"Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Шешім 26.11.2025 №442, Жаңақорған ауданының мәслихаты

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 5 тармағына және "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. "Жаңақорған ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2025 жылғы 27 маусымдағы № 372 Жаңақорған ауданы мәслихаты шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғ.Жарқынбек

  Жаңақорған ауданы мәслихатының
2025 жылғы 26 қарашадағы
№ 442 шешімімен бекітілген

Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;

      2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын тұлға;

      3) бағалаушы тұлға – Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) немесе Жаңақорған ауданы мәслихаты аппаратының басшысы (бұдан әрі – аппарат басшысы);

      5) бағаланатын тұлға – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін тұлға;

      6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын тұлғалардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды тұлғалардың кездесулері;

      7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.

      Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген жағдайда Жаңақорған ауданы мәслихатының (бұдан әрі - аппарат) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау аппараттың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі.

      Бағалауды бағалаушы тұлға болмаған жағдайда, оны алмастырушы тұлға жүргізеді.

      Іссапарға жіберілген тұлғаларды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі.

      4. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

      Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.

      5. Егер бағаланатын тұлға бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі лауазымға тағайындалған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.

      Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.

      6. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 4-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

      8. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді (соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) міндеттерін атқару жүктелген тұлға (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етеді.

      9. Бағаланатын тұлға өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.

      Жұмыстан босатылған тұлғаларды бағалау нәтижелерімен таныстыру есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      10. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғаға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      11. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      12. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.

      13. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.

      14. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі тұлғалар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметі қарастырады.

      15. Персоналды басқару қызметі:

      1) коммуникациялық хабарламаларды дайындауды, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеуді;

      2) қажет болған жағдайда кездесулерге бағалаушы мен бағаланатын тұлғалардың қатысуын, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесуді;

      3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізуді;

      4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберуді, қажетті есептік жазбаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

2-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі

      16. Аппарат басшысын бағалау мәслихат төағасымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау аппарат басшысымен осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Өзге тұлғаларды бағалау аппарат басшысымен осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      17. Бағалаушы тұлғаға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Бағалаушы тұлғамен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады.

3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      18. Мәслихат төрағасы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды қабылдайды және оның құрамын бекітеді.

      Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.

      Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін тұлға, сондай-ақ оны бағалаған тұлға кірмейді.

      Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы тұлғалар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын тұлғаны қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметі кіреді.

      19. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 10-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      20. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.

      21. Калибрлеу сессиясында бағалаушы тұлға бағаланатын тұлғаның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді.

      Бағаланатын тұлға калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы.

      Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы тұлғаның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

      Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін.

      Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      22. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы тұлға бағаланатын тұлғамен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады.

      Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу;

      машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу;

      қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау.

      Бағалаушы тұлға кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

  Жаңақорған ауданы мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың Әдістемесіне
1-қосымша
  Нысан

      Басшы лауазымды атқаратын адамның бағалау парағы
(Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)
____________________________________________________________________
(Бағаланатын кезең)
____________________________________________________________________
(Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)
____________________________________________________________________
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі –
бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды
ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз
уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0-ден* 5 баллға дейін)

Түсініктеме
(қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету



Есепке алынады:
- жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау;
- осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету



Есепке алынады:
- орындаудың жеделдігі;
- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары



Есепке алынады:
- команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу;
- мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу;
- жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі;
- белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу;
- ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу;
- осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы



Есепке алынады:
- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі.
Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе:
Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.
* Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________________________________
(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті
түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады,
функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады.
Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
Қолы ________________
(электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)
Күні _________________

  Жаңақорған ауданы мәслихаты
аппаратының "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың Әдістемесіне
2-қосымша
  Нысан

Басшы лауазымды атқармайтын адамның бағалау парағы

      (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)
____________________________________________________________________
(Бағаланатын кезең)
____________________________________________________________________
(Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)
____________________________________________________________________
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі -
бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды
ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.
Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз
уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0*-ден 5 баллға дейін)

Түсініктеме
(қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1.Функционалдық міндеттерді орындау сапасы



Осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесіне сәйкес өзге де кемшіліктердің болмауы.

2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау



Есепке алынады:
- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

3. Дербестік және бастамашылдық



Есепке алынады:
- қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы;
- жетекшілік ететін қызмет саласын жақсартуға бағытталған тәсілдерді, ұсыныстарды пысықтаудағы бастамашылдық;
- жетекшілік ететін міндеттерді шешуге қатысу және белсенділігі;
- осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

4. Еңбек тәртібін сақтау



Есепке алынады:
- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі.
Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе:
Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын
параметрлер санына бөлу керек.
* Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.
Бағалау нәтижесі: ______________________________________________________
(функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті
түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады,
функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады).
Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.
Қолы ________________
(электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)
Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады