2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 120/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді) аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. "Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "25" желтоқсандағы
№ 120/01 қаулысына
қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Қызметтің атауы

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

69570,88

3312,90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады