ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 726-бабына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданған жағдайда корпоративтік немесе жеке табыс салығының (төлем көзіне салық ұсталатын табыстардан басқа) мөлшерлемесін Балқаш қаласы аумағында салық кезеңі үшін алынған (алынуға тиіс) табыстар бойынша 4%-дан 2%-ға дейін төмендету.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Муслымов |
