Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 7 қазандағы № 34/4 шешімі

      Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 13/4 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7- тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "8) Республика күні - 25 қазан:

      амбулаторлық емделудегі туберкулезбен ауыратын адамдарға - 5 айлық есептік көрсеткіш;

      бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан оң сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар - 15 (он бес) мың теңге;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А.Ломакин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады