"Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың амбулаториялық емдеу кезінде қосымша ұсыну туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 307 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың амбулаториялық емдеу кезінде қосымша ұсыну туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2025 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 307__ шешіміне қосымша
  Қарағанды облыстық мәслихатының
2021 жылғы 25 ақпандағы №34
шешіміне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде қосымша ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:

      1) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;

      2) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;

      3) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;

      4) "Метилпреднизолон" дәрілік заты - "Жүйелік склеродерма" диагнозында;

      5) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;

      6) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;

      7) дәрілік зат - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;

      8) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      9) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;

      10) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозы кезінде;

      11) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;

      12) "Мацитентан" дәрілік заты - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      13) "Кладрибин" дәрілік заты - "Шашыраңқы склероз" диагнозында;

      14) "Секукинумаб", Гуселькумаб дәрілік заттары - "Псориаз" диагнозында;

      15) "Этеплирсен", "Голодирсен", "Касимерсен" дәрілік заттары – "Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы" диагнозында;

      16) "Секукинумаб" дәрілік заты - "Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)" диагнозында;

      17) "Ритуксимаб" дәрілік заты - "Оптикалық спектрдің невромиелит аурулары" диагнозында;

      18) "Омализумаб" дәрілік заты - "Бронхиалды астма" диагнозында;

      19) "Селуметиниб" дәрілік заты - "Нейрофиброматоз" диагнозында;

      20) "Велаглюцераза альфа" дәрілік заты - "Болезнь Гоше" диагнозында;

      21) "Буросумаб" дәрілік заты - "Фосфор алмасуының бұзылуы" диагнозында;

      22) "Ланаделумаб", "С1 эстераза тежегіші" дәрілік заттар - "Бастапқы иммундық тапшылық. Комплемент жүйесіндегі ақау" диагнозында;

      23) "Адам иммуноглобулині" дәрілік заты - "Басқа да қабынбалы полинейропатиялар" диагнозында.

      2. Амбулаториялық емдеу кезінде медициналық бұйымдар келесі диагнозбен тегін:

      медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "Буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады