"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
| Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы "26" тамыз № 165 қаулысына қосымша |
2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Коды | Атауы | 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі | Оқу жылына 1 студентті күндізгі оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (теңге) | |
Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары | ||||
1. | 7R09 | Денсаулық сақтау (медицина) | 20 | 1 939,9 | 1 811,3 |
