Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 13/125 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 9 шілдедегі № 36/369 шешімі

      Аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы "Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" № 13/125 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген), аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) және Қарағанды облысы Осакаров ауданы Мирный ауылдық округінің Мирный ауылы көшелері тұрғындарының жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай – Мирный ауылы).".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады