Теміртау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 36/4 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726 бабына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы ставкасының мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Мәслихат төрағасы А.Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады