ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының Абай ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салықтық кезең үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Абай аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Сакенов |
