"Қарағанды облысы Қарағанды қаласының және Бұқар жырау ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 169 Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 70/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 348 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарағанды облысы Қарағанды қаласының және Бұқар жырау ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы" бірлескен 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 169 Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев
      Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Н. Кобжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады