"2025 – 2027 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 36-7 шешімі

      Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2025 –2027 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-9 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 112 826 мың теңге, оның ішінде:

      cалықтық түсімдер – 6 050 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 0;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 350 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 106 426 мың теңге;

      2) шығындар – 113 725,7 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -899,7 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 899,7 мың теңге;

      қарыздар түсімі – 0;

      қарыздарды өтеу – 0;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 899,7 мың теңге.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық мәслихатының төрағасы У.Елеусинов

  Жалағаш аудандық мәслихатының
2025 жылғы 25 қарашадағы
№ 36-7 шешіміне қосымша
  Жалағаш аудандық мәслихатының
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 28-9 шешіміне 1-қосымша

2025 жылға арналған Еңбек ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы,
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы





Кірістер

112826

1



Салықтық түсiмдер

6050


1


Табыс салығы

3130



2

Жеке табыс салығы

3130


04


Меншiкке салынатын салықтар

2920



1

Мүлiкке салынатын салықтар

130



3

Жер салығы

30



4

Көлiк кұралдарына салынатын салық

2730



5

Біріңғай жер салығы

30

2



Салықтық емес түсiмдер

0


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

0



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

0

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

350


03


Жердi және материалдық емес активтердi сату

350



1

Жерді сату

350

4



Трансферттердің түсімдері

106426


02


Мемлекеттік басқарудың жоғарғы тұрған органдарынан түсетін трансферттер

106426



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

106426

Функционалдық топ

Сомасы,
мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




Атауы




Шығындар

113725,7

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

59275,7


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

59275,7



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

59275,7

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

7535


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

7535



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

3370



009

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

2679



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1486

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттык кеңістік

44982


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

44982



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

44982

12



Көлік және коммуникация

0


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0



045

Аудандык маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

0

13



Басқалар

1933


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1933



040

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

1933




Бюджет тапшылығы (профициті)

-899,7




Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

899,7

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

899,7


1


Бюджет қаражатының бос қалдықтары

899,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады