Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 27,6824 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 65,2455 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.
3. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А.Капашев |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 51/02 қаулысына 1-қосымша |
"Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | Искакова Людмила Омуровна | 09-102-040-1518 | 12,4522 |
2 | Қуатбекова Рымкүл Нұрымханқызы | 09-102-040-136 | 0,5074 |
3 | Акбаев Таскын Темиркулович | 09-102-040-1519 | 12,5319 |
4 | Толетаев Амангазы Кабдирахымович | 09-102-040-1524 | 2,1909 |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 51/02 қаулысына 2-қосымша |
"Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | Мергембаев Азанбай Торекулович | 09-102-040-362 | 0,6429 |
2 | Мергембаев Азанбай Торекулович | 09-102-040-1569 | 12,9411 |
3 | Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" комуналдық мемлекеттік мекемесі | 09-102-040-812 | 7,1362 |
4 | Жумабеков Руслан Карибайулы | 09-102-040-1624 | 9,726 |
5 | Түсүпбек Бейбіт Рахманұлы | 09-102-040-1609 | 10,6174 |
6 | Дюсенбеков Базаралы Омиргалинович | 09-102-040-1674 | 8,7178 |
7 | Султанбеков Балкыбек Умитбекулы | 09-102-040-164 | 12,6346 |
8 | Мухажанов Мурат Мусаханулы | 09-102-040-1741 | 2,8295 |