"Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдықжұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы"

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 66/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін интернет-ресурстарда орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына жауапты ретінде Қарағанды қаласы әкімінің энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарлары айқындалсын.

      4. "Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы" осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М.Кожухов

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "22 "қыркүйектегі
№ 66/02 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және олар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Ұйымдардың атауы

1

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

"Теплотранзит Караганда" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

"Қарағанды Су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

3

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

"Қарағандыэнерго саласы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты "ШахтҰр" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

5

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты "Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

6

Аумақты тазалау және жинау; бұталарды кесу; ағаш отырғызу, әктеу; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; көгалды, шөпті шабу; абаттандыру жұмыстары.

Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты "Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады