Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № ЗТ-2025-03368163 "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін, Балқаш қаласының аумағында орналасқан, ауданы 2,3010 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан жер учаскелерді алып қоймай 2074 жылдың 27 қыркүйекке дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талшықты-оптикалық байланыс желісін кабельді оржолсыз тарту әдісімен жүргізсін (келісім бойынша).
3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
