"Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Жаңаөзен ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту және қызмет көрсету үшін жер учаскесін алып қоймастан 2074 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзіміне Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Жаңаөзен ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,538 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін, шығындар мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (келісім бойынша) тараптардың келісімі бойынша айқындау;
2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М.Сыздыков |