"Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 89/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2030 жылдың 12 қыркүйекке дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Родников ауылдық округі және Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 1205,089 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

      2. "Copper Union Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

      3. "Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "30" қыркүйектегі
№89/02
қаулысына қосымша

Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 2845-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

№№

Кадастрлық нөмір

Участкенің орналасқан жері

Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га

1.

09-137-039

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі

187,2990

2.

09-137-039-039

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, "Жумабаев Т.А." фермер қожалығы

178,394

3.

09-137-039-062

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, "Яковлева" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

178,571

4.

09-137-039-087

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, "Карасу" шаруа қожалығы

16,103

5.

09-137-037-008

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Ильяс-2050" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

178,394

6.

09-137-037-006

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Салтанат" шаруа қожалығы

245,0

7.

09-137-037-069

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Салтанат" шаруа қожалығы

142,849

8.

09-137-037-103

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, "Asia track еngineering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

78,479


БАРЛЫҒЫ


1205,089


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады