Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға келесі мөлшерде сараланатын тариф белгіленсін:
1) Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 100 (жүз) теңге;
2) Жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде - 200 ( екі жүз) теңге.
2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №27/01 "Балқаш қаласының аумағында қалалық қатынаста жолаушылар мен багажды қалалық және қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6433-09 тіркелген) қаулысы күшін жойды деп танылсын.;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Р. Сыздыков |
