Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына және Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 26 "Қарағанды облысы бойынша дауыс беруге арналған учаскелердің бірыңғай нөмірленуін белгілеу туралы" шешіміне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

      Қарқаралы ауданының

      аумақтық сайлау

      комиссиясымен

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қарқаралы ауданының әкімінің
2025 жылғы 14 шілдедегі № 3
шешіміне қосымша

Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелері

№ 465 Орман-тоғай сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарқаралы қаласы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы №44 тірек мектеп (ресурстық орталық) жанындағы интернаты" коммуналдык мемлекеттік мекемесі, Мәди көшесі, 1 үй;

      шекарасы: Ж.Ақбаев, А.Байтұрсынов, Сеңкібай батыр, М.Бекметов, Қ.Қуанышбаев, Мәди, М.Мамыраев, П.Теряев көшелерінің тұрғын үйлері, "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының психонервологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Сосновый бор" орамы, "Тасбұлақ" орамы, "Кооператор" демалыс базасы, "Қарму" демалыс базасы, "Жас Дәурен" орамы, "Кендара" орамы, "Аюшат" кардоны, "Тасбұлақ" орамы, "Александров бұлағы" кардоны, "Ескі тәлімбағы" кардоны, "Кендара сағасы" кардоны, "Шаңкөз" кардоны үйлері, "Нөкіш" қыстағы;

№ 466 Орталық сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарқаралы қаласы, "Шолпан Жандарбека атындағы Қарқаралы қаласының Мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Т. Әубәкіров көшесі, 38 үй;

      шекарасы: М.Әуезов, Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Т.Әубәкіров көшелерінің тұрғын үйлері (№137 ден №159-ға дейінгі үйлерді қоспағанда);

№ 467 Жәнібеков сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарқаралы қаласы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәнібеков көшесі, 38 үй;

      шекарасы: Құнанбай Қажы, А.Қосыбаев, Жәнібеков, Асылбеков, К. Сатыбалдин, Ғ.Игенсартов, Т.Әубәкіров (133Б, 135В, 135Г, 137-ден 159-ға дейінгі үйлер) көшелерінің тұрғын үйлері;

№ 468 Техникум сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарқаралы қаласы, "Балалар және жас өспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, В.Рей көшесі, 50 үй;

      шекарасы: Жанақ ақын, В. Рей, Абай, 78 Коммунар, көшелерінің тұрғын үйлері, "Шахтер" демалыс базасы, "Турбаза" демалыс базасы, "Каскад" демалыс базасы, "Оян-аға" демалыс базасы, "Кімасар" кардоны, "Қызылтас" кардоны, "Линда" кардоны, "Пашенное" кардоны, "Жауыртоғай" кардоны, "Шолақдара" кардоны, "Шоқпартас" кардоны, "Ақтопырақ" кардоны, "Барс" демалыс базасы, "Политехник" орамы, "Қарқаралы ауданының аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, "Жемчужина" демалыс үйі, "Қаратоқа" кардоны, "Романтик" демалыс базасы, "Суық бұлақ" кардон, "Бидайык" қыстағы;

№ 469 Металлург сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарағайлы кенті, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қарағайлы кентінің № 16 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 19-орам, 20А үй;

      шекарасы: № 18, № 19, № 21, № 22, № 23, № 26, № 27 орамдарының тұрғын үйлері, А.Ыбраев, Қ.Сәтпаев, Өнеркәсіп, Талды, Н.Әбдіров көшелерінің тұрғын үйлері;

№ 470 Мектеп сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарағайлы кенті, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қарағайлы кентінің № 17 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ә.Бокейханов көшесі, 46 үй;

      шекарасы: 13 орамның тұрғын үйлері, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, А.Машанов, Абай, Атақоныс, Б.Момышұлы, Ж.Жүнісов, Қ.Аманжолов, Крайняя, Н.Төлеубаев, Набережная, Кенді өлке, Центральная, көшелерінің тұрғын үйлері;

№ 471 Ақтерек сайлау учаскесі:

      орталығы: Ақтерек ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Ақтерек ауылының Ахмет Байтұрсынов атындағы № 26 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мектеп көшесі, 20 үй;

      шекарасы: Заречная, Мектеп, Новая, Школьная көшелерінің тұрғын үйлері, кардон "Бидайық", кардон Найза, Ақтерек ауылына қарасты қыстақтар;

№ 472 Егіндібұлақ сайлау учаскесі:

      орталығы: Егіндібұлақ ауылы, "Егіндібұлақ ауылының мәдени-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Мәди көшесі, 14 үй;

      шекарасы: Абай, Байжұманов, Балқантау, Ғ.Айтбаев, Дара, Ж.Елебеков, Қ.Есжанов, Қазыбек Би, Мәди, Н.Әбішев, Н.Нұрмақов, О.Жәкешов, С.Киров, Совет, Тәттімбет, Х.Ақаев, Х.Ахметов, Ю.Гагарин көшелерінің тұрғын үйлері және Егіндібұлақ ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 473 Абай сайлау учаскесі:

      орталығы: Айнабұлақ ауылы, Абай ауылының клубы, Тәттімбет көшесі, 15/1 үй;

      шекарасы: Абай, Айнабұлақ, Достар, М.Әуезов, Мендеке батыр, Мошеке би, О.Сұлейменов, С.Бегалин, Т.Әубәкіров, Тәттімбет, Теміртау, Тың игеру, Ырғыз көшелерінің тұрғын үйлері және Айнабұлақ ауылына қарасты қыстақтар;

№ 474 Мыржық сайлау учаскесі:

      орталығы: Мыржық ауылы, Мыржық көшесі, 50 үй, бұрыңғы мектеп ғимараты;

      шекарасы: Мыржық ауылының тұрғын үйлері және Мыржық ауылына қарасты қыстақтар;

№ 475 Ақжол сайлау учаскесі:

      орталығы: Ақжол ауылы, Ақжол ауылының клубы, Мамыраев көшесі, 16 үй;

      шекарасы: Г.Омаров, К.Қуанышбаев, М.Толыбаев, М.Мамыраев, Н.Қабдыкәрімов, Р.Қойшыбаев, Т.Әубәкіров, Ынтымақ көшелерінің тұрғын үйлері, 9 разъезд тұрғын үйлері және Ақжол ауылына қарасты қыстақтар;

№ 476 Жаңанегіз сайлау учаскесі:

      орталығы: Жаңанегіз ауылы, Жаңанегіз көшесі, 16 үй, 2 пәтер, жеке үй;

      шекарасы: Жаңанегіз ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Жаңанегіз ауылына қарасты қыстақтар;

№ 477 Қ. Аманжолов сайлау учаскесі:

      орталығы: Талды ауылы, Талды ауылының клубы, Жамалиден көшесі, 12 үй;

      шекарасы: Жамалиден, Жеңіс, Қ.Аманжолов, Кент, Мәди, Талды көшелерінің тұрғын үйлері, "Болпан", "Жалған" кардондары және Талды ауылына қарасты қыстақтар;

№ 478 Ақбай-Қызылбай сайлау учаскесі:

      орталығы: Ақбай-Қызылбай ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Ақбай-Қызылбай ауылының № 24 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ақбай–Қызылбай көшесі, 52 үй;

      шекарасы: Ақбай-Қызылбай ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Ақбай-Қызылбай ауылына қарасты қыстақтар;

№ 479 Белдеутас сайлау учаскесі:

      орталығы: Белдеутас ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Белдеутас ауылының № 52 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Белдеутас көшесі, 11 үй;

      шекарасы: Белдеутас ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Белдеутас ауылына қарасты қыстақтар;

№ 480 Ақтайлақ сайлау учаскесі:

      орталығы: Сарыобалы ауылы, Сарыобалы ауылының клубы, Сарыобалы көшесі, 43 үй;

      шекарасы: Сарыобалы ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Сарыобалы ауылына қарасты қыстақтар;

№ 481 Аққора сайлау учаскесі:

      орталығы: Аққора ауылы, Аққора көшесі, 2 үй, 1 пәтер, жеке үй;

      шекарасы: Аққора ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Аққора ауылына қарасты қыстақтар;

№ 482 Ақтасты сайлау учаскесі:

      орталығы: Ақтасты ауылы, Ақтасты ауылының клубы, Қазыбек би көшесі, 19 үй;

      шекарасы: Абай, Айтбаев, Бөгенбай, Елебеков, Қазыбек би, Мәди, Нұрмақов, Т.Әубәкіров, Тәттімбет көшелерінің тұрғын үйлері, Шілдебай ауылының тұрғын үйлері және Тәттімбет ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 483 Балқантау сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ ауылының клубы, Қазақстан көшесі, 7 үй

      шекарасы: Абай, Б.Момышұлы, Достық, Жамбыл, Жастар, Жеңіс, Қ.Аманжолов, Қазақстан, Қарабиік, Н.Әбдіров, Нұрмақов, Сейфуллин көшелерінің тұрғын үйлері және Қарабұлақ ауылына қарасты қыстақтар;

№ 484 Айнабұлақ сайлау учаскесі:

      орталығы: Айнабұлақ ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Айнабұлақ ауылының № 38 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Айнабұлақ көшесі, 31 үй;

      шекарасы: Айнабұлақ ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Айнабұлақ ауылына қарасты қыстақтар;

№ 485 Жаңақұрылыс сайлау учаскесі:

      орталығы: Бақты ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Бақты ауылының жалпы білім беретін № 21 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тәуелсіздік көшесі, 17 үй;

      шекарасы: А.Омарбайұлы, Д.Байғұлыұлы, Ж.Арқаркөзұлы, Мәди, С.Қалпақұлы, Тәуелсіздік, Ш.Мезгілбайұлы көшелерінің тұрғын үйлері, Шолаққайың ауылының тұрғын үйлері және Бақты ауылына қарасты қыстақтар;

№ 486 Абыз сайлау учаскесі:

      орталығы: Абыз ауылы, Абыз ауылының клубы, Абыз көшесі, 4 үй;

      шекарасы: Абыз ауылының тұрғын үйлері және Абыз ауылына қарасты қыстақтар;

№ 487 Бесоба сайлау учаскесі:

      орталығы: Бесоба ауылы, Бесоба ауылының клубы, К.Әбдірасыл көшесі, 27 үй;

      шекарасы: К.Әбдірасыл, К.Сатыбалдин, Көрпебаев, О.Күлтабаров, Р.Дүйсенбаев көшелерінің тұрғын үйлері, Қарашоқы ауылының тұрғын үйлері және Бесоба ауылына қарасты қыстақтар;

№ 488 Қызылту сайлау учаскесі:

      орталығы: Қызылту ауылы, Қызылту ауылының клубы, Қызылту көшесі, 20А үй;

      шекарасы: Қызылту ауылының тұрғын үйлері және Қызылту ауылына қарасты қыстақтар;

№ 489 Жаңатоған сайлау учаскесі:

      орталығы: Жаңатоған ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Жаңатоған ауылының жалпы білім беретін № 14 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ұшқын көшесі, 39 үй;

      шекарасы: Бейбітшілік, Жаңақоныс, Ұшқын көшелерінің тұрғын үйлері және Жаңатоған ауылына қарасты қыстақтар;

№ 490 Ежебай сайлау учаскесі:

      орталығы: Ежебай ауылы, Ежебай көшесі, 14 үй, 2 пәтер, жеке үй;

      шекарасы: Ежебай ауылының тұрғын үйлері және Ежебай ауылына қарасты қыстақтар;

№ 491 Нұркен сайлау учаскесі:

      орталығы: Жарлы ауылы, Жарлы ауылының клубы, Машанов көшесі, 35 үй;

      шекарасы: Атамекен, Жарлы, Машанов, Мектеп, Н.Әбдіров, Сары арқа көшелерінің тұрғын үйлері, Ақшоқы бөлімшесінің тұрғын үйлері, Жекежал бөлімшесінің тұрғын үйлері және Нұркен Әбдіров ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 492 Аппаз сайлау учаскесі:

      орталығы: Аппаз ауылы, Аппаз ауылының клубы, Сейілхан көшесі, 10 үй;

      шекарасы: А.Азиев, Абай, Қ.Аманжолов, К.Сейілхан, Угар көшелерінің тұрғын үйлері, Жалпақшілік ауылының тұрғын үйлері, Саз ауылының тұрғын үйлері және Аппаз ауылына қарасты қыстақтар;

№ 493 Милыбұлақ сайлау учаскесі:

      орталығы: Милыбұлақ ауылы, Милыбұлақ көшесі, 6/2 үй, жеке үй;

      шекарасы: Милыбұлақ ауылының тұрғын үйлері және Милыбұлақ ауылына қарасты қыстақтар;

№ 494 Қаракөл сайлау учаскесі:

      орталығы: Қаракөл ауылы, Қаракөл ауылының клубы, Тың 25 жылдығы көшесі, 11 үй;

      шекарасы: Тың 25 жылдығы, Қазақстан 60-жыл, Жастар, Комплекс, Құрылысшылар, Саран, Студенческая, Тәттімбет көшелерінің тұрғын үйлері және Қаракөл ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 495 Көктас сайлау учаскесі:

      орталығы: Көктас ауылы, Көктас ауылының клубы, Болашақ көшесі, 29 үй;

      шекарасы: Абай, Болашақ, Жібек жолы, Сарыарқа, Тәуелсіздік көшелерінің тұрғын үйлері және Көктас ауылына қарасты қыстақтар;

№ 496 Жаңажол сайлау учаскесі:

      орталығы: Жаңажол ауылы, № 46 тұрғын үй, 2 пәтер, жеке үй;

      шекарасы: Жаңажол ауылының тұрғын үйлері, Саумалкөл станциясының тұрғын үйлері және Жаңажол ауылына қарасты қыстақтар;

№ 497 Қырғыз сайлау учаскесі:

      орталығы: Бүркітті ауылы, Бүркітті ауылының клубы, Қоңырбаев көшесі, 7 үй;

      шекарасы: Ардагер, Бүркітті, Қоңырбаев, Пионер, Талды, Теряев, Тың көшелерінің тұрғын үйлері, Жәнібек ауылының тұрғын үйлері және Бүркітті ауылына қарасты қыстақтар;

№ 498 Борлыбұлақ сайлау учаскесі:

      орталығы: Борлыбұлақ ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Борлыбұлақ ауылының жалпы білім беретін № 42 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Борлыбұлақ көшесі, 9 үй;

      шекарасы: Борлыбұлақ ауылының тұрғын үйлері, Кент ауылының тұрғын үйлері және Борлыбұлақ ауылына қарасты қыстақтар;

№ 499 Теміржол сайлау учаскесі:

      орталығы: Талды станциясы, теміржол станциясының ғимараты, Талды көшесі, 35 үй;

      шекарасы: Талды станциясының тұрғын үйлері;

№ 500 Қоянды сайлау учаскесі:

      орталығы: Қоянды ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қоянды ауылының жалпы білім беретін № 35 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Алаш көшесі, 12 үй;

      шекарасы: Алаш, Бірлік, Жаңа ауыл, Жәрмеңке, Нұрмақов, Сарыарқа, Талды, Тәттімбет, Тәуелсіздік көшелерінің тұрғын үйлері, Атантай ауылының тұрғын үйлері және Қоянды ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 501 Мәди сайлау учаскесі:

      орталығы: Айрық ауылы, Айрық ауылының клубы, Тәттімбет көшесі, 9 үй;

      шекарасы: А.Әбішев, Құрылыс, Мәди, Тәттімбет көшелерінің тұрғын үйлері және Айрық ауылына қарасты қыстақтар;

№ 502 Едірей сайлау учаскесі:

      орталығы: Едірей ауылы, Едрей көшесі 6 үй, тұрғын үй;

      шекарасы: Едірей ауылының тұрғын үйлері және Едірей ауылына қарасты қыстақтар;

№ 503 Өсібай сайлау учаскесі:

      орталығы: Өсібай ауылы, Өсібай ауылының клубы, Ж.Елебеков көшесі, 6 үй;

      шекарасы: Біржан Сал, Ж.Елебеков, Заречная, Н.Нұрмақов, Озерная көшелерінің тұрғын үйлері, Көлбасы ауылының тұрғын үйлері және Өсібай ауылына қарасты қыстақтар;

№ 504 Бастал сайлау учаскесі:

      орталығы: Бастал ауылы, Бастал ауылының клубы, Бастал көшесі, 26 үй;

      шекарасы: Бастал ауылының тұрғын үйлері және Бастал ауылына қарасты қыстақтар;

№ 505 Тегісшілдік сайлау учаскесі:

      орталығы: Тегісшілдік ауылы, Тегісшілдік ауылының клубы, Т.Әубәкіров көшесі, 7 үй;

      шекарасы: Қаратал, Мәди, Т.Әубәкіров көшелерінің тұрғын үйлері, кардон "Төңкеріс", "Көктөбе", және Тегісшілдік ауылына қарасты қыстақтар;

№ 506 Жарлы сайлау учаскесі:

      орталығы: Жарлы ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Жарлы ауылының жалпы білім беретін № 9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жарлы көшесі, 29 үй;

      шекарасы: Жарлы ауылы көшелерінің тұрғын үйлері, "Жаңабет" кардоны және Жарлы ауылына қарасты қыстақтар;

№ 507 Қарынши сайлау учаскесі:

      орталығы: Қарынши ауылы, Қарынши көшесі 21 үй, тұрғын үй;

      шекарасы: Қарынши ауылы көшелерінің тұрғын үйлері және Қарынши ауылына қарасты қыстақтар;

№ 508 Татан сайлау учаскесі:

      орталығы: Татан ауылы, Татан ауылының мәдениет үйі, Орталық көшесі, 14 үй;

      шекарасы: Қ.Аманжолов, Керегежал, Мектеп, Мереке, Орталық, Студенческая, Татан, Темірші көшелерінің тұрғын үйлері және Татан ауылына қарасты қыстақтар;

№ 509 Қараағаш сайлау учаскесі:

      орталығы: Қараағаш ауылы, Қараағаш ауылының клубы, Құрлыс көшесі 16/2 үй;

      шекарасы: Қараағаш ауылының тұрғын үйлері, Айнабұлақ ауылының тұрғын үйлері және Қараағаш ауылына қарасты қыстақтар;

№ 510 Томар сайлау учаскесі:

      орталығы: Томар ауылы, Томар ауылының клубы, Томар көшесі, 10А үй;

      шекарасы: Абай, Ақбосаға, Б.Бекбаев, Бәсимбеков, Достық, Қ.Аманжолов, Кулькин, М.Әуезов, М.Рыскулов, Мәди, Томар көшелерінің тұрғын үйлері және Томар ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 511 Угар сайлау учаскесі:

      орталығы: Матақ ауылы, Матақ ауылының клубы, Мәдениет көшесі, 3А үй;

      шекарасы: Бейбітшілік, Наурыз, Тәуелсіздік, Желтоқсан, Матақ батыр, Қазақ елі, Мәдениет, көшелерінің тұрғын үйлері, "Жосалы" шипажайы, 6 разъезд және Угар ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 512 Ынталы сайлау учаскесі:

      орталығы: Ынталы ауылы, Ынталы ауылының клубы, Бейбітшілік көшесі, 13 үй;

      шекарасы: Бейбітшілік, Мектеп, Нұра, Тәуелсіздік көшелерінің тұрғын үйлері, 5 разъезд және Ынталы ауылдық округіне қарасты қыстақтар;

№ 513 Шарықты сайлау учаскесі:

      орталығы: Теректі ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Теректі ауылының жалпы білім беретін № 30 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай көшесі, 26 үй;

      шекарасы: А.Загиева, Абай, Б.Шегебаев, Қазыбек би, Х.Ахметов көшелерінің тұрғын үйлері және Теректі ауылына қарасты қыстақтар;

№ 514 Шөптікөл сайлау учаскесі:

      орталығы: Шөптікөл ауылы, Шөптікөл көшесі, 6 үй, жеке ғимарат;

      шекарасы: Шөптікөл ауылының тұрғын үйлері және Шөптікөл ауылына қарасты қыстақтар;

№ 515 Қызылшілік сайлау учаскесі:

      орталығы: Қызылшілік ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Қызылшілік ауылының № 41 бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылшілік көшесі, 15 үй;

      шекарасы: Қызылшілік ауылының тұрғын үйлері, Айыр ауылының тұрғын үйлері және Қызылшілік ауылына қарасты қыстақтар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады