ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекiту туралы" бұйрықтарына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында басшы лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2026 жылы көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |
