейнерлер, контейнерлік алаңдар, қоқыс таситын көліктер) қажетті инфрақұрылым құрылды.
Қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды.
Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі ендірілді.
Көмуге жіберілетін қалдықтар көлемі қысқартылды.
Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму ұйымдастырылды.
Экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға жауап беретін полигон құрылды.
Қалдықтарды көмудің ұйымдастырылмаған нысандары жойылды.
Қалдықтарды басқару жөніндегі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылығы және хабардарлығы жоғарылатылды.

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көлемі жергілікті атқарушы органдармен Шиелі ауданының 2025-2029 жылдардағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға бөлінген бюджеттік қаржының санына сәйкес есептеледі.

Бағдарламаны орындаушылар

Шиелі ауданының әкімдігі, "Жиделіарық ауылдық округінің әкімдік аппараты" МКБ, Ақтоған ауылдық округінің әкімдігі, Бәйтерек ауылдық округінің әкімдігі, Тұран ауылдық округінің әкімдігі, Телікөл ауылдық округінің әкімдігі, Тартоғай а-о әкімдігі, Талаптан а-о әкімдігі, Сұлутөбе а-о әкімдігі, Ортақшыл а-о әкімдігі, Майлытоғай а-о әкімдігі, Қоғалы а-о әкімдігі, Қарғалы а-о әкімдігі, Керделі а-о әкімдігі, Иіркөл а-о әкімдігі, Жуантөбе а-о әкімдігі, Жөлек а-о әкімдігі, Бестам а-о әкімдігі, Жаңатұрмыс а-о әкімдігі, Еңбекші а-о әкімдігі, Бәйгеқұм а-о әкімдігі, Алмалы а-о әкімдігі, Ақмай а-о әкімдігі, Шиелі а-о әкімдігі, коммуналдық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, қалпына келтірумен және көмумен айналысатын субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ, тұрғындар және басқа да мүдделі тараптар.

Кезең

5 жыл: 2025 – 2029 жж.

КІРІСПЕ

      Шиелі ауданы Қызылорда облысында, Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан аудан, 1928 жылы құрылған. Ауданның жер аумағы – 3 426 915 га алып жатыр.

      Әкімшілік орталығы – Шиелі ауылы, ол Қызылорда облысынан оңтүстік-шығысқа қарай 128 км қашықтықта орналасқан.

      2023 жылғы аудан әкімдігінің мәліметтері бойынша Шиелі ауданындағы халық саны 85 966 адамды құрайды, оның ішінде Шиелі ауылының әкімшілік орталығында 36 474 адам тұрады.

      Шиелі ауданында 23 ауылдық округтер, 39 тұрғын пункттер бар (1-кесте).

      1-кесте – Шиелі ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Ауылдық округтер атауы

Ауылдық тұрғын пункттер атауы

Халық саны, адам

Аула саны

1

2

3

4

Шиелі ауылы әкімінің аппараты

Шиелі

36 474

7 320

Ақмай ауылдық округі


2 661

475


Акмай

2 557

454


Қосарық

104

21

Ақтоған ауылдық округі


1 164

236


Досбол би

1 164

236

Алмалы ауылдық округі


2 105

450


Алмалы

1 518

322


Тоғайлы

72

18


20 станция

4

2


21 станция

511

108

Бәйгеқұм ауылдық округі


2 368

425


Бәйгеқұм

2 368

425

Бестам ауылдық округі


2 057

368


Бестам

2 057

368

Бәйтерек ауылдық округі


4 550

911


Бидайкөл

4 407

879


Ақтам

35

11


22 станция

108

21

Жаңатұрмыс а/о


1 090

192


Байсын

1 090

192

Еңбекші а/о


1 835

302


Еңбекші

1 596

266


Қосуйеңкі

239

36

Жиделіарық а/о


1 017

185


Жиделіарық

1 017

185

Жөлек а/о


1 656

306


Жөлек

1 501

278


Жуантөбе

155

28

Жуантөбе ауылдық округі


3 648

633


Алғабас

3 648

633

Иіркөл уылдық округі


4 143

872


Ы.Жақаев

3 687

781


Жансейіт

456

91

Керделі ауылдық округі


2 968

635


Н.Бекежанов

2 968

635

Қарғалы ауылдық округі


1 230

230


Бұланбай бауы

1 230

230

Майлытоғай ауылдық округі


736

127


Майлытоғай

736

127

Сұлутөбе ауылдық округі


3 000

599


Сұлутөбе

1 795

401


1 Мамыр

634

101


Жаназар батыр

571

97


16 станция



Қоғалы ауылдық округі


1 019

182


Турсынбай датка

1 019

182

Талаптан ауылдық округі


3 655

624


Бала би

3 655

624

Тартоғай ауылдық округі


2 210

349


Тартоғай

1 792

290


Кірпіш зауыты

300

42


18 станция

5

1


2-Ферма

113

16

Телікөл ауылдық округі


1 552

257


Ә.Тәжібаев

1 552

257

Тұран ауылдық округі


3 412

541


Ш.Қодаманов

3 412

541

Ортқшыл ауылдық округі


1 416

275


Ортақшыл

1 230

226


Қызылқайың

186

49

Барлығы


85 966

1 6494

      Аудан дамуының негізі болып Шиелі ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы және Қызылорда облысы бойынша 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары болып табылады.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі осы бағдарлама (ары қарай-бағдарлама) Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің (ары қарай - ҚР ЭК) 365-бабына және жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар (ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі, 18.05.2023ж, №154б) негізінде ұлттық стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттарды, сонымен қатар, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әзірленген.

      Бағдарлама 2023-2028 жылдарға әзірленген және түзілетін қалдықтардың құрамы мен көлемі туралы, оларды жинақтау тәсілдері, жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру, қалпына келтіру және жою туралы мәліметтерден, сонымен қатар, қалдықтардың түзілуін қысқарту, оларды қайта пайдалануды арттыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату туралы ұсынылатын шаралардың сипаттамасынан тұрады.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында Шиелі ауданының коммуналдық қалдықтарын басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жүргізілді, мәселелер айқындалды және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Шиелі ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған кешенді жоспарлар әзірленді.

      Бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру Шиелі ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіруге жағдай жасайды. Қалдықтарды басқару бойынша қажетті инфрақұрылым құрылады, коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жетілдіріледі, қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылатын болады, көмуге жіберілетін қалдық саны азайтылатын болады, ТҚҚ жаңа полигондары құрылады, қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару бойынша тұрғындардың қызығушылықтары мен хабардарлығы артатын болады.

      Бағдарламаны жүзеге асырудың соңғы мақсаты Шиелі ауданының, жалпы Қызылорда облысының қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендету және коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

      1. ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

      1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуі, жинау және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері

      ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі, оның басым бөлігі бірлесіп бөлек жинаудың болмауынан, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша қуаттылықтың жеткіліксіздігінен полигондарға көміледі.

      Қазақстанның "жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасына сәйкес, республикада 2030 жылға қарай қалдықтарды шығару қызметімен тұрғындарды толық көлемде қамтамасыз ету, сонымен қатар, қайта өңделетін қалдықтар бойынша көрсеткіш тек 24%-ды ғана құраса (2023), 2030 жылға қарай 40%-ға жеткізу қажет.

      Қызылорда облысында жыл сайын 116-164 мың тонна ТҚҚ түзіледі. Қалдықтар ТҚҚ 145 полигонына тасталынады, оның ішінде тек 7 (4,8%) полигон ғана экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару бойынша қызметтермен облыс тұрғындарының 71,5 % қамтылған.

      Шиелі ауданында 2-2,4 мың тонна ТҚҚ түзіледі, олардың барлығы қалдықтарды көму полигондарына шығарылады.

      2-кестеде Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы және Шиелі ауданы бойынша 2020-2022 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі бойынша ақпараттар берілген.

      2 -кесте – ҚР, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша 2020-2022 жж ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2020

2021

2022

1

ТҚҚ түзілу көлемі

1.1

Қазақстан Республикасы*

тонна

3 674 000

4 214 056

4 340 630

1.2

Қызылорда облысы*

тонна

117 000

116 000

164 000

1.3

Шиелі ауданы **

тонна

2 090

2 300

2 400

2

Түзілген ТҚҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі

2.1

Қазақстан Республикасы*

%

18,3

21,1

25,4

2.2

Қызылорда облысы*

%

18

19,7

24,5

2.3

Шиелі ауданы **

%

0

0

0

      *ЭТРМ мәліметтері

      ** ұлттық статистика бюросының мәліметтері

      2-кестедегі мәліметтерде көрсетілгендей, Шиелі ауданындағы ТҚҚ түзілуінің орташа жылдық нормасы 2263 тоннаны, яғни Қызылорда облысындағы ТҚҚ түзілуінің жалпы көлемінен 1,4% құрайды.

      Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша Шиелі ауданындағы барлық қалдықтар қайта өңделмей, полигонға шығарылады.

      Қалдықтарды орталықтан жинау және шығару қызметімен тек қана ауданның әкімшілік орталығы - Шиелі ауылының тұрғындары ғана қамтылған.

      Жақын жылдардағы негізгі міндеттер – Қазақстанның стратегиялық құжаттарында талап етілгендей, Шиелі ауданының барлық тұрғын пункттеріне ТҚҚ орталықтан жинау мен шығаруды ұйымдастыра отырып, тұрғындарды біртіндеп 100% қамту қарастырылған.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қызметі жергілікті әкімдікке тапсырылған.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер

       Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары аудандағы немесе тұрғын пункттегі қалдықтарды басқару жүйесіне ықпал етеді. Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлау үшін, коммуналдық қалдықтарды басқарудың барлық үдерісін ескере отырып, ауданда бір есептік бірлікке жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар қажет.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №347 Бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығымен бекітілген "Халыққа тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі" болып табылады.

      Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27-қазандағы №30/29 шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілген (3-кесте).

      Ауданның 1 тұрғынына шаққанда, коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары 0,75 м3 немесе 150 кг құрайды.

      3-кесте – Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандарының түрлері

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық норма, м3

1.

Жайлы жабдықталған және жабдықталмаған үйлер

1 тұрғын

0,75

2.

Жатақхана, интернаттар, балалар үйі, қарттар үйі және осыған ұқсас үйлер және т.б.

1 орын

0,432

3.

Қонақ үй, шипажай, демалу орындары

1 орын

0,546

4.

Балалар бақшасы, ясли және басқа да мектепке дейінгі ұйымдар.

1 орын

0,352

5.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, конторалар, байланыс орталықтары

1 қызметкер

0,31

6.

Емханалар, медициналық орталықтар

1реттік емделу

0,084

7.

Аурухана, басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері

1 койко-орын

1,049

8.

Мектеп және басқа да білім беру орталықтары

1 білім алушы

0,083

9.

Мейрамхана, кафе, басқа да көңіл көтеретін орындар және қоғамдық тамақтандыру орындары.

1 отыратын орын

0,61

10.

Театрлар, кинотеатрлар, концерттік залдар, түнгі клубтар, ойын автоматтары, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,12

11.

Музей, көрме

1 м2 жалпы ауданынан

0,02

12.

Стадиондар, спорттық алаңдар

Жоба бойынша 1 орын

0,01

13.

Спорттық, би және ойын залдары

Жалпы ауданынан 1 м2

0,04

14.

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлы дүкендер мен аралас дүкендер

Сауда алаңдарынан 1 м2

0,26

15.

Машинамен сауда

1 м2 сату орыны

0,302

16.

Базар, сауда павильондары, дүңгіршектер, науалар

Сауда алаңдарынан 1 м2

0,207

17.

Көтерме сату орындары, өнеркәсіптік және азық түліктік тауарлар қоймасы

Сауда алаңдарынан 1 м2

0,18

18.

Теміржол вокзалы, автобекеттер, аэропорттар

Сауда алаңдарынан 1 м2

0,151

19.

Дәріханалар

Сауда нүктелерінен 1 м2

0,27

20.

Автотұрақтар, автожуғыштар, АЗЭ

1 машина орыны

1,68

21.

Авто шеберханалар

1 жұмысшы

0,96

22.

Шаштараздар, косметикалық орындар

1 жұмыс орны

1,182

23.

Кір жуу, тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу және тігін ательелері.

1 м2 жалпы ауданынан

0,132

24.

Зергерлік бұйым, аяқ киімді, сағатты жөндеу

1 м2 жалпы ауданынан

0,3

25.

Монша, сауналар

1 м2 жалпы ауданынан

0,11

      Қызылорда облысы Шиелі ауданының 2023 жылғы 16-қаңтардағы №35/7 шешімімен тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтер бекітілген болатын (4-кесте).

      4-кесте – Шиелі ауданы бойынша тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жабдықталмаған үй иелерінен

Айына 1-тұрғынға

147,22

Бірлікке шаққандағы жылдық тариф (көлемі)

1 м3

2403,65

1.2 ТҚҚ сапалық құрамы

      Қалдықтардың сапалы құрамы ТҚҚ жұмыс істеу бойынша шараларды оңтайлы үйлестіруді, қалдықтарды жинау және шығару жүйесіне талаптар бекітуді анықтайды. Бұл көрсеткіштердің маңыздылығы ТҚҚ қайта өңдеу тәсілдерін таңдау жағдайында арта түседі.

      Қалдықтардың сапалы құрамы оның морфологиялық құрамы бойынша анықталады. Қалдықтардың морфологиялық құрамы – қасиетімен, пайда болуымен, жалпы массадағы пайызбен көрсетілетін химиялық құрамымен бір-бірінен ерекшеленетін жеке құрамдас (компонент) өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатынасы. Морфологиялық құрамы жалпы массадағы пайызбен көрсетіледі. Қалдықтардың шығарылған және\немесе қайта өңделетін көлемін нақты бағалау үшін, морфологиялық құрамын ескеру ТҚҚ талдау жағдайында қолданылады.

      Шиелі ауданының ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.

      Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесіне сәйкес, (Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 10.02.2012 жылғы №4 бұйрығымен бекітілген) ТҚҚ морфологиялық құрамы бойынша келесілерден тұрады: тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар; еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек; тері; компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары; құрылыс қоқыстары; тас; көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспалар.

      "Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ-тың 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстан Ресупубликасындағы ТҚҚ орташа морфологиялық құрамы келесілерден тұрады: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады.

      Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.

      ТҚҚ басқарудың бағыттарын айқындау және оларды ары қарай қайта өңдеу мақсатында бөлек жинау жүйесін дамытуды қалыптастыру үшін қалдықтардың маусымдық өзгерістерге ұшыраған бөліктерінің морфологиялық құрамында білу керек. Ұзақ мерзімді жоспарда Шиелі ауданының ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізу қажеттілігі ұсынылады.

1.3 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

      Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау

      Коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау жүйесімен тек ауданның әкімшілік орталығы – Шиелі ауылы ғана қамтылған. Мұнда ТҚҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылған және қалдықтарды шығару жүзеге асырылады. Қауіпсіз қалдықтарды жинау "ӨРЛЕУ KZ" ЖШС компаниясы әрекетінің негізгі түрі болып табылады. Қалдықтар "ӨРЛЕУ KZ" арнайы техникасымен күн сайын Сасқұм полигонына шығарылады.

      Шиелі ауданында қалдықтарды араластырып жинауға арналған жалпы 125 контейнер орнатылған, оның 100 контейнері Шиелі ауылында орнатылған. Контейнерден басқа, ауданда қалдықтарды араластырып жинау және пластик бөтелкелерді жинау үшін 50 контейнер және құрамында сынабы бар қалдықтарды (ҚСБҚ) жинау үшін 100 контейнер орнатылған.

      Шиелі ауылының жайлы жабдықталған секторында орналасқан үйлер мен мекемелер жанында 27 контейнерлік алаңдар орнатылған, олар ішінара қоршалған, бірақ барлық жері бетондалмаған, яғни құрылыстық, экологиялық жне санитарлық талаптарға жауап бермейді.

      Шиелі ауданының жеке секторларындағы тұрғындар коммуналдық қалдықтарды өз аулаларында жинақтайды, тағамдық қалдықтарды үй жануарларына береді, қағаз, картон, ағаш секілді қалдықтарды үй пештеріне жағады. Тұрғындар қалдықтарды өз аулаларында жинақтайды, жиналу көлеміне сәйкес қалдықтарды үйінділерге шығару үшін жүк көлігі бар жеке кәсіпкерлерді жалдайды немесе өздерінің жеке көліктерімен тасымалдайды.

      Контейнерлерден қалдықтарды жинау мен шығаруға жергілікті әкімдік жауап береді.

      5-кесте - Контейнерлік алаңдар мен контейнерлер туралы ақпараттар

Атаулары

Контейнерлік алаңдар

Контейнерлер

Контейнерлік алаңдар мен контейнерлер саны

27

125

      ТҚҚ жинауды талдау нәтижелері барысында анықталды:

      - коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау тек аудан орталығы – Шиелі ауылында ұйымдастырылған;

      - контейнерлік алаңдар санитарлық талаптарға жауап бермейді, заңдылық талап еткендей бетондалмаған, топырақтың үстінде тұр, қоршалмаған;

      - контейнерлер сыйымдылық көлемі бойынша шағын, оның біразы ескірген, қанағаттанарлықсыз жағдайда;

      - контейнерлер қалдықтарды араластырып жинауға арналған;

      - ТҚҚ бөлек жинау тек пластик пен ҚСБҚ ғана арналған.

      Қалдықтарды бөлек жинау

      Шиелі ауданында қалдықтарды бөлек жинау пластик және құрамында сынабы бар қалдықтар үшін ұйымдастырылған. ҚСБҚ жинауға 100 контейнер және пластик бөтелкелер үшін 50 контейнер орнатылған.

      Ауылдық тұрғын пункттердің тұрғындары апатты түрде өз үй-жайларының аулаларында қалдықтарды сұрыптаумен айналысады, тағам қалдықтарын немесе қағаз, картон ағаш қалдықтарын бөліп алу арқылы оны жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланады (үй жануарларын тамақтандыру немес үй пештеріне жағу).

      Шиелі ауылының тұрғындары қалдықтарды фракцияларға бөлмей, барлық қалдықтарды бірге контейнерлерге тастайды.

      Жалпы, Шиелі ауданының тұрғындары қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтарды қайта өңдеу үшін мамандандырылған кәсіпорындардың екінші шикізатты қабылдауы туралы аз ақпараттанған.

      Қалдықтарды тасымалдау

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау балансында арнайы техникасы бар "ӨРЛЕУ KZ" ЖШС компаниясының негізгі іс-әрекеті болып табылады.

      Қалдықтар күн сайын Сасқұм полигонына шығарылады, ол Шиелі ауданы Гигант ауылдық округінің Бидайкөл ауылында орналасқан. Полигон "ӨРЛЕУ KZ" қарамағында.

      Ауылдық тұрғын пункттерде тасымалдаудың бекітілген кестесі жоқ. Олар жеке иелігінде жүк машиналары бар тұлғаларды жалдау немесе өздерінің жеке көліктерімен қалдықтарды үйінділерге шығарады.

      ҚР ЭТРМ реестріне сәйкес, Шиелі ауданында іс-әрекетті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері жоқ.

      Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу

      Шиелі ауданында барлық жинақталған қалдықтар көму үшін полигонға жіберіледі.

      Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жүргізілмейді. Қоқыс сұрыптайтын желі жоқ.

      Қалдықтарды сұрыптауды, кәдеге жаратуды және сақтауды жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындар жоқ.

      Қалдықтарды көму

      Ауданда 23 полигон (үйінді) бар (6-кесте).

      6-кесте – Шиелі ауданының полигоны

Атауы

Кадастрлық нөмірі

ауданы

Орналасқан орны

1

Шиелі ауылы

10-154-040-658

25 га

Шиелі ауданы, Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл кенті

2

Бәйгеқұм а/о

10-154-035-795

2 га

Бәйгеқұм а/о

3

Майлытоғай а/о

10-154-048-155

1 га

Майлытоғай а/о

4

Жаңатұрмыс а/о

10-154-026-206

2 га

Жаңатұрмыс а/о

5

Еңбекші а/о

10-154-015-321

2 га

Еңбекші а/о

6

Сұлутөбе а/о

10-154-045-810

2 га

Сұлутөбе а/о

7

Ақмая а/о

10-154-012-747

2 га

Ақмая а/о

8

Төңкеріс а/о

10-154-034-733

2 га

Төңкеріс а/о

9

Телікөл а/о

10-154-032-338

1,3 га

Телікөл а/о

10

Керделі а/о

10-154-028-661

2 га

Керделі а/о

11

Гигант а/о

10-154-040-658

2 га

Гигант а/о

12

Талаптан а/о

10-154-031-812

2 га

Талаптан а/о

13

Жуантөбе а/о

10-154-023-633

2 га

Жуантөбе а/о

14

Жөлек а/о

10-154-019-377

2 га

Жөлек а/о

15

Ақтоған а/о

10-154-032-288

1,3 га

Ақтоған а/о

16

Бестам а/о

10-154-039-1160

2 га

Бестам а/о

17

Ортақшыл а/о

10-154-020-230

1 га

Ортақшыл а/о

18

Алмалы а/о

10-154-013-629

1 га

Алмалы а/о

19

Иіркөл а/о

10-154025-493

2 га

Иіркөл а/о

20

Тартоғай а/о

10-154-049-650

1 га

Тартоғай а/о

21

Қоғалы а/о

10-154-051-228

2 га

Қоғалы а/о

22

Қарғалы а/о

10-154-030-318

2 га

Қарғалы а/о

23

Жиделі а/о

10-154-029-287

2 га

Жиделі а/о

      Ең ірі полигон Сасқұм полигоны. Ол 2004 жылы құрылған. Полигонды сенімді басқаруға беру туралы тендер 2023 жылы тамыз айында өткен. 21.08.2023 ж., 11-46 ДУ келісім-шартына сәйкес, "Шиелі ауданы әкімінің аппараты" "Өрлеу-KZ" ЖШС 3 жыл мерзімге 25 га жер телімі бар полигонды сенімді басқаруға берген болатын. Әкімшілік қатынасы бойынша, Сасқұм ТҚҚ полигоны Қызылорда облысы Шиелі ауданының Гигант ауылындағы Сасқұм тоғайында орналасқан. Полигонға жақын тұрғын зона – Бидайкөл ауылы, ол 3 км алыс қашықтықта орналасқан. Полигонды абаттандырудың негізгі элементтері мыналар: кіретін жол, ТҚҚ қоймалау бөлігі, шаруашылық зона (бақылау-жіберу пункті, зарарсыздандырушы зона). ТҚҚ көму картасы – траншейндік тип. Көму картасы торлы қоршаумен қоршалған. Полигонның негізгі құрылысы – ТҚҚ қоймалау бөлігі. Ол полигон аумағының негізгі бөлігін (95% артық) алып жатыр. Қоймалау бөліктерін жауын пен тасқын сулардан қорғау үшін участок шекарасына суды жібергіш каналдар жүргізілген. Суды жіберу каналдарының жанынан полигон айнала қоршалған.

      ТҚҚ полигонына қабылданатын өндіріс және тұтыну қалдықтарына мыналар жатады: өндіріс қалдықтары: ескі пневматикалық доңғалақтар, пайдаланылған аккумляторлық батареялар, майланған шүберектер; лак-бояу материалдарының құтылары; пайдаланылған люминесцентті шамдар; тұтыну қалдықтары: қатты тұрмыстық қалдықтар (қағаз, картон, пластик, полиэтилен, сынған шынылар, ағаш, тоқыма және т.б.); күл-қождар. Тоқыма, күл-қож және аумақтың қоқыстары секілді қалдықтар ТҚҚ полигонына шығарылады. Қалған қалдықтар уақытша ТҚҚ полигон аумағында сақталады, ары қарай оларды қайта өңдеу және /немесе кәдеге жарату үшін мамандандырылған ұйымдарға беріледі.

      Полигон санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейді. Оны жаңғырту туралы шешімдер қабылданды. "Шиелі кентіндегі Сасқұм тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жаңғырту" жобасы бойынша 843,274 млн тг ЖСҚ әзірленді, жақын арада сараптама шығарылады. Қызылорда облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарында бұл шараларға облыстық бюджеттен 335 млн теңгені бөлу қарастырылған.

      Ауданда сұрыптау желілері бар тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жоқ.

1.4 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару

      Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын (ары қарай – ЭЭЖҚ) полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады (ҚР ЭК 351 бабы) Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату мердігерлік компаниялармен жүзеге асырылады.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ары қарай - ЭЭЖҚ) барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатқызылады.

      Шиелі ауданында тұрғындардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу қарастырылмаған, ЭЭЖҚ жинауға арналған арнайы контейнерлер жоқ.

      Тұрғындардан түзілетін ЭЭЖ қалдықтары тұрғындардың аулаларында жинақталады, жалпы ағынмен бірге үйінділерге келіп түседі.

      ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін беру жүзеге асырылмайды

      Аудан басшылығында ЭЭЖҚ жинау және кәдеге жарату көлемі туралы ешқандай ақпараттар жоқ.

      Құрамында сынабы бар қалдықтар

      ҚР ЭК 351 бабына сәйкес, құрамында сынабы бар қалдықтар полигон қабылдауға болмайтын қалдықтар, сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарату бойынша мамандандырылған компанияларға берілуі керек. Сол үшін тұтынушылық қасиетін жойған, құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар секілді ҚСБ қалдықтарды жинау ұйымдастырылуы керек.

      Шиелі ауданы тұрғындарынан құрамында сынабы бар шамдар мен приборларды жинау үшін 74 арнайы контейнерлер орнатылған.

      ҚР 2012 жылдың 13-қаңтарындағы "Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы" №541-IV Заңына сәйкес, республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

      Шиелі ауданында ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын бөлек жинау қарастырылмаған. Олар басқа қалдықтармен бірге жалпы үйінділерге жіберіледі.

      Экологиялық заңнаманың талаптары бойынша, жергілікті атқарушы органдар ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жеке тұлғалар өз бетінше шығаруға мүмкіндігі бар арнайы алаңдарды ұйымдастыруы керек, бірақ бұл жүзеге асырылмауда. Осыған ұқсас жерлер Шиелі ауданында жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың алдында ірі көлемді жәәне құрылыс қалдықтарын жинауғв арналған алаңдарды құру міндеті және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау міндеті тұр.

      Тамақ қалдықтары

      Ауданда тамақ қалдықтарын бөлек жинау қарастырылмаған. Жеке тұрғын секторлардағы әрбір үй шаруашылығында төрт түлік, үй жануарлары бар, оларды тамақ, өсімдік пен бау-бақша қалдықтарымен тамақтандырады.

      Шиелі ауылындағы жайлы жабдықталған үйлерден тамақ қалдықтары басқа қалдықтармен араласа отырып, контейнерге шығарылады және полигонға жіберіледі.

1.5 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау

      "Шиелі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" КММ мәліметтері бойынша, қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға жұмсалған шығындар мынадай: 2021 жылы – 89 750,0 мың теңге, 2022 жылы – 37 676,8 мың теңге; 2023 жылы – 82 821,6 мың теңге. 2024 жылы – 89 427,0 мың теңге жоспарланған (7-кесте).

      7-кесте - Шиелі ауданының қалдықтарды басқару саласындағы іс-шараларға жұмсалған шығындар /шығыстар

Атауы

Нақты шығындар, мың теңге

2021

2022

2023

Қалдықтарды басқару саласындағы іс-шараларға жұмсалған шығындар

89 750,0

37 676,8

82 821,6

      Қалдықтарды басқарудың жай-күйін талдау көрсеткендей, Шиелі ауданында қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесі тек Шиелі ауылының әкімшілік орталығында ғана қалыптасқан.

      Қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртуды талап етеді. Жаңа контейнерлерді, қоқыс шығаратын көліктерді сатып алу керек, санитарлық талаптарға жауап беретін контейнерлік алаңдарды, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинайтын арнайы орындарды, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастыру, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. ұйымдастыру керек. Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті жергілікті бюджетте алдын-ала қарастырылуы керек.

1.6 2025-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау

      Қызылорда облысының даму жоспарына сәйкес, Шиелі ауданында жаңа кәсіпорындарды құру, тұрғындардың табысы мен экономикалық көрсеткіштердің өсуі жоспарлануда, сонымен қатар, ТҚҚ жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесімен қамтылған тұрғындар санының артуы болжамдануда, бұл өз кезегінде кәсіпорындар мен тұрғындардан жиналатын қалдықтар санының артуын көрсетеді.

      Осы факторларды ескере отырып, 2028 жылға дейінгі коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемінің болжамы жасалынды. ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайды. 

      8-кестеде 2028 жылға дейінгі қалдықтардың түзілу болжамы келтірілген.

      8-кесте - 2028 жылға дейін Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтардың түзілу болжамы

Атауы

Түзілген қалдықтардың нақты саны (ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша)

 
ТҚҚ түзілуінің жоспарланатын саны

Жылдар

2020

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

ТҚҚ түзілуі, тоннамен

2090

2300

2400

2520

2646

2778

2917

3 063

3 216

      Есептеулер 2022 жылдан кейін әр жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттыру арқылы есептелген.

      Түзілген қалдықтардың санының артуы "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді: 2030 жылға дейін қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40% -ға дейін, ТҚҚ санитарлық сақтауды 95%-ға дейін арттыру, тұрғындардан қалдықтарды шығару үлесін 100%-ға дейін жабу арқылы қалдықтарды кәдеге жарату.

1.7 Коммуналдық қалдықтарды басқарудағы ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар

      Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау көрсеткендей, қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесі жаңғыртуды талап етеді. Коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және қайта өңдеудің қажетті инфрақұрылымы әлсіз дамыған.

      Осы бағдарлама шеңберінде экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешені әзірленді. Келесі мәселелік сұрақтарды шешу қажет:

      -коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер санының жеткіліксіздігі;

      -ТҚҚ араластырып жинау үшін орнатылған контейнерлердің тозуы;

      -қайталама ресурстарды бөлек жинауға арналған контейнерлер санының жеткіліксіздігі;

      -ауылдық тұрғын пункттерде контейнерлерік алаңдардың болмауы;

      -контейнерлік алаңдардың бекітілген экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкессіздігі;

      -ауылдық округтерде мамандандырылған кәсіпорындармен қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесінің болмауы;

      -ТҚҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желілердің болмауы;

      - ТҚҚ тасымалдауға арналған (қоқыс таситын көліктер) инфрақұрылымның ауылдық тұрғын пункттерде болмауы;

      -тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды (ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;

      -санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес ТҚҚ полигондарының болмауы;

      -қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

1.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау

      Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау үшін, жүйенің жай-күйіне SWOT- талдау жүргізілді және күшті және әлсіз тұстары анықталып, мүмкіндіктері мен қатерлері қарастырылды (9-кесте).

      9-кесте. Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1 1. Отандық және шетелдік тәжірибеде қалдықтарды тиімді басқару жүйесінің тексерілген үлгілері құрылды.
2. Құрылыстық, санитарлық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондарының құрылысын жоспарлау.
3. Қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді сатып алуды жоспарлау.
4. Нарық потенциалды инвесторлар мен қаржыландырудың жеке көздері үшін ашық болып табылады.

1. 1. Ауылдық округтерде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесінің болмауы.
2. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың болмауы..
3. 3. Қалдықтарды бөлек жинаудың төменгі деңгейі
4. 4. ТҚҚ полигондары экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келмеуі.
5. 5. Сұрыптаусыз және алдын-ала өңдеусіз қалдықтардың полигондарға көмілуі.
6. Апатты үйінділердің түзілуі.
7. 3. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатері

1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
2. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату көлемінің артуы.
3. Экологиялық заңнама нормаларымен сәйкестендіріп, қалдықтарды көму полигондарының құрылысы.
4. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарында ТҚҚ сұрыптауды ұйымдастыру.
5. Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарылату.
6. Қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін инвесторларды тарту.
7. Қайталама шикізаттың әртүрлі түрлерімен жұмыс жасауға арналған заманауи ЕҚЖТ бар болуы.

1. Түзілетін қалдықтардың көлемінің артуы.
2. Қалдықтар жинақталған зоналардағы сыни экологиялық жағдайлардың пайда болуы. 3. Үйінді орналасқан зоналардағы атмосфера, топырақ, су ресурстарының ластануы.
4. Рұқсат етілмеген үйінділер санының артуы.

      Қалдықтарды басқару жүйесінің SWOT- талдауы көрсеткендей, Шиелі ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін шешу керек.

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2.1 Мақсаты және міндеттері

      Бағдарлама мақсаты: Шиелі ауданы аумағында заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

      Бағдарлама міндеттері:

      1. Қалдықтарды басқарумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды жаңғырту.

      2. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру.

      3. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.

      4. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді ұйымдастыру. ТҚҚ полигондарын экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға сәйкестендіру.

      5. ТҚҚ апатты үйінділерін жою

      6. Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласында тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

2.2 Мақсаттық көрсеткіштер

      Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға өту тұжырымдамасының" (ҚР стратегиялық құжаты) талаптарына, сонымен қатар, Шиелі ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы және Қызылорда облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары болып табылады.

      Мақсаттық көрсеткіштер Шиелі ауданының коммуналдық қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және көму жүйесін жетілдіруге бағытталған (10-кесте).

      Таблица 10 - Шиелі ауданындағы қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және көму үдерістерін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер (2025-2029жж).

р\н

Мақсаттық көрсеткіштер атауы

Мақсаттық көрсеткіштер мәндері

Ағымдық жағдай (2020-2022)

2025

2026

Ағымдық жағдай (2020-2022)

1.

ТҚҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесімен тұрғындардың қамтылуы %

42,4

60

85

100

2.

Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру:
- фракциялар бойынша, %
- қалдықтардың жеке қауіпті түрлері бойынша (медициналық және сынабы бар, электрондық және тұрмыстық) %

10

25

27

75

3.

ТҚҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесімен тұрғындардың қамтылуы %

8,8

11,5

13

50

4.

Үйінділерді жою, бірлікпен

0

1

1

1

5.

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигон құрылысы, бірлікпен

0

0

1

1

6.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің, соның ішінде бөлек жинауды қоса алғанда ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату %

0

100

100

100

      Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" өту тұжырымдамасына сәйкес бекітілген.

      Қалдықтарды бөлек жинауды ендіру бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қызылорда облысының 2023-2027 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштеріне сәйкес бекітілген.

      ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі, қалдықтарды бөлек жинауды ендіру бойынша мақсаттық көрсеткіштер Шиелі ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының мақсаттық индикаторларына сәйкес бекітілген.

3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР

3.1 Қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жаңғырту

      Қалдықтарды басқару жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту болып табылады.

      Мұны экологиялық заңнама да талап етеді. 365 бабқа сәйкес, (10т) ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік-жеке әріптестікті қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою бойынша қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қажетті инфрақұрылымды құру және қалыптастыруы керек.

      Қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымды құру немесе жаңғырту мәселелерін шешу облыстағы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары шеңберінде жеке инвестицияларды тарту арқылы жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі мүмкін (ҚР ЭК 29 бап). Қалдықтарды басқару саласындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары келесі бөлімдерді қамтуы керек:

      қалдықтардың кез-келген түрлерін, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру, пайдалану және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттардың, цех пен өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды иелену мен пайдалану: қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму бойынша қалдықтардың кез-келген түрлерін қоймалауға арналған полигондар; қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты дайын өнім немесе шикізатты алу бойынша (байыту қалдықтарын қайта өңдеу, үстірт және негізгі жыныстарды, күл-қождарды, металлургиялық шлактарды, техногенді минералдық түзілімдерді қайта өңдеу).

      Қазіргі уақытта қолданыстағы құжат Қызылорда облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары болып табылады. Шиелі ауданында қоқыс шығаратын көліктер, қалдықтарды бөлек жинау, ТҚҚ араластырып жинауға арналған контейнерлерді сатып алу саны бойынша нақты сандар көрсетілмеген. Шиелі ауылында полигон салу жоспарланған.

      Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында тұрғындардан қалдықтарды шығаруды 100% қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер бекітілген. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, келесі шараларды орындау қажет:

      - Шиелі ауданының тұрғын пункттерінің барлығында коммуналдық қалдықтарды араластырып жинауға арналған контейнерлердің қажетті санын сатып алу және орнату;

      - қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және орнату;

      - контейнерлік алаңдармен контейнерлерді санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға келтіру;

      - коммуналдық қалдықтарды жинау және шығаруға арналған мамандандырылған көлікті сатып алу;

      - конкурс (тендер) жүргізу арқылы коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтау;

      - ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қоймалауға арналған алаңдарды ұйымдастыру;

      - ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтерді уақытылы қайта қарау;

      - іс-әрекет нәтижесінде қалдық түзілетін және ТҚҚ жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланған жағдайда конкурс (тендер) нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен анықталған ТҚҚ тасымалдайтын мамандандырылған ұйымдармен келісім-шартқа міндетті отыру қажеттілігі туралы заңды және жеке тұлғалармен ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлікті сатып алу

      Шиелі ауданында қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру мақсатында ең алдымен, коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру қажет. Бұл міндетті жергілікті атқарушы органдар шешуі керек, олар осы үдерісті толығымен бақылап, сәйкес қаржыландыруды жергілікті бюджеттен бөлуді қарастыру керек.

      Әрбір тұрғын пунктте қалдықтарды араластырып жинауға арналған контейнерлер және қалдықтардың "құрғақ" фракцияларын бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылуы керек.

      Жергілікті атқарушы органдар конкурс негізінде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтау және оларды пайдалану үшін сенімді басқаруға беру керек.

      Сатып алынуы қажет контейнерлер санын есептеу Шиелі ауданындағы қалдықтардың түзілу нормасына (1 тұрғынға жылына 0,75 м3) және 1,1 м3 көлеміндегі 1 контейнер деп есептегендегі тұрғындар (85 966 адам (әр тұрғын пункт бойынша)) санына сәйкес есептеледі – Қосымша 1.

      Шиелі ауданында қалдықтардың "құрғақ" және "ылғалды" фракциялары үшін 1456 контейнерді сатып алу және орнату керек.

      Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді (ҚР ЭК 365 бабы (5т). ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.

      1 қоқыс таситын көліктің сыйымдылығы 20-22 м3. "ӨРЛЕУ KZ" ЖШС иелігіндегі техникаларға тағы да қосымша 3 көлік сатып алу керек. Сатып алынған көлік құралдары ТҚҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысатын және конкурстан (тендер) өткен компанияларға сенімді басқаруға беріледі.

      Шиелі ауылында мекемелердің, ұйымдардың, аурханалардың, мектептердің және басқа да әлеуметтік нысандардың көп болуынан коммуналдық қалдықтарды жинау күн сайын немесе үш күннің ішінде (ауа температурасы мен жыл мезгіліне тәуелсіз) жүргізіледі, мұнда "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық ережелердің 58-бабының талаптарын ескере отырып, 0оС және одан төмен температура жағдайында контейнерде қалдықтарды сақтау мерзімдері үш күннен артық емес, плюстік температурада – бір тәуліктен артық сақтамау талаптары сақталуы керек.

      Ауылдық тұрғын пункттерде, контейнер орнатылған жеке секторлардағы коммуналдық қалдықтарды жинау үшін ТҚҚ шығару кестесін құрып және оны бекіту керек (мысалы, күн сайын немесе аптасына бір рет).

      Шиелі ауданында коммуналдық қалдықтарды шығарудың алдын-ала жасалынған кестесі:

      1) Шиелі ауылынан коммуналдық қалдықтарды шығару күн сайын немесе үш күннің ішінде жүзеге асырылады;

      2) ауылдық округтерден – апта сайын 1 реттік шығару.

      3) шалғайдағы тұрғын пункттерден және адам саны аз ауылдардан айына бір рет. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдарды құру қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

      Ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтар бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, санитарлық нормалар мен ережелерге сүйене отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген кестеге сәйкес жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана қоқыстарды көше бойына шығару.

      Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

      Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күн сайын) есеп жүргізу керек.

      Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру

      Есептеулер (1-қосымша) көрсеткендей, Шиелі ауданында 27 алаңға қоса 728 контейнерлік алаңдарды орнату қажет.

      Орнатылған контейнерлік алаңдар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы керек ("Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"):

      - алаң аумағының алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;

      - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;

      - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;

      - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.

      Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдық жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқа да бунақденелілерге қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.

      Осы талаптарға жаңа контейнерлік алаңдарда жауап беруі тиіс.

      Жергілікті атқарушы органдармен ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыруға арналған орындарды анықтау

      ҚР заңнамасына сәйкес, құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды шығаруды мамандандырылған компания қамтамасыз етеді, соның ішінде тұтынушының өтініші бойынша немесе тұтынушының жинақтайтын алаңдарға өз бетімен жеткізген жағдайда.

      Жергілікті атқарушы органдар алаңдардың орналасу орындарын анықтау керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызмет көрсететін келісімде көрсетілуі керек. Қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 19-тармағына сәйкес (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №482 Бұйрығы), ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек.

      Ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған арнайы алаңдарда коммуналдық қалдықтар құрамына кіретін өзінің тұтынушылық қасиетін жойған, тұтынушылық тауарлар мен қораптарды пайдаланғаннан кейінгі қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыруға тиым салынады.

      Шиелі ауылының жергілікті атқарушы органдары және ауылдық округтер тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинау үшін арнайы орындарды ұйымдастыруы керек. Оларды ТҚҚ полигонына жақын жерге орналастыруға болады.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру

      Коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және тасымалдау жүйесі жинау және тасымалдау бойынша инфрақұрылымның жеке нысандарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылуы керек.

      Жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) негізінде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, осы компаниямен бірге ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметіне ақы төлеу жүйесін ендіруді және тарифтерді уақытылы қайта қарастыруды жүзеге асыру қажет.

      Конкурс (тендер) жүргізу арқылы ТҚҚ жинаумен және тасымалдаумен айналысатын компанияларды анықтау

      Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (ҚР ЭК 367б) жергілікті атқарушы органдар ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау үшін тікелей конкурс (тендер) жүргізу арқылы ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастырады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:

      - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);

      - экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша 38110 "Қауіпті емес қалдықтарды жинау", 38210 "Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою" жөніндегі сынып тармағының бар болуы;

      - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;

      - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

      - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;

      - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен "қалдықтарды қабылдауға" арналған шарты болуы тиіс.

      Жергілікті атқарушы органдар конкурстық (тендерлік) негізде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, олармен келісім-шартқа отыруы керек, ол келісім-шартта ауданның тұрғын пункттерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібін, кестесін және шартын бекітуі керек. Мүмкіндігінше, коммуналдық қалдықтарды басқаруға ұзақ мерзімдік келісімдерге отырған дұрыс (кемі 5 жыл). Бұл ТҚҚ жинайтын және шығаратын субъектілерге жеке қаражаттарын компанияның дамуына салуына мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімдік келісімге отыру арқылы компаниялардың іс-әрекеттерінің нәтижелерін бақылауға, жұмыс нәтижелерін көруге және бағалауға мүмкіндік береді.

      Қазіргі уақытта Шиелі ауданында ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша бірегей компания "Өрлеу-KZ" ЖШС, бұл компанияға Сасқұм полигоны сенімді басқаруға берілген. "Өрлеу-KZ" ЖШС экономикалық іс-әрекет түрлерінің жалпылама жіктеуіші бойынша 38110 "Қауіпсіз қалдықтарды жинау" ішкі класына сәйкес келеді.

      Қалдықтарды тасымалдауға келісім-шартқа 2 733 жеке тұлғалар және 133 заңды тұлғалар отырды.

      Қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтеріне төлем жинауды ұйымдастыру

      ТҚҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру барысында тұрғындар аудандағы бекітілген тариф бойынша осы қызметті тендер (конкурс) арқылы ұтып алған мамандандырылған компанияларға төлем төлеу керек. Қалдықтарды жинаумен шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялар келісімге отыру арқылы көрсетілген қызметтерге төлем жинау жүйесін әзірлеп ұйымдастыруы керек.

      Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне жүйелі ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет. Осы мақсатта компанияның сайтында жариялық ұсыныс келісім-шартын тіркеуі қажет. Ары қарай осы келісімнің шарттары негізінде мамандандырылған компания өкілдері төлем туралы түбіртекті әр үй иесіне көрсету арқылы төлемдерді жинауы немесе төлем қабылдау нүктелерін ұйымдастыруы мүмкін.

      ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау

      Тұрғын пункттердегі қалдықтар санының артуымен байланысты, экономикалық негізделген тарифтер тұрғын-коммуналдық қызмет көрсету деңгейін соның ішінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, жинау және кәдеге жарату секілді қызмет түрлерін де жоспарлау мен болжамдаудың негізі болып табылады.

      Тарифті есептеу негізі "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесі" болып табылады, осыған сәйкес, тарифті есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, яғни калькуляция баптары бойынша топтастырылған, ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарыққа қатысушылардың нақты және\немесе нормативті шығындарын көрсетеді.

      Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

      Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.

      Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан-жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.

      2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген. Шиелі ауданында әр 2 жыл сайын тарифті қайта қарастыру қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесін жақсартуға және мамандандырылған компаниялардың іс-әрекеттерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға жағдай жасайды.

3. 2 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру

      Қалдықтарды бөлек жинау - ҚР Экологиялық Кодексінің міндетті талаптары болып табылады.

      Қалдықтарды бөлек жинау – бұл ары қарай оларды мамандандырылған басқаруды оңтайландыру мақсатында түрлері немесе топтары бойынша қалдықтарды бөлек жинау деп түсіндіріледі.

      Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі "Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы)" құжатында нақтыланған.

      Экологиялық заңдылыққа сәйкес (ҚР ЭК 321 б) қалдықтарды бөлек жинау келесі фракциялар бойынша жүзеге асырылады:

      1) құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас, араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұратын "ылғалды" фракция

      2) қағаз, картон, металл, пластика және шыныдан тұратын "құрғақ" фракция.

      В Шиелийском районе система раздельного сбора отходов развита слабо, только для сбора пластика и РСО и не во всех населенных пунктах.

      Ауданда осы жүйені ұйымдастыру және жұмыс істеуі үшін келесі шаралар қажет:

      - контейнерлік алаңдар салынатын барлық тұрғын пункттерде ТҚҚ бөлек жинау үшін контейнерлерді сатып алу және орнату. Әрбір контейнерлік алаңдарға бөлек жинауға арналған 2 контейнерден жалпы барлығы 838 контейнер орнатылатын болады. 150 контейнер бар екенін ескерсек, онда тағы да 688 контейнер сатып алынуы керек.

      - құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру;

      - қоғамдық орындарда (сауда нүктелері, пошта бөлімдері, әкімшілік ғимараттар және басқалары) қауіпті тұрмыстық қалдықтарды (батарейкалар, электронды және электрлік жабдық қалдықтары, медициналық қалдықтар) жинайтын стационарлық пункттерін құру;

      Қалдықтардың "құрғақ" фракцияларын жинау қалдықтарды қабылдаудың стационарлы және мобилді пункттерін, соның ішінде қалдықтарды қабылдаудың автоматты құрылғыларын ұйымдастыру жолымен жүзеге асады.

      - органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қордаландыру жолын қоса алғанда қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

      -жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

      -контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

      -контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

      Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

      Одан басқа, мамандандырылған компанияларда ары қарай қалпына келтіру үшін фракциялар бойынша жинақталған қалдықтарды бөлек шығаруды қамтамасыз ету керек.

      Құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды бөлек жинауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру

      ҚР ЭК 365 бабына сәйкес қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек.

      Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарынан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

      –тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      – –кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      – тұрғындар үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 Бұйрығы)).

      Басты назар жергілікті атқарушы органдардың қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы және контейнерлердің осы мақсатқа сәйкес орнатылғандығы туралы тұрғындармен ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.

      Электрондық және электрлік жабдықтар

      ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтарды басқа қалдықтармен немесе қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен, заттармен немесе материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдау қажет және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша инфрақұрылымның дамуына жауапты болады.

      Басты міндет электрондық жәәне электрлік жабдық қалдықтарын (ЭЭЖҚ) бөлек жинауды ендіру болып табылады.

      Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

      - батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін.

      - қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.

      - қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.

      Қазіргі таңда Шиелі ауданында ЭЭЖҚ қабылдау пункттері жоқ, ЭЭЖҚ жинау бойынша арнайы контейнерлер орнатылмаған.

      Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

      ҚР ЭК 365 бабына сәйкес, іс-әрекет түріне тәуелсіз заңды тұлғаларда түзілетін құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтар бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) берілуі керек.

      Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

      Органикалық қалдықтар бұл өмірлік цикл шеңберінде табиғи жолмен ыдырайтын барлық заттар, яғни өсімдік және жануарлар қалдықтары жеңіл түрде биологиялық жолмен ыдырайды. Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабының талаптары: жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Жергілікті атқарушы органдар энергия немесе өнім өндіру мақсатында пайдалану және (немесе) биогаз өндіру, қордаландыру, рециклинг бойынша шараларды қоса алғандағы, биологиялық ыдырайтын қалдықтарды қысқарту бойынша шараларды ұйымдастыру қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.

      Қордаландыру — пайдалы өнім – компост алу үшін органикалық шикізаттың табиғи жолмен ыдырау үдерісін жылдамдататын (әртүрлі әдістер көмегімен) технология. Компостау маңызы жағынан, қалдықтардың жедел түрде, бақылану арқылы ыдырауы, нәтижесінде биорганикалық өнім алынады. Компост сыртынан қарағанда қарапайым жерге ұқсас және әртүрлі салада пайдаланылуы мүмкін.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Компосттық қондырғыларды Шиелі ауданының полигондарында да орнатуға болады. Түзілген компост ауыл шаруашылығы қажеттіліктері және қалдықтарды уақытша сақтау орындарын қайта қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Қордаландырғыш қондырғыларды Шиелі ауданының полигондарына орналастыруды қарастыруға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.

      Мекемелер мен ұйымдарда (мысалы, мектеп, ауруханаларда) биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

      Жергілікті атқарушы органдардың міндеті заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында қордаландыруды қолдану туралы ақпараттық (хабарламалық) жұмыстарды жүргізу болып табылады.

3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру

      Шиелі ауданында шыны ыдыстарын, пластикалық бөтелкелерді және басқаларды қабылдауды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қоспағанда, коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесі әлсіз дамыған.

      Қазіргі уақытта ТҚҚ жинау, шығару, қалдықтарды қысқарту, қайталама шикізатты қайта өңдеу үлесін құру және жоғарылату бойынша іс-шаралар жоспары мен бағдарламалар әзірленді. Осы мақсаттарға аудандық бюджеттен 1 млн теңге бөлінді және мемлекеттік тапсырыс бойынша теңдер жарияланды. Жұмыстар 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында жұмыстар жүргізілді.

      Одан басқа, Қызылорда облысында шыны ыдыстарын, пластик қалдықтарын, картонды бұйымдарды сұрыптаумен айналысатын, қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату саласындағы іс-әрекеттерді орындайтын 18 кәсіпкерлік субъектілері бар және резеңке түйіршіктерін ("SmartRubber"ЖШС), қағаз өнімдерін ("Қызылорда Кағазы"ЖШС), шлакты блоктарды ("Досмуратов" ДК), тағамдық қалдықтардан жануарларға жем-қорды ("СНГ СТРОЙ" ЖШС), картонды қалдықтардан эковаттарды ("Алима" ДК) және басқаларды өндіретін компаниялар бар.

      Жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды сол орындарында қайта өңдеуді ұйымдастыру және дамыту мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында өздерінің іс-әрекетін жүзеге асыратын жергілікті бизнес қауымдастықтың өкілдерімен және барлық кәсіпорындармен тығыз байланыста болуы керек.

      Жергілікті кәсіпкерлерді "Экоқолдау" автоматтық жүйесінің іске қосылғандығы туралы ақпараттандыру қажет. "Экоқолдау" мақсаты өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелеріне кіретін қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау болып табылады. Мұндай механизм қалдықтарды басқару саласындағы бизнес- үдерістерді жеңілдетеді, ауданның экологиялық жағдайына оң әсерін береді.

3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      Экологиялық заңнамаға сәйкес, коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға жауап беретін арнайы жабдықталған орындарда – ТҚҚ полигонында жүзеге асырылуы керек (ҚР ЭК 25б).

      Қазіргі уақытта ҚР ЭТРМ шағын және шалғайдағы тұрғын пункттердегі қолданыстағы қалдықтарды орналастыру орындарын (ТҚҚ полигондары) рәсімдеу бойынша механизм әзірленуде, соның ішінде оларға қойылатын міндетті төменгі экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және құрылыстық талаптар талқыланады (қоршау, өлшеу құралдары, суды қорғау және санитарлық қорғаныш зоналары, дозиметрлік бақылау, зарарсыздандырушы ванна және басқалары).

      ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген:

      ҚР ЭК - 25 бөлім;

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы;

      ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар.

      ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.

      Шиелі ауданында Шиелі ауылындағы 825,3 млн теңге шамасындағы жаңа полигон құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Полигон құрылысы 2025-2026 жылдарға жоспарланған, ары қарай қоқыс сұрыптайтын желі орнатылады.

      Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар "ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ" ҰҚ" АҚ көмегімен апатты түзілген үйінділерге тұрақты түрде бақылау жүргізіп, оларды жою және олардың қайтадан түзілуінің алдын-алу бойынша ақпараттық кампанияларды жүргізуі керек.

3.5 Қалдықтарды басқару саласындағы тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату

      Тұтыну қалдықтарымен жұмыс жасауды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды тұрғындардың қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Қалдықтармен экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жұмыс істеуді жүзеге асыруды қиындататын себептердің бірі қалдықтармен жұмыс жасау мәселелері бойынша Шиелі ауданы тұрғындарының ақпараттануының төменгі деңгейі болып табылады.

      Осыған байланысты, Шиелі ауданының жергілікті атқарушы органдары тұрғындармен қалдықтармен жұмыс жасау мәселелері бойынша ақпараттық- ағартушылық жұмыстарды жүргізу керек, мұндай мәселе экологиялық заңнамаларда да қарастырылған.

      Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы №508 Бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.

      Одан басқа, қалдықтардың түзілуін бақылауды қатаңдату, азаматтардың хабардарлығын жоғарылату үшін, қалдықтармен жұмыс жасау жайлы тұрғындар арасында толық бағытталған ағартушылық іс-әрекеттерді жүргізу қажет.

      Тұрғындарды қалдықтармен сауатты жұмыс істеуге үйрету үшін қалдықтардың теріс әсерлерінен туындайтын қоршаған ортадағы мәселелерге тұрғындардың қызығушылығын оятатын қалдықтармен жұмыс істеудің экологиялық және экономикалық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, парақшаларды, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару, тарату.

      Маңызды назар қалдықтарды бөлек жинау мәселелері бойынша соның ішінде қатты коммуналдық қалдықтарды бөлек жинаудың экологиялық және экономикалық нәтижелері туралы, оларды жүзеге асыру тәртібі туралы тұрғындар арасында түсіндірмелі жұмыстарды ұйымдастыруға аударылады.

      Жергілікті атқарушы органдар мамандандырылған компаниялардың тұрғындардан киім, тұрмыстық техниканы, заттарды, батареяларды және т.б. қабылдау, оқу орындарынан макулатураны жаппай жинау конкурстарын, акцияларын тұрғындар арасында жүргізуіне бастамашыл етуі керек.

      Шиелі ауданының жергілікті атқарушы органдарының маңызды іс-әрекеттерінің бірі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).

      Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.

      Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

      - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;

      - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;

      - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;

      - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;

      - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;

      - жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар).

      Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:

      - бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

      - Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;

      - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;

      - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;

      - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;

      - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;

      - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;

      -мектеп оқушыларын Шиелі ауылындағы ТҚҚ полигонымен таныстыру;

      - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

      Шиелі ауданының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:

      - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;

      - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;

      - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;

      - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;

      - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.

      ҚР ЭК 29-бабына сәйкес, Ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда (ҚР ЭК 29 бабы). Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

      Осы бағдарламаны жүзеге асыруға алдын-ала қаржылық шығындар 777 214 757 теңгені құрайды (2-қосымшада шығындардың жекелей бөлінуі көрсетілген). Оның ішінде 335 000 000 теңге Қызылорда облысының 2024-2028 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарының шеңберінде облыстық бюджеттен қарастырылған.

      Шиелі ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Қызылорда облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралароспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).

      ҚР ЭК 4 қосымшасына сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу шараларына жататындар:

      - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;

      - екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;

      - қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;

      - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.

5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Жоспарда осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар жүйесі ұсынылған (2-қосымша). Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойынша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған.

      Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.

      Егер мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.

      Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - "Шиелі ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КМБ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Шиелі ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша Қызылорда облысының атқарушы органдарымен өзара байланысады;

      3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;

      4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;

      5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларына түзетулерді жүзеге асырады;

      6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;

      7) Шиелі ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

      Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша бағдарламаның жүзеге асуын бақылау іс-шаралар жоспарының орындалу мониторингі негізінде коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

      Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау мониторинг негізінде жүзеге асырылады, яғни ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар тұрақты түрде бақыланады. Мониторинг үздіксіз жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады.

      Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Шиелі ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.

7. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ

      Осы бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі мақсаты Шиелі ауданының тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін алдын-ала қарастырады және қалдықтармен қоршаған ортаның ластануын алдын-алу мақсатында әзірленеді.

      Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:

      - қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.

      Қалдықтарды бөлек жинау енгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады, құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды жинауға арналған алаңдар анықталады:

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады;

      - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді;

      - коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады;

      - көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылады;

      - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;

      - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.

      Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Шиелі аудандағы тұрғындардың экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.

  1-қосымша

Шиелі ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің қажетті санын алдын-ала есептеу

      Қалдықтардың түзілуінің бекітілген нормасы – 0,75 м3 бір адамға жылына.

      Ұсынылатын контейнер көлемі- - 1.1 м3

      Қалдықтарды шығарудың ұсынылатын сызбасы:

      1.Шиелі ауылынан күн сайынғы шығару;

      2.Қалған ауылдық тұрғын пункттерден апта сайынғы шығару.

Ауылдық тұрғын пункт атауы

Тұрғын саны, адам

Ауылдағы түзілуі, м3/жылына

Ауылдағы түзілуі, м3/күніне

Ауылдағы түзілу, м3/аптасына

Күн сайын шығарған жағдайда "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға қажетті контейнерлер саны

Күн сайын шығарған жағдайда қажетті контейнерлік алаңдар саны

Апта сайын шығарған жағдайда "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларға қажетті контейнерлер саны

Апта сайын шығарған жағдайда қажетті контейнерлік алаңдар саны

Шиелі

36474

27355,5

74,9

524,6

136

68



Ақмая

2557

1917,8

5,3

36,8

10

5

68

34

Қосарық

104

78,0

0,2

1,5

2

1

4

2

Досбол би

1164

873,0

2,4

16,7

2

1

30

15

Алмалы

1518

1138,5

3,1

21,8

2

1

40

20

Тоғайлы

72

54,0

0,1

1,0

2

1

2

1

20 бекет

4

3,0

0,0

0,1

2

1

2

1

21 бекет

511

383,3

1,1

7,4

2

1

14

7

Бәйгеқұм

2368

1776,0

4,9

34,1

9

4

62

31

Бестам

2057

1542,8

4,2

29,6

8

4

54

27

Бидайкөл

4407

3305,3

9,1

63,4

2

1

116

58

Ақтам

35

26,3

0,1

0,5

2

1

2

1

22 бекет

108

81,0

0,2

1,6

2

1

4

2

Байсын

1090

817,5

2,2

15,7

4

2

30

15

Еңбекші

1596

1197,0

3,3

23,0

6

3

42

21

Қосүйеңкі

239

179,3

0,5

3,4

1

0

6

3

Жиделіарық

1017

762,8

2,1

14,6

2

1

28

14

Жөлек

1501

1125,8

3,1

21,6

6

3

40

20

Жуантөбе

155

116,3

0,3

2,2

4

2

4

2

Алғабас

3648

2736,0

7,5

52,5

14

7

96

48

Ы.Жақаев

3687

2765,3

7,6

53,0

2

1

96

48

Жансейіт

456

342,0

0,9

6,6

2

1

12

6

Н.Бекежанов

2968

2226,0

6,1

42,7

11

6

78

39

Бұланбай бауы

1230

922,5

2,5

17,7

2

1

32

16

Майлытоғай

736

552,0

1,5

10,6

3

1

20

10

Сұлутөбе

1795

1346,3

3,7

25,8

4

2

48

24

1 Мамыр

634

475,5

1,3

9,1

2

1

18

9

Жаназар батыр

571

428,3

1,2

8,2

2

1

16

8

16 бекет


0,0

0,0

0,0

4

2

0

0

Тұрсынбай датқа

1019

764,3

2,1

14,7

8

4

28

14

Бала би

3655

2741,3

7,5

52,6

2

1

96

48

Тартоғай

1792

1344,0

3,7

25,8

7

3

48

24

Кірпіш зауыт

300

225,0

0,6

4,3

2

1

8

4

18 бекет

5

3,8

0,0

0,1

6

3

2

1

Ферма 2

113

84,8

0,2

1,6

2

1

4

2

Ә.Тәжібаев

1552

1164,0

3,2

22,3

2

1

42

21

Ш.Қодаманов

3412

2559,0

7,0

49,1

4

2

90

45

Ортақшыл

1230

922,5

2,5

17,7

5

2

32

16

Қызылқайың

186

139,5

0,4

2,7

2

1

6

3

БАРЛЫҒЫ



176,6

1236

284

142

1320

660

  2-қосымша

Шиелі ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспары

р\н

Шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қажетті шығынар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Мақсаты – экологиялық заңнама талаптарына сәйкес Арал ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды тиімді басқаруды ұйымдастыру

1-міндет. Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті инфрақұрылымды құру

1.1

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін 3 даналы мамандандырылған көлікті сатып алу

Қабылдау және өткізу актісі

2025-2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

120 000 000

Жергілікті бюджет

1.2

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету кестесі, шарты мен тәртібі бекітілген келісімдерге қол қою арқылы ТҚҚ жинайтын және тасымалдайтын компанияларды анықтау үшін конкурс (тендер) өткізу

Келісім

2025-2026

Аудан әкімдігі


Талап етілмейді

1.3

Тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды шығару кестесін құру және келісу

кесте

2025-2026

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері мамандандырылған компаниялар


Талап етілмейді

1.4

ТҚҚ морфологиялық құрамын анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.5

ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді және қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қайта қарастыру

Аудандық мәслихат шешімі

2025, 2027

Аудан әкімдігі

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.6

ТҚҚ жинау және тасымалдау қызметтеріне бекітілген тарифтер бойынша ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардан төлем жинау жүйесін ұйымдастыру

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2029

ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған компаниялар


Талап етілмейді

1.7

ТҚҚ жинауға, сұрыптауға, тасымалдауға және көмуге арналған тарифтерді экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау

Аудандық мәслихат шешімі

2025, 2027

Аудан әкімдігі

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.8

Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған алаңдарды анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі

4 000 000

Жергілікті бюджет

1.9

Аудан әкімдігінің сайтына ҚББ жүктеу

Сайтқа ҚББ жүктеу

2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.10

ҚББ жүзеге асыру мониторингі

Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік

Жылына 2 рет

Аудан әкімдігі

-


2-міндет. Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру

2.1

Барлық орнатылған контейнерлік алаңдарда ТҚҚ "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларына арналған контейнерлерді сатып алу және орнату

Қабылдау-өткізу актісі

2025
2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

80 068 150
80 068 150

Жергілікті бюджет

2.2

Контейнерлік алаңдарды орнату (728 бірл.)

Қабылдау-өткізу актісі

2025
2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

72 789 228
72 789 228

Жергілікті бюджет

2.3

Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру

Келісім-шарт

2025-2029

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жеке инвестициялар

2.4

Органикалық қалдықтарды компостау арқылы қайта қалпына келтіруді ұйымдастыру

Есептілік

2025-2026

ЖАО; ҮЕҰ

-

Жеке инвестициялар

3-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

3.1

Ауданда қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастыру мақсатында жергілікті бизнес-қауымдастықпен жұмыстарды жүргізу

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

3.2

Қызылорда облысындағы қалдықтарды қалпына келтірумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу жөнінде келісім-шартқа отыру арқылы өзара байланысу.

Аудан әкімдігіне ақпарат

2025-2026

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көму бойынша шаралар қабылдау. Экологиялық ,құрылыстық және санитарлық талаптарға ТҚҚ полигондарды сәйкестендіру

4.1

Шиелі ауылындағы экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондарының құрылысы.

Пайдалануға енгізу актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі

335 000 000

Республикалық бюджет,
Жергілікті бюджет

5-міндет. Апатты үйінділерді жою

5.1

Үйінділерді жою және орнын қалпына келтіру

Орындалған жұмыстардың актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі

Сомасы белгіленуде

Жергілікті бюджет

6-міндет. Тұрғындардың қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

6.1

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурс жүргізу

ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы келісім-шарт

2025
2026
2029

Аудан әкімдігі

1 500 000
1 500 000
1 500 000

Жергілікті бюджет

6.2

ТҚҚ басқару бойынша тұрғындардың хабардарлығын және экологиялық мәдениетін жоғарылату: ақпараттық кампаниялар, ақпараттық материалдар мен видеороликтер әзірлеу, тұрғындармен кездесу жүргізу, сенбіліктер, мектеп оқушылары арасындағы еріктілік клубтарды құру, жергілікті БАҚ жарияланымдар және т.б.

Орындалған жұмыстардың актісі

2025-2026

ҮЕҰ

-

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

6.3

Тұрғындардағы киім, зат, тұрмыстық техника, батареяны мамандандырылған кәсіпорындардың қабылдауы, оқу білімдері арасында макулатураны жаппай жинау үшін конкурстар, акциялар жүргізу

Есептілік

Тоқсанда 1 рет

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жергілікті бюджет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады