Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары, қызметшілері, өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының үлгілік нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 522-н/қ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметшілері санының үлгілік нормативтері;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналдары санының үлгілік нормативтері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 522-н/қ бұйрығына
1-қосымша

Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметшілері санының үлгілік нормативтері

1-тарау. Жалпы бөлім

      1. Осы Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары, мамандары мен қызметшілері санының үлгілік нормативтері (бұдан әрі – Үлгілік нормативтер) мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларының, мамандарының және қызметшілерінің санын айқындауға, жоспарлауға және негіздеуге арналған.

      2. Үлгілік нормативтер мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым) басшыларының, мамандарының және қызметшілерінің қажетті санын көздейді және оны мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар қолданады.

      3. Үлгілік нормативтер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1036 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12736 болып тіркелген) бекітілген Қызметтің барлық саласы үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормативтер мен нормаларды белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №553 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22003 болып тіркелген) бекітілген Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес көрсетілген қызметшілер лауазымдарының атауы.

      5. Сан нормативтері шегінде Ұйымның бірінші басшысы бұл санды олардың нақты құрамын, оларға бекітілген функцияларды, жабдықтар мен құрылғыларды ескере отырып, өзінің құрылымдық бөлімшелеріне бөледі.

      6. Көрсеткіштердің (факторлардың) мәні зерттелетін кезеңдегі қаржылық-статистикалық және өзге де есептілікке сәйкес олардың нақты мәндері бойынша айқындалады.

      7. Үлгілік нормативтерді персонал санын ескере отырып белгілейді:

      дайындық-қорытынды жұмысқа, демалысқа, жеке қажеттіліктерге және жұмыс орнына қызмет көрсетуге уақыт жұмсау:

      Нун.=Тжу. х (1+(Тжо.+Тдқ.+Тджқ.)/100),

      мұндағы:

      Нун. – уақыт нормасы;

      Тжу. – жедел уақыт;

      Тжо. – жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, жедел уақытына пайызбен;

      Тдқ. – дайындық-қорытынды уақыты, жедел уақытына пайызбен;

      Тджқ. – демалыс және жеке қажеттіліктер үзілістерінің уақыты, жедел уақытына пайызбен;

      әрбір жұмыс түрі үшін пайдалы жұмыс уақыты қоры.

      8. Сан нормативтері жұмыс уақытының неғұрлым толық және ұтымды пайдаланылуын ескере отырып, 40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының жылдық нормасы ішінде жұмыскерлер орындайтын жұмыс көлеміне белгіленеді.

      9. Жұмыскерлердің нормативтік саны (Н) мынадай формула бойынша есептеледі:

      Н = Тс/Бn,

      мұндағы

      Н – жұмыскерлердің нормативтік саны, адам;

      Тс – жұмыстың жылдық еңбек сыйымдылығы, адам-сағат;

      Бn – 40 сағаттық жұмыс аптасындағы күнтізбелік жылға арналған жұмыс уақытының балансы, сағат.

      Жұмыстың жылдық еңбек сыйымдылығы Тс мынадай формула бойынша орындалатын жұмыстардың әр түрінің көлемін ескере отырып айқындалады:

      Тс = Нун1 + Нун2+ …. + Нунn

      мұндағы

      Нунi – жұмыстың нақты түрін орындауға арналған уақыт нормасы, сағат;

      Vi – бір жылда орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі, i = 1, 2, ..., n орындалатын жұмыстардың түрлері.

      Орындалған жұмыстардың жылдық көлемі Vi Ұйымның есептік деректеріне сәйкес айқындалады.

      Сан нормативтері экономикалық-математикалық әдістерді пайдалана отырып, орындалатын жұмыстардың барлық түріне есептеледі.

      10. Жұмыскерлердің тізімдік саны (Тс) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тс = Кс х Ка,

      мұндағы:

      Тс – тізімдік саны;

      Кс – келу саны;

      Ка – жұмыскерлердің келу санын тізімдік санға ауыстыру коэффициенті.

      Жұмыскерлердің келу санын тізімдік санға ауыстыру коэффициенті есептеудің тиісті кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына бөлінген жұмыс уақытының номиналды қоры ретінде есептеледі.

      Жұмыскерлердің келу саны – жұмысқа келу күндерінің саны бойынша ескерілетін жұмыскерлер саны. Жұмысшылардың тізімдік санынан айырмашылығы, Ұйымның тізіміне кіре отырып, әртүрлі себептермен жұмысқа шықпаған (сырқаттану бойынша, кезекті демалысқа шығуына байланысты, іссапарларда болуына байланысты) жұмысшылар жоқ.

      11. Сан нормативтері қабылданған факторлардың әртүрлі бекітілген мәндеріне арналған формулалармен (сызықтық және дәрежелік тәуелділік) және кестелермен ұсынылған. Көрсеткіштердің (факторлардың) нақты мәндері бойынша нормативтік санды айқындау үшін кестедегі көршілес факторлардың мәндері арасында интерполяциялау не тәуелділік формуласы бойынша есептеу жүргізу қажет.

      12. Әрбір функция бойынша сан нормативтерінің бөлшек мәні кезінде 0,5 және одан жоғары шамалар бүтін мәнге дейін жұмырланады, 0,5-тен кем – алып тасталады.

      13. Сан нормативтерін әзірлеу кезінде пайдаланылған Ұйым жұмыскерлерінің еңбек шығындарына әсер ететін сипаттаушы факторлар:

      1) мұнай құбырларының ұзындығы, километр;

      2) мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі, миллион тонна;

      3) негізгі қорлардың құны, миллион теңге;

      4) күрделі салымдардың көлемі, миллион теңге;

      5) жүк айналымы, миллион тонна километр;

      6) бизнес-процестер саны, бірлік;

      7) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және тәжірбиелік-өнеркәсіптік сынақ саны, бірлік;

      8) акционерлердің саны, адам;

      9) Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам;

      10) Ұйымның орталық аппараты персоналының тізімдік саны бір жылға, адам;

      11) серіктес елмен мұнай экспорты мен импортының жылдық жиынтық көлемі, миллион тонна;

      12) серіктес елдің аумағындағы қабылдау-тапсыру пункттерінің саны, бірлік.

2-тарау. Еңбекті ұйымдастыру

      14. Ұйым жұмыскерлерінің қызметі жарғымен, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен, жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен, жоғары тұрған басқару органдарының шешімдерімен реттеледі.

      15. Ұйымның құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің функциялары SAP ERP автоматтандырылған жүйесін, "LotusNotes" электрондық құжат айналымын, сондай-ақ жергілікті ақпараттық-есептеу желілерімен өзара байланысты дербес компьютерлер базасында "MicrosoftOutlook" электрондық пошта байланысын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      16. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена талаптарына сәйкес келеді.

      17. Ұйымда мынадай жабдықтар қолданылады:

      компьютерлер және компьютерлік бағдарламалар;

      көшіру-көбейту техникасы;

      серверлік жабдық;

      Ұйымның ішкі процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйелері және өзге де жабдықтар.

      18. Ұйым жұмыскерлері еңбек және демалыс режимін, белгіленген күн тәртібін және жұмыскердің тұрақты жұмыс қабілеттілігі жоғары болған күннің бірінші жартысында ең көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды орындай отырып, барлық міндетті жұмыстарды реттеуді сақтайды.

      19. Жұмыскерлердің жұмыс орындары кеңсе жабдықтары мен еңбек заттарын ыңғайлы орналастыруды қамтамасыз ететін компьютер үстелмен (тіркемесімен) жабдықталады, ал үстел жәшіктерінде – тиісті құжаттар мен кеңсе керек-жарақтарын сақтауды қамтамасыз етеді.

3-тарау. Нормативтік бөлім

      20. "Корпоративтік хатшы қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның корпоративтік хатшысына жүктелген функцияларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;

      Акционерлердің жалпы жиналыстарын және Ұйым Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      Ұйымның Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімді қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: корпоративтік хатшы, маман (бас, жетекші) – заңгер, экономист, аудармашы, іс жүргізуші.

      "Корпоративтік хатшы қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 1-кестеде келтірілген.

      21. "Ішкі аудит қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігін бағалау;

      Ұйымдағы тәуекелдерді бағалау әдіснамасы мен тәуекелдерді басқару рәсімдерін қолданудың толықтығы мен тиімділігін бағалау, Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық келісімдердің, Ұйымның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауды, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқауларын, Ұйым органдарының шешімдерін орындауды бағалау және осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйелерді бағалау;

      Ұйымның стратегиялық мақсаттары шеңберінде олардың алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұйымның құрылымдық бөлімшелері қолданатын шаралардың барабарлығын бағалау;

      корпоративтік басқарудың қабылданған қағидаттарын, Ұйымда тиісті этикалық стандарттар мен құндылықтарды енгізуді және сақтауды бағалау, Ұйымның тиісті органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерге және ішкі бақылауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат алу тиімділігін бағалау, Ұйымның сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындалуына мониторинг жүргізу.

      2) орындаушылар құрамы: қызмет басшысы, аудитор (жетекші) – экономист, бухгалтер, заңгер, инженер.

      "Ішкі аудит қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 2-кестеде келтірілген.

      22. "Еңбек жанжалдарын, дауларды шешуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым жұмыскерлерінің, лауазымды адамдарының Ұйымның Корпоративтік әдеп кодексінің және Ұйымда Бұзушылықтардың туындау тәуекелін басқару жөніндегі саясаттың (бұдан әрі – Саясат) талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      Ұйымның лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлеріне мүдделер қақтығысының алдын алуға және реттеуге жәрдем көрсету;

      Ұйым қызметі шеңберінде мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғаларға Ұйыммен өзара іс-қимыл барысында туындаған этикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ Кодекс пен Саясат ережелерін бұзу фактілері бойынша жәрдем көрсету;

      2) орындаушылар құрамы: омбудсмен.

      "Еңбек жанжалдарын, дауларды шешуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 3-кестеде келтірілген.

      23. "Комплаенс-бақылау функциясын қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның және оның жұмыскерлерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      листингілік компания ретінде Ұйымға қойылатын талаптарды бұза отырып, қызметті жүзеге асырудың ықтимал қатерлерін болғызбау мақсатында ақпаратты, сондай-ақ инсайдерлік ақпаратты ашу бөлігінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Ұйымның реттеуші актілері мен ішкі құжаттарының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, инсайдерлік ақпарат, Ұйымның өз қызметі туралы ақпаратты ашу мәселелері бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасындағы және реттеуші актілердегі өзгерістерге мониторингті жүзеге асыру және Ұйым жұмыскерлерін осындай өзгерістер туралы уақытылы хабардар ету;

      Ұйымның лауазымды тұлғалары мен басқа да жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысын реттеу процесін қамтамасыз ету;

      экономикалық, инвестициялық немесе қаржылық шектеулерді, экспорттық бақылау талаптарын, сауда эмбаргосын немесе Ұйымның қызмет саласына жататын халықаралық ұйымдар және (немесе) мемлекеттер белгілейтін өзге де шектеу шараларын сақтауға бағытталған Ұйымның санкциялық тәуекелдерін басқару процесін ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: басшы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас).

      "Комплаенс-бақылау функциясын қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 4-кестеде келтірілген.

      24. "Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, Ұйым басшылығының және Ұйым Басқармасы мүшелерінің ұсыныстары негізінде Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің жұмыс жоспарын қалыптастыру;

      Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің отырысына құжаттарды қалыптастыруды қамтамасыз ету және оларды Басқарманың барлық мүшелеріне жеткізу;

      Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесі отырыстарының хаттамаларын жүргізу және Ұйымның Басқарма отырыстарының шешімдерін ресімдеу;

      Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің хаттамалық шешімдерінің және Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің бекітілген жұмыс жоспарының бір жылға орындалуын мониторингтеу және бақылауды қамтамасыз ету;

      аппараттық және кеңейтілген кеңестерді дайындауды әрі өткізуді ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: хатшы, Басқарманың атқарушы хатшысы – заңгер, экономист.

      "Ұйым Басқармасы мен Байқау кеңесінің жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 5-кестеде келтірілген.

      25. "Бас директордың хатшылығы" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның қаржылық және шаруашылық қызметін бақылау әрі қаржы-материалдық ресурстардың неғұрлым тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мен олардың шығындарын азайту;

      қаржы-шаруашылық және өзге де материалдық шарттарды уақытылы жасасуды ұйымдастыруға қатысу және шарттық талаптар мен міндеттемелердің тиісті орындалуын бақылау;

      ресурстарды үнемдеу, Ұйымның материалдық ресурстарын экономикалық және тиімді пайдалану, сондай-ақ шикізат, материалдар, айналым қаражаттары мен материалдық құндылықтар қорларының шығынын жетілдіру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

      бас директорға (Басқарма төрағасына) қол қоюға ұсынылған құжаттардың жобаларын түзету және келісу;

      іске асырылуын бақылау кеңесшіге жүктелген хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша бас директорға (Басқарма төрағасына) есептер беру;

      ұсынылған өкілеттіктер шегінде мұнай тасымалдау мәселелері бойынша Ұйым қызметтерін тұтынушылармен, Қазақстан Республикасының және өзге елдердің мұнай тасымалдау компанияларымен келіссөздерге қатысу;

      бас директорға (Басқарма төрағасына) қажетті материалдар мен ақпаратты жинауды жүзеге асыру, талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және басқа да материалдарды дайындау және оларды басшыға ұсыну;

      келіссөздерге, іскерлік кездесулерге, арнайы қабылдауларға қатысу және кездесулер мен келіссөздер барысында және нәтижесінде ресімдейтін хаттамалар мен басқа да құжаттарды жүргізу;

      2) орындаушылар құрамы: бас директордың көмекшісі, бизнес-серіктес, үйлестіруші, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер, заңгер, экономист.

      "Бас директордың хатшылығы" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 6-кестеде келтірілген.

      26. "Бизнес-процестер мен тәуекелдерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      бизнес-процестерді оңтайландыру және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды ұйымдастыру;

      бизнес-процестерді реинжинирингтеу шеңберінде Ұйымның жобаларын басқару;

      бизнес-процестерді оңтайландыру және Ұйым қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын әзірлеу және мониторингтеу, оның бекітілуін қамтамасыз ету;

      Ұйым жобаларын басқару және бизнес-процестерін модельдеу процестерін реттейтін Ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектілендіру, оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және әдіснамалық көмек көрсету;

      тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, басқару және жетілдіру, бизнес-процестердің тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау және мониторингтеу;

      тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

      корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді және жетілдіруді ұйымдастыру;

      ішкі бақылау жүйелерін және тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарларын/бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау;

      тәуекелдердің жай-күйін, тәуекелдер бойынша ең жоғары рұқсат етілген лимиттердің сақталуын және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      Ұйымның тәуекелдеріне әсер ететін сыртқы факторларын қадағалау;

      халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Ұйым көрсететін қызметтердің сапасын арттыру, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында интеграцияланған менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, жұмыс жағдайында ұстап тұру және тұрақты жақсарту жолымен бірыңғай саясат жүргізу;

      Ұйымның интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттарын әзірлеу, келісу, қайта қарау және қайта өңдеу;

      интеграцияланған менеджмент жүйесімен ішкі аудиттерді жоспарлау және жүргізу: интеграцияланған менеджмент жүйесімен бағдарламаларды, аудит графиктерін құрастыру, келісу және бекіту;

      интеграцияланған менеджмент жүйесімен ішкі және сыртқы аудиттердің нәтижелерін талдау;

      интеграцияланған менеджмент жүйесімен сертификаттау және қадағалау аудиттерін жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      интеграцияланған менеджмент жүйесімен сертификаттау және қадағалау аудиттерін жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, инженер, заңгер.

      "Бизнес-процестерді және тәуекелдерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 7-кестеде келтірілген.

      27. "Корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның корпоративтік қауіпсіздігін, оның ішінде физикалық, экономикалық, ақпараттық, кадрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      Ұйымның өндірістік объектілері қауіпсіздігінің жай-күйін талдау; Ұйымның мүліктік/мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету; объектілердің техникалық қауіпсіздік жүйелерін зерттеп-қарау; объектілерді күзетудің инженерлік-техникалық құралдарын енгізуді ұйымдастыру; терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету;

      ISO/IEC 27001 ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандартқа сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; ақпараттық қауіпсіздік аудиттерін ұйымдастыру және жүргізу; ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау; ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін әкімшілендіру және оны сүйемелдеу; ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін басқару;

      экономикалық залал келтірудің алғышарттары мен факторларын анықтауға қатысу; қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу; контрагенттердің сенімділігіне тексеру;

      азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және іс-шараларды үйлестіру; қорғаныс құрылысжайлары мен азаматтық қорғаныс басқармасы пункттерін тұрақты әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;

      қызмет бағыттары бойынша хабардарлықты арттыру.

      2) орындаушылар құрамы: басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (бас, жетекші), ақпаратты қорғау жөніндегі инженер, заңгер, халықаралық құқық.

      "Корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 8-кестеде келтірілген.

      28. "Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның коммуникациялар жоспарын қалыптастыруды, келісуді және бекітуді, сондай-ақ оған түзетулер енгізуді қамтамасыз ету;

      Ұйымның коммуникациялар жоспарының орындалуына мониторингті және бақылауды жүзеге асыру;

      басқарушылық шешімдер қабылдау үшін Ұйымның ақпараттық-коммуникациялық қызметіне талдау жүргізу;

      Ұйымның имиджін қолдауға және нығайтуға бағытталған ақпараттық-пікірталас (брифингтер, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстелдер) пен жарнамалық-имидждік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, баспасөз турларын ұйымдастыру, имидждік бейнероликтер мен фильмдер дайындау, Ұйымның форумдарға, көрмелер мен конференцияларға қатысуын ұйымдастыру;

      Ұйымның интернет-ресурсында жарияланатын мәліметтерді ақпараттық қолдау және жаңарту, оның дизайн тұжырымдамасын әзірлеу;

      Ұйымның әлеуметтік желілердегі ресми парақтарын жүргізу (контент дайындау және модерация);

      Ұйымның мобильді қосымшасының жаңалықтар лентасын жүргізу;

      Ұйымның корпоративтік сәйкестендіру (брендбук) дизайн жүйесін өзектендіру;

      Ұйымның брендбукіне сәйкес Ұйымның корпоративтік сәйкестендіру дизайн жүйесінің элементтерін пайдалануды бақылау;

      Ұйымның имидждік полиграфиялық өнімдерінің мәтіндік мазмұнын қамтамасыз ету: буклеттер, парақшалар, үстел және қабырға күнтізбелері, баннерлер;

      Ұйымның корпоративтік ақпараттық басылымының шығуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас).

      "Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 9-кестеде келтірілген.

      29. "Мұнай тасымалдау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      тұтынушылармен (жүк жөнелтушілермен) мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды және көлік экспедициясы шарттарын жасасуға дайындау және оларды келісу;

      мұнай тасымалдауды және басқа компаниялармен қазақстандық мұнайды тасымалдау және/немесе оны теңіз порттарында ауыстырып тиеу, басқа елдердің аумағы арқылы көліктік-экспедиторлық (экспедициялық) қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасауға дайындау және оларды келісу;

      мұнай тасымалдау мәселелері бойынша Ұйымның, қазақстандық мұнай тасымалдау компанияларының және басқа елдердің қызмет тұтынушыларымен келіссөздерге қатысу;

      тұтынушыларға (жүк жөнелтушілерге) Ұйымның мұнай тасымалдау, көлік экспедициясының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін төлем тапсырмаларын ресімдеу және оларды жолдау, сондай-ақ төлем тапсырмалары мен көрсетілетін қызметтер үшін қойылған шоттардың орындалуын жедел бақылау;

      тұтынушылардан (жүк жөнелтушілерден) Ұйымның ММҚ жүйесі және басқа елдердің құбыр жүйелері арқылы мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттардың түсуін бақылау, оларды жедел өңдеу;

      мұнайды басқа елдердің аумағы арқылы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және тиісті құжат айналымын жүзеге асыру;

      тұтынушылардың мұнайын тасымалдауға маршруттық тапсырмалар шығару;

      Ұйымның магистральдық мұнай құбыры жүйесі және басқа елдердің құбыр жүйелері бойынша мұнайдың көлік ағындарын, сондай-ақ қазақстандық мұнайды тасымалдау және/немесе оны теңіз порттарында ауыстырып тиеу, басқа елдердің аумағы бойынша көліктік-экспедиторлық (экспедициялық) қызмет көрсету жөніндегі көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге бағытталған ақша ағындарын жедел бақылау және үйлестіру;

      соңғы пункттерде тапсыру кезінде мұнай сапасын мониторингтеу;

      Ұйымның магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау графиктерінің, теңіз терминалдары арқылы қазақстандық мұнайды тиеп жөнелту кезінде тоннажды беру және орналастыру графиктерінің орындалуын бақылау;

      мұнай тасымалдау бойынша кіріс ақпаратын өңдеу, жедел хат алмасуды жүргізу, құрылымдық бөлімше құзыретінің құжаттамасын жүйелеу;

      Ұйымның қолданыстағы магистральдық мұнай құбыры жүйесін барынша пайдалана отырып, мұнай тасымалдаудың оңтайлы бағыттарын әзірлеу;

      Ұйымның бизнес-жоспарына одан әрі енгізу үшін Ұйымның магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі мен жүк айналымы бойынша өндірістік көрсеткіштерді есептеу;

      химиялық реактивтерге, зертханалық жабдықтарға және тауарлық-коммерциялық операцияларды жүргізу үшін қажетті материалдарға тауарлық-материалдық қорларды жеткізу жоспарын қалыптастыру шеңберінде мұнай құбыры басқармаларының жылдық өтінімдерін келісу;

      Ұйымда прекурсорларды пайдалануды мониторингтеуі, қатаң бақылауға жататын прекурсорлардың айналымы туралы есепті тоқсан сайын қалыптастыру және уәкілетті мемлекеттік органға беру.

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер, инженер-механик;

      "Мұнай тасымалдау" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 10-кестеде келтірілген.

      30. "Бас диспетчерлік басқарма" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      диспетчерлік бақылау және басқару жүйесі арқылы Серіктестіктің магистральдық мұнай құбырлары жүйесін тікелей басқару;

      магистральдық мұнай құбырларының әрбір учаскесі, құю және ағызу эстакадалары, құю айлақтары, Ұйымның қабылдау-тапсыру пункттері бойынша мұнайды қабылдау, тапсыру, айдау, ауыстырып тиеу, ағызу және құю технологиялық процестеріне жедел басшылық жасау және басқару;

      резервуарлық парктерде, мұнай-газ өндіруші ұйымдарда, мұнай өңдеу зауыттарында мұнай мен бос сыйымдылықтардың болуын мониторингтеу;

      магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылау (бас мұнай айдау станциясы, мұнай айдау станциясы, мұнай қыздыру пункті, мұнай қыздыру станциясы);

      2) орындаушылар құрамы: директор/басшы (орынбасары), диспетчер (бас, аға), диспетчерлік қызмет операторы – инженер-механик, инженер-электрик.

      "Бас диспетчерлік басқарма" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 11-кестеде келтірілген.

      31. "Пайдалануды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      магистральдық мұнай құбырларын, негізгі және қосалқы мақсаттағы өндірістік объектілерді қауіпсіз және сенімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың, жоспарлардың, шарттар мен Ұйым шешімдерінің орындалуын бақылау;

      магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілері жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларының, сондай-ақ жылдың көктемгі су тасқыны және күзгі-қысқы кезеңдерінде Ұйымның өндірістік объектілерін жұмысқа дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарларының жасалуына және орындалуына бақылауды ұйымдастыру;

      магистральдық мұнай құбырларын пайдалануды жақсарту үшін жұмыстар мен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу;

      Ұйымның Өндірістік бағдарламасын қалыптастыру, оның орындалуын бақылау және талдау;

      энергияға, жанар-жағармай материалдарына, отынға, ағымдағы жөндеуге, диагностикалық жұмыстарға, автокөлікке рұқсат беру құжаттарын ұстауға және алуға, технологиялық шығыстарға, авиациялық көрсетілетін қызметтерге, топографиялық түсірілімдерге, іске қосу-баптау жұмыстарына және басқа да іс-шараларға арналған пайдалану шығындары жөніндегі жоспарлардың орындалуын жоспарлау және бақылау;

      Ұйымның магистральдық мұнай құбырларын, резервуарлық парктерін және басқа да өндірістік объектілерін пайдалану және жөндеу үшін қажетті материалдарға (күрделі салымдарға), техникаға, қосалқы бөлшектерге, механикалық-технологиялық және энергетикалық жабдықтарға қажеттілікті айқындауға, талдауға, негіздеуге және өтінімдерді келісуге қатысу;

      магистральдық мұнай құбырлары объектілерін үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету;

      тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің тендерлік өтінімдерін талдау және құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ұйымның тендерлік комиссиясы үшін қорытындылар дайындау;

      магистральдық мұнай құбырларын әуе патрульдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде электр және жылу энергиясын беру және бөлу кезінде нормативтік шығындар көрсеткіштерін қорғауға құжаттарды дайындауды ұйымдастыруда Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

      магистральдық мұнай құбырлары жұмысының оңтайлы жылу-гидравликалық режимдерінің сақталуын, қазандық-пеш отынының шығысын бақылау;

      өнімділікті арттыруға, өзіндік құнын төмендетуге және басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың енгізілуіне бақылауды ұйымдастыру;

      Ұйымның өндірістік объектілерінде және магистральдық мұнай құбырларының технологиялық жабдықтарында диагностикалық жұмыстардың уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру;

      магистральдық мұнай құбырлары объектілерін коррозиядан тиімді қорғауды қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру;

      магистральдық мұнай құбырларының негізгі және қосалқы жабдықтарын пайдаланудың шұғыл қажеттіліктеріне сәйкес қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға механикаландыру және автоматтандыру, жаңғырту және реконструкциялау жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, инженер (жетекші), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер, инженер-энергетик, инженер-механик, метролог.

      "Пайдалануды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 12-кестеде келтірілген.

      32. "Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жоспарлау және бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, жаңадан салынып жатқан объектілер мен құрылысжайларды жобалауға, қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға және кеңейтуге техникалық тапсырмалар жасау;

      филиалдардағы күрделі жөндеу мен күрделі құрылыстың жай-күйін талдау, күрделі жөндеу мен күрделі құрылыс бойынша басымдықты айқындау;

      жобалау шешімдерінің, құрылыс мерзімдерінің және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын, өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру құнын бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер-құрылысшы, инженер-электрик, инженер-механик, инженер-технолог.

      "Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 13-кестеде келтірілген.

      33. "Инжинирингті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның жаңа объектілерін салуға, қолданыстағы объектілерін жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға алдын ала жобалау шешімдерін дайындау;

      мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, Ұйымның қолданыстағы объектілерін жаңа салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтандыруға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;

      Ұйымның қолданыстағы объектілерін жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және кеңейту жөніндегі жыл сайынғы және перспективалық жоспарларды әзірлеу процесіне қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер-құрылысшы, инженер-технолог, инженер-электрик, инженер-механик, инженер-сметашы.

      "Инжинирингті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 14-кестеде келтірілген.

      34. "Технологиялық режимдер мен энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымда энергетикалық аудит жүргізуді қамтамасыз ету және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары бойынша іске асыру;

      магистральдық мұнай құбырлары жұмысының технологиялық режимдерін мониторингтеу, модельдеу және оңтайландыру жөніндегі бағдарламалық кешендерді пайдалана отырып, әрбір технологиялық учаске үшін магистральдық мұнай құбырлары жұмысының технологиялық режимдерінің карталарын әзірлеу/түзету, оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;

      мұнай тасымалдау кезінде негізгі сорғы агрегаттарын тұтынуға электр энергиясының көлемін жоспарлау және олар бойынша Ұйымның Өндірістік бағдарламасына тиісті шығындарды қосу үшін Ұйымның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне есепті ұсыну;

      2) орындаушылар құрамы: басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, технолог (аға), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – инженер-технолог, инженер-электрик, инженер-механик.

      "Технологиялық режимдер мен энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 15-кестеде келтірілген.

      35. "Инновациялық-техникалық дамуды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Қоғамда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету;

      Қоғамның өндірістік объектілерінде құбырлардың қауіпсіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ Қоғамның өндірістік объектілерінде оларды енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында озық технологияларды, техниканың, жабдықтар мен материалдардың жаңа түрлерін зерделеу;

      ғылыми-техникалық даму саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен, мамандандырылған және өзге де ұйымдармен ресімделген ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар шеңберінде олармен бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

      жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері бойынша қалыптастырылған зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын алуға өтінімдерді ресімдеу және беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Қоғам жұмыскерлерінің өнертапқыштық және рационализаторлық қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;

      Қоғамның Ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

      Қоғамның магистральдық құбыр саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарының базасын дамыту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру, Қоғам әзірлеген стандарттардың тізілімін жүргізу;

      сыртқы шығу тегінің нормативтік құжаттарын сатып алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың жобаларын қарауға қатысу;

      мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің және стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің жұмысына қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: басшы, маман (жетекші, бас) – инженер, инженер-химик.

      "Инновациялық-техникалық дамуды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 16-кестеде келтірілген.

      36. "Өндірістік активтерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның өндірістік активтерін басқару жүйесін енгізудің жол картасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;

      Ұйымның өндірістік активтерін басқару жүйесін айқындайтын Ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектілендіру;

      Ұйымның өндірістік активтерін басқарудың нормативтік-әдістемелік базасын жаңғырту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      Ұйымның өндірістік активтерін басқару жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептерді дайындау;

      Ұйымның өндірістік активтерінің жіктеуішін әзірлеу және өзектілендіру;

      Ұйымның өндірістік активтерінің техникалық тиімділігін, оның ішінде диагностикалық зерттеп-қалаулардың нәтижелері және Ұйымның магистральдық мұнай құбырларының нақты жүктемесі негізінде талдау;

      Ұйымның магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдаудың перспективалық жоспарларын олардың нақты техникалық жай-күйін ескере отырып талдау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, менеджер (жетекші, бас), маман (жетекші, бас) – инженер, экономист.

      "Өндірістік активтерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 17-кестеде келтірілген.

      37. "Инвестициялық талдауды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативі:

      1) жұмыс мазмұны:

      инвестициялық жобаларды талдау және мониторингтеу, Ұйымның инвестициялық қызметін жүзеге асыруға кешенді және жүйелі тәсілді қамтамасыз ету;

      Ұйымның активтерін басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және оны жүзеге асыру;

      Ұйымның акцияларын шығару, орналастыру және жою процесін қамтамасыз ету;

      Ұйымның инвестицияларды басқару және инвестициялық талдау саласындағы тұрақты даму мәселелерін басқару;

      Ұйымның активтерін қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      Ұйымның активтерін басқару бөлігінде Ұйымның жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын мониторингте;

      Ұйымның инвестициялық жобаларының қаржылық-экономикалық тиімділігін талдау және олар бойынша қорытынды жасау;

      Ұйымның шоғырландырылған қаржы-экономикалық моделін және Ұйымның инвестициялық жобаларының модельдерін әзірлеу және оларды жаңарту;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист.

      "Инвестициялық талдауды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативі осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 18-кестеде келтірілген.

      38. "Тарифтік реттеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын қарау кезінде өтінімдер беру және қорғау;

      Ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бөлінісінде тарифтік сметалардың орындалуы туралы есептерді дайындау және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсыну, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Ұйымның интернет-ресурсында орналастыру;

      табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға Ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бөлінісінде тарифтік сметаны түзетуге өтінім беру және қорғау;

      бастамашы бөлімшемен бірлесіп, Ұйымның негіздеуші материалдарын және реттелмейтін қызметтерінің құнын есептеуді дайындау, Ұйым үшін экономикалық тиімділікті айқындау және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар ету;

      реттелетін және реттелмейтін қызметтерге тарифтік сметалардың орындалуын және реттелмейтін қызметтердің құнын бақылау және талдау, тарифтік сметаларды жоспарлау мен орындауды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

      Ұйымның жекелеген іс-әрекеттерінің (мүлікпен жасалатын мәмілелердің, қайта бағалаулардың, Ұйым құрылымының өзгеруінің, Ұйымның жекелеген бөлімшелерін немесе функцияларын аутсорсингке немесе аутстаффингке шығарудың, қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асырудың, негізгі құралдардың қызмет мерзімдерінің өзгеруінің және т.б.) Ұйымның реттелетін және реттелмейтін қызметтер тарифтеріне әсерін бағалау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, бухгалтер.

      "Тарифтік реттеу" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 19-кестеде келтірілген.

      39. "Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және экономикалық талдау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның бизнес-жоспарларын қалыптастыруды, Ұйымның тиісті органдарының келісуін және бекітуін, сондай-ақ оларға түзетулер енгізуді қамтамасыз ету;

      Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдау негізінде басқарушылық есептілікті қалыптастыру;

      Ұйым бюджетінің атқарылуына талдау жүргізу, есепті кезеңдер бойынша белгіленген нысандарға сәйкес есептілікті дайындау және оны жоғары тұрған органға ұсыну;

      Ұйымның бюджеттік баптары бойынша экономикалық анықтамалықтарды (шығындар түрлерінің анықтамалығы, шығындардың пайда болу орнының анықтамалығы, пайданың пайда болу орнының анықтамалығы) және шығындар кодтарының сыныптауышын жүргізу және өзектендіру;

      есепті кезең үшін Ұйымның бизнес-жоспарын іске асыру туралы есепті дайындау және белгіленген тәртіппен Ұйым органдарына ұсыну;

      Ұйымның басшылығы үшін Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша талдамалық материалдарды дайындау;

      Ұйымның шығындарын басқару бағдарламасын қалыптастыру және оның іске асырылуын бақылау;

      құрылымдық бөлімшенің құзыреті шеңберінде Ұйымның Өндірістік бағдарламасын қарау және келісу;

      бастапқы есепке алу құжаттарының негізінде барлық қаржы-шаруашылық операцияларды дұрыс бөлу, шығыстарды, кірістерді жатқызу және бухгалтерлік есеп шоттарында уақытылы көрсету мониторингін жүзеге асыру;

      табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну;

      Ұйымның инвестициялық жобаларын және Ұйымның алқалы және консультативтік-кеңесші органдарының (инвестициялық комитет, активтерді қайта құрылымдау жөніндегі комиссия) қарауына шығарылатын басқа да материалдарды олардың Ұйымның бизнес-жоспарларының қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне әсері тұрғысынан қарау;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бизнес-жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, кірістердің, шығындар мен іске қосылған активтердің бөлек есебін жүргізу, экономикалық талдау мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру және әдіснамалық көмек көрсету;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, бухгалтер.

      "Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және экономикалық талдау" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 20-кестеде келтірілген.

      40. "Қаржы ағындарын басқару" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның шығыстары мен кірістерін тиімді жоспарлауды жүзеге асыру үшін ақша қозғалысының болжамын жасау;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің ай сайынғы төлем күнтізбесін қалыптастыру және оның орындалуын талдау;

      Ұйымның екінші деңгейдегі банктердің транзиттік шоттарына ақшасының түсуін бақылау және оларды Ұйымның ағымдағы шоттарына есепке алу бойынша жұмыстар жүргізу;

      Ұйымның басшылығына ұсынымдар әзірлеу және Ұйымның уақытша бос ақшасын екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге орналастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      контрагент-банктердің қаржылық жағдайын талдау және Ұйымның ақшасын екінші деңгейдегі банктерге орналастыру лимиттерін бақылау;

      екінші деңгейдегі банктердің Ұйымның ағымдағы шоттарындағы депозиттер мен ақша қалдықтары бойынша сыйақылардың болуына мониторинг жүргізу;

      Ұйымның шоттарын ашу, жүргізу және жабу мәселелері бойынша, сондай-ақ банк операциялары бойынша тарифтер мәселелері жөніндегі екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау;

      Ұйымның басшылығына Ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпарат беру;

      жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін Ұйымның контрагенттерімен өзара есеп айырысуды және Ұйымның міндеттемелері бойынша өзге де есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде ақы төлеуге негіздейтін құжаттарды тексеру;

      Ұйымның алдағы төлемдерінің күнделікті тізілімін қалыптастыру;

      ақша аударуға төлем тапсырмаларын/өтініштерді қалыптастыру және оларды екінші деңгейдегі банктердің өткізуін бақылау;

      Ұйымның корпоративтік карточкаларына қызмет көрсету бойынша есеп жүргізу;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен келісімшарттар бойынша операциялар жүргізу кезінде Қазақстанның валюталық заңнама талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      аванстық төлемдерді қайтару бойынша контрагенттердің келіп түскен банктік кепілдіктерінің есебін жүргізу және олардың орындалуын бақылау;

      Ұйымның қаржылық көмек көрсетуге арналған шарттардың жобаларын әзірлеу, олардың келісілуін, жасалуын қамтамасыз ету және қаржылық көмектің қайтарылуын бақылау;

      Ұйымның қарыздар тарту жөніндегі іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;

      Ұйымның кредиттік шарттар бойынша қаржылық міндеттемелерді сақтауын бақылау;

      Ұйымның кредиттік рейтингтерін беру және қолдау мәселелері бойынша қаржы институттарымен және рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, бухгалтер.

      "Қаржы ағындарын басқару" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 21-кестеде келтірілген.

      41. "Бухгалтерлік есепті, есептілікті және салық салуды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның ақшасын, тауарлық-материалдық қорларын, негізгі құралдары мен материалдық емес активтерін уақытылы түгендеуді және материалдық және қаржылық ресурстардың болуын, қозғалысын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

      құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен жалақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру;

      ақша қозғалысына байланысты операцияларды ұйымдастырудың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттамалық көрінісін қамтамасыз ету;

      төленетін салықтар бойынша есептер мен декларацияларды дайындау және оларды салық органдарына уақытылы ұсыну;

      Ұйымның бюджетін әзірлеуге қатысу, салық органдарына және басқа да уәкілетті органдарға шоғырландырылған есептілікті жасау және ұсыну;

      2) орындаушылар құрамы: бас бухгалтер (орынбасары), департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, бухгалтер.

      "Бухгалтерлік есепті, есептілікті және салық салуды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 22-кестеде келтірілген.

      42. "Адам ресурстарын басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс құрамы:

      еңбек және жалақы жөніндегі жоспарларды әзірлеу, еңбекті ұйымдастыруды, өндірісті басқаруды, Ұйым жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу және ынталандыру жүйелерін жетілдіру;

      Ұйымның филиалдары мен мекемелерінде тарифтік мөлшерлемелер, жалақылар, үстемеақылар, қосымша ақылар мен жалақыға коэффициенттер жүйесін қолданудың дұрыстығын, сондай-ақ жұмыстарды тарифтеудің дұрыстығын және жұмыскерлерге разрядтарды белгілеуді бақылау;

      жұмыскерлердің нормативтік санының сақталуын әзірлеу, есептеу және бақылау, Ұйымның штат кестесін әзірлеу;

      қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыскерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды ресімдеу;

      Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік құрамын есепке алу;

      еңбек кітапшаларын сақтау және толтыру, кадр мәселелері бойынша құжаттама жүргізу;

      кадрлар қозғалысының мониторингі, кадрлардың ауысу себептерін анықтау және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      жұмыс уақытының табельдік есебін жүргізу, Ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінде кадрлар есебінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру;

      кадрларды есепке алу бойынша статистикалық есептілікті жүргізу;

      Ұйым жұмыскерлерінің кәсіби даярлық деңгейін аттестаттауды және бағалаудың басқа түрлерін ұйымдастыру;

      кадрларды даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, әлеуметтік мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      2) орындаушылардың құрамы – департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      "Адам ресурстарын басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 23-кестеде келтірілген.

      43. "Бизнесті қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым жұмыскерлерін жұмысқа және кері жеткізу үшін оларды автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      Ұйымның өндірістік объектілерінде жұмыскерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      вахталық әдіспен жұмыс істейтін Ұйым жұмыскерлерінің Ұйымның өндірістік объектілеріндегі жатақханаларда тұруын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      Ұйымның әкімшілік ғимараттарының инженерлік жүйелерін, желілері мен жабдықтарын (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, жылумен, салқын ауамен жабдықтау, желдету, кондиционерлеу және лифт шаруашылығы жүйелерін қоса алғанда) күтіп ұстауды, оларға қызмет көрсетуді және олардың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру;

      Ұйымның әкімшілік ғимараттары мен үй-жайларының жай-күйін есепке алуды жүргізу, оларды паспорттау, қажетті техникалық құжаттаманы жасау;

      Ұйымның әкімшілік ғимараттарының ғимараттарын/үй-жайларын және іргелес аумақтарын кешенді тазалауды қамтамасыз ету;

      Ұйымның әкімшілік ғимараттарының іргелес аумақтарын көгалдандыруды және абаттандыруды қамтамасыз ету;

      Ұйымды жиһазбен, шаруашылық мүкәммалмен қамтамасыз ету, олардың сақталуын және уақытылы жөндеу жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

      Ұйым жұмыскерлерін кеңсе тауарларымен, қажетті шаруашылық материалдармен қамтамасыз ету, олардың жұмсалуы туралы есеп пен есептілікті және полиграфиялық және бланкілік өнімдерді жүргізу;

      грамоталар, мөрлер, құттықтау қағаздарын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      техникалық, өндірістік кеңестерге, Басқарма, Директорлар кеңесі отырыстарына, Ұйым Акционерлерінің жалпы жиналысына шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      салтанатты және ресми іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды, кездесулер мен келіссөздерді өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      қызметтік іссапарларға жіберілетін Ұйым жұмыскерлеріне авиа және/немесе теміржол билеттерін сатып алуды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист, инженер.

      "Бизнесті қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 24-кестеде келтірілген.

      44. "Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      кіріс хат-хабарларды қабылдау, тіркеу, есепке алу және тарату;

      шығыс хат-хабарларды тіркеу, есепке алу және жөнелтуді ұйымдастыру;

      қызметтік және/немесе коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, тарату және жіберу;

      Ұйымның қызметтік құпиясын құрайтын Ақпарат тізбесін және Ұйымның коммерциялық құпиясын құрайтын Ақпарат тізбесін қалыптастыру, өзектендіру және Ұйымның Директорлар кеңесіне бекітуге шығару;

      Ұйымның электрондық құжат айналымы жүйесінде құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау және мониторингтеу (Ұйымның негізгі қызметі бойынша кіріс хат-хабарлар, бұйрықтар мен өкімдер, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша аппараттық, жұмыс (жедел) кеңестерінің, кеңейтілген кеңестердің хаттамалары, Ұйымның басшылығына орындаушылық тәртіп бойынша есептер ұсыну;

      Ұйымда әзірленген бұйрықтардың, өкімдердің, шарттардың, хаттардың және басқа да құжаттардың жобаларын қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру (қажет болған жағдайда);

      Ұйым жұмыскерлері мемлекеттік тілде әзірлейтін құжаттарға редакциялық-лингвистикалық сараптаманы ұйымдастыру;

      Ұйымның іс жүргізу және архив жұмыстарын жүргізу жөніндегі ішкі құжаттарын әзірлеу мен өзектендіру, оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;

      Ұйым орталық аппаратының архивіне құжаттарды қабылдау, оларды есепке алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету;

      электрондық архив жүйесінде шарттардың, оларға қосымша келісімдердің, тұрақты сақтау мерзімі мен жеке құрам бойынша құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау және сақтау жөніндегі жұмысқа қатысу, оларды Ұйымның орталық аппаратының электрондық архивіне орналастыруды бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: басшы (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист, инженер.

      "Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 25-кестеде келтірілген.

      45. "Сатып алу, келісімшарттарды сүйемелдеу және жергілікті қамтуды дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      сатып алуды жоспарлауды үйлестіру, Ұйымның тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу жоспарларын қалыптастыру және өзектілендіру;

      Ұйымның қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу рәсімдерін белгіленген тәртіппен ұйымдастыру және өткізу;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөніндегі құжаттардың жобаларын талдау;

      Ұйымның сатып алу мәселелері бойынша әлеуетті өнім берушілерге кеңес беру;

      құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әлеуетті өнім берушілер Қоғамға ұсынатын сатып алу материалдарын талдау;

      тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат дайындау және есептілік жүргізу;

      Ұйымның сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      құрылымдық бөлімшенің құзыреті шеңберінде шарттардың жобаларын келісу және Ұйым жасасатын шарттарды тіркеуді жүзеге асыру;

      талап қою жұмысын жүзеге асыру, сатып алу туралы шарттарда көзделген тұрақсыздық айыбын есептеу мен Ұйымның кредиторлық және дебиторлық берешектерін реттеу жөніндегі басқа да рәсімдерге қатысу;

      өнім берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің) тізбесін қалыптастыру;

      сатып алынатын тауарларда, жұмыстарда, көрсетілетін қызметтерде жергілікті қамту мәселелері бойынша мониторингті ұйымдастыру, есептілікті және ақпаратты қалыптастыру және ұсыну;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Ұйымның мүлкін өткізу бойынша сауда-саттықты (аукциондарды, тендерлерді) ұйымдастырудың ішкі құжаттарына сәйкес ұйымдастыру және өткізу, осы биржаларда Ұйымның мүлкін өткізу кезінде тауар биржалары үшін материалдар қалыптастыру;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист.

      "Сатып алу, келісімшарттарды сүйемелдеу және жергілікті қамтуды дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 26-кестеде келтірілген.

      46. "Материалдық-техникалық жабдықтау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарлары мен баланстарын әзірлеу;

      маркетингтік зерттеулер, коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыру;

      жабдықтаудың неғұрлым ұтымды нысандарын анықтау және белгілеу;

      коммерциялық келіссөздер жүргізу;

      өнім берушілермен және өндірушілермен шаруашылық шарттарды дайындауға және жасасуға қатысу;

      әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттарын талдау және конкурстық комиссия үшін қорытындылар дайындау;

      шарттар бойынша міндеттемелердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист.

      "Материалдық-техникалық жабдықтау" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 27-кестеде келтірілген.

      47. "Корпоративтік басқару" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның даму стратегиясын әзірлеу және өзектендіру, сондай-ақ оның іске асырылуын бақылау және мониторингтеу;

      Ұйымның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру;

      Ұйымдағы стратегиялық жоспарлау процесін жетілдіру;

      Ұйым жұмыскерлері қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін жетілдіру, Ұйым жұмыскерлері қызметінің мотивациялық негізгі көрсеткіштерін және олардың нысаналы мәндерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;

      мұнай өндірудің болжамды көрсеткіштері және Ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің өткізу қабілетін кешенді бағалау негізінде қазақстандық мұнайды тасымалдаудың қолданыстағы және әлеуетті бағыттарын дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;

      Ұйымның тұрақты дамуы саласындағы мәселелерді үйлестіру, оның ішінде тұрақты даму туралы есеп дайындау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман (жетекші, бас) – заңгер, экономист.

      "Корпоративтік басқару" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 28-кестеде келтірілген.

      48. "Инвесторлармен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның инвестициялық тартымды Ұйым ретіндегі беделін сақтау және нығайту мақсатында ұйым басшылығы мен инвестициялық қоғамдастық арасында тиімді коммуникацияларды ұйымдастыру;

      Ұйымның инвесторлармен қарым-қатынас жүргізу саласындағы стратегиясын дайындау және жүзеге асыруды үйлестіру;

      ақпарат алмасу бойынша барлық қолжетімді арналар арқылы Ұйымның қызметі, оқиғалары мен жоспарлары туралы инвестициялық ұйымды толық және уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ету;

      инвестициялық қоғамдастық пен Ұйым басшылығы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;

      активтерді сатып алу және сату бойынша ірі мәмілелерді ұйымдастыру және жасасу стратегиясын әзірлеу кезінде талдамалық қолдау көрсету немесе инвестициялық ұйымның пікірі туралы басшылықты хабардар ету арқылы капитал нарықтарында қаражат тарту;

      2) орындаушылар құрамы: басшы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист.

      "Инвесторлармен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 29-кестеде келтірілген.

      49. "Корпоративтік мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету және шарттардың құқықтық сараптамасы" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

      құқықтық сипаттағы Ұйымның шығыс құжаттарына құқықтық сараптама жүргізу;

      Ұйымның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      Ұйым атынан талап арыздарды дайындау, сондай-ақ Ұйым ұсынған талап арыздарға пікірлер дайындау;

      Ұйымның мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда белгіленген тәртіппен ұсыну және қорғау;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      Қазақстан заңнамасын түсіндіру, ұйымның жұмыскерлеріне Ұйым және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметі мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру;

      Ұйым бұйрықтарының, өкімдерінің, шарттарының, ішкі құжаттарының жобаларына құқықтық сараптама;

      тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ұйымдастырумен сатып алу процесін құқықтық қолдау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), заң кеңесшісі (бас, аға, жетекші) – заңгер (бас, жетекші).

      "Корпоративтік мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету және шарттардың құқықтық сараптамасы" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 30-кестеде келтірілген.

      50. "Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      магистральдық мұнай құбырларын, инженерлік-техникалық күзет құралдарын және қолданбалы өндірістік-технологиялық міндеттерді автоматтандыру жүйелерін басқару үшін мұнайды тасымалдаудың технологиялық процестерін автоматтандыру және телемеханизациялау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      ұйымның өндірістік объектілерінің жұмыс істеуінің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін мұнайды тасымалдау мен сақтаудың технологиялық процестерінің параметрлерін өлшеудің бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;

      ұйымның магистральдық мұнай құбырларын пайдалануды орталықтандырылған бақылауды және басқаруды қамтамасыз ететін диспетчерлік бақылау және басқару жүйесінің толық функционалдығына дейін объектілерді автоматтандыру жүйелерін реконструкциялауды, жаңғыртуды, құруды және дамытуды жүргізу;

      мұнда объектілерді енгізуге арналған техникалық және жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу және одан әрі қолданбалы өндірістік-технологиялық міндеттерді автоматтандыру жүйелерін ашу;

      технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің техникалық және бағдарламалық құралдары кешенінің, күзеттің инженерлік-техникалық құралдары мен қолданбалы өндірістік-технологиялық міндеттерді автоматтандыру жүйелерінің туындайтын инциденттері мен ақауларының себептерін талдау;

      мұнай сапасы мен мөлшерінің көрсеткіштерін өлшеу жүйелерінің метрологиялық сипаттамаларына техникалық қызмет көрсету, салыстырып тексеру, сондай-ақ бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ есепке алу операцияларына/операцияларынан мұнай сапасы мен мөлшерінің көрсеткіштерін өлшеу жүйелерін енгізу және шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас), инженер (жетекші), жүйелік әкімші – автоматизация және басқару, ақпараттық технологиялар.

      "Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 31-кестеде келтірілген.

      51. "Телекоммуникациялар бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      телекоммуникациялық қызметтердің түрлері бойынша лицензиялар мен рұқсаттар алу;

      қанағаттанарлықсыз жұмысқа немесе істен шығуға, сондай-ақ байланыс және деректерді беру құралдарын дұрыс пайдаланбауға және оларды пайдалануға байланысты пайдалану режимдері бұзылуының, тоқтап қалудың, өндірістегі басқа да шығындардың себептерін талдау және жою;

      байланыс операторларының байланыс және деректерді беру құралдарының жоспарлы-регламенттік жұмыстарының графиктерін сақтауын бақылау;

      байланыс жабдықтарын сатып алуға және өлшеу техникасының, қосалқы бөлшектердің, кабельдік өнімнің деректерін беруге өтінімдерді ресімдеу;

      жаңа техника мен озық технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      байланыс саласы бойынша техникалық және технологиялық саясат мәселелері бойынша филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек;

      технологиялық байланыс бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерді жасау және талдау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), маман, менеджер (бас, жетекші) – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (байланыс).

      "Телекоммуникациялар бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 32-кестеде келтірілген.

      52. "Ақпараттық технология" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      ақпараттық технологиялар саласындағы сатып алу бойынша техникалық талаптарды әзірлеу және осындай сатып алудың қажетті көлемін айқындау;

      ақпараттық технологиялар бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды дайындауды және жасасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ осындай шарттардың орындалуын сүйемелдеу және бақылау;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қызметін үйлестіру;

      Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету;

      Ұйымның ақпараттық жүйелерін пайдаланушыларды техникалық қолдау процесін ұйымдастыру, мониторингілеу және талдау;

      уәкілетті мемлекеттік органға ұсыну үшін құрылымдық бөлімше қызметінің бағыттары бойынша күрделі салымдарды жүзеге асырудың орындылығын негіздеу бойынша растайтын құжаттарды дайындау;

      Ұйымның инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын орындау жөнінде оларды уәкілетті мемлекеттік органға одан әрі ұсыну үшін растайтын құжаттарды дайындау;

      Ұйымның ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

      Ұйымның стратегиялық даму бағыттары шеңберінде ақпараттық технологиялар саласында озық тәжірибелерді енгізу;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), басқарма бастығы (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас).

      "Ақпараттық технология" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 33-кестеде келтірілген.

      53. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдай" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      ұйым жұмыскерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістік қызметтен экологиялық жүктемені азайту, ұйымның өндірістік объектілерінде өрттердің алдын алу және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      Ұйым бөлімшелерінде қолданыстағы заңнаманың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрттен қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      жабдықтарды уақытылы сынауды, тексеруді және дұрыс пайдалануды бақылау, ауа ортасын, өндірістік шуды, дірілді өлшеу кестелерін сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен стандарттарының сақталуын қадағалайтын мемлекеттік қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындау;

      жұмыскерлерге нұсқаулық жүргізу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру, өндірістік санитария, өрттен қорғау және қоршаған ортаны қорғау;

      2) орындаушылар құрамы: департамент директоры (орынбасары), бөлім бастығы, маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер, инженер-механик, эколог, емдеу ісі.

      "Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдай" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 34-кестеде келтірілген.

      54. "Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

      жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: маман (жетекші, бас), менеджер (жетекші, бас) – заңгер, экономист, инженер.

      "Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 35-кестеде келтірілген.

      55. "Шетелдік серіктес елдердегі өкілдіктердің/филиалдардың жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнайды серіктес елдерге тасымалдаудың жылдық, тоқсандық және айлық кестелерін дайындау және келісуге қатысу. Мұнай тасымалдаудың бекітілген айлық, тоқсандық және жылдық кестелерінің орындалуын жедел бақылау. Тасымалданатын мұнай көлеміне айлық, тоқсандық және жылдық салыстырып тексеру жүргізу. Ұйымның қажеттіліктері үшін оларды сатып алу бойынша келісу үшін үлгілерді, жабдықтарды, арнайы техника мен материалдарды іздестіруді және іріктеуді жүзеге асыру. Келіссөздерге қатысу. Әр түрлі ақпаратты жинауды, бөлісуді және таратуды ұйымдастыру. Бас ұйымға статистикалық және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;

      2) орындаушылар құрамы: директор (орынбасары), менеджер (жетекші, бас), маман (жетекші, бас), бухгалтер (жетекші, бас), экономист (жетекші, бас), кассир, инженер, аудармашы.

      "Шетелдік серіктес елдердегі өкілдіктердің/филиалдардың жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 36-кестеде келтірілген.

      56. "Басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның қызметіне жалпы басшылық жасау және бақылау, Ұйымның тиімді жұмыс істеуін, Ұйымның ағымдағы және перспективалық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      Ұйымның стратегиялық дамуы, Ұйымдағы корпоративтік басқару, халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту мәселелері;

      Ұйымдағы сапа, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы жұмысқа жалпы басшылық жасау;

      кадрлық мәселелер. Әлеуметтік саясат;

      Ұйымның қызметін оңтайландыру және тиімділігін арттыру, Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, корпоративтік меншік пен ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, имидждік жұмыс, PR – қызмет және Ұйымның ішкі коммуникацияларын дамыту саласында Ұйымның бірыңғай саясатын жүргізу мәселелері;

      Ұйым филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

      Ұйымның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарының қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: бас директор, бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары, басқарушы, атқарушы директор.

      "Басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге қосымшаға сәйкес 37-кестеде келтірілген.

  Мұнай тасымалдауды
жүзеге асыратын ұйымдардың
басшылары, мамандары мен
қызметшілері санының үлгілік
нормативтеріне қосымша

"Корпоративтік хатшының қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      1-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Корпоративтік/хатшы

1

Бас маман

2

Жетекші маман

1

"Ішкі аудит қызметін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      2-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Қызмет басшысы

1

Жетекші аудитор

3

Аудитор

1

"Еңбек жанжалдарын, дауларды шешуді қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      3-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Омбудсмен

1

"Комплаенс-бақылау функциясын қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      4-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Қызмет басшысы

1

Бас маман

3

Жетекші маман

2

"Ұйым Басқармасы мен Байқаушы кеңесінің жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      5-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Хатшы/ Басқарманың атқарушы хатшысы

1

"Бас директордың хатшылығы" функциясы бойынша сан нормативтері

      6-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бас директордың көмекшісі

1

Бизнес-серіктес

1

Үйлестіруші

1

Бас менеджер

2

Жетекші маман

1

"Бизнес-процестер мен тәуекелдерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері

      7-кесте

Бизнес-процестер мен бірліктердің саны

Сан нормативтері, адам

15-ке дейін

2,6

16 - 24

4,2

25 - 33

5,8

34 - 42

7,4

43 - 51

8,9

52 - 60

10,5

61 - 69

12,1

70 - 78

13,7

79 - 87

15,2

"Корпоративтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      8-кесте


Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

750-ге дейін

751-1500

1501-2500

2501-3500

3501-4500

4501-5500

5501-6500

6501-7500

7501-8500

8501-ден астам

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам.

750-ге дейін

1

1

1

1

2

2

2

2

2

2

751-1500

1

1

1

2

2

2

2

2

2

2

1501-2500

1

2

2

2

2

2

2

3

3

3

2501-3500

2

2

2

2

2

3

3

3

3

3

3501-4500

2

2

2

3

3

3

3

3

3

3

4501-5500

2

2

3

3

3

3

3

3

3

4

5501-6500

2

3

3

3

3

3

3

4

4

4

6501-7500

3

3

3

3

3

3

4

4

4

4

7500-ден астам

3

3

3

3

4

4

4

4

4

4

"Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      9-кесте

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

Сан нормативтері, адам

1400-ге дейін

1,3

1401 - 2500

2,4

2501 - 3600

3,4

3601 - 4700

4,4

4701 - 5800

5,5

5801 - 6900

6,5

6901 - 8000

7,6

8001 - 9100

8,6

"Мұнай тасымалдау" функциясы бойынша сан нормативтері

      10-кесте


Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

750-ге дейін

751-1500

1501-2500

2501-3500

3501-4500

4501-5500

5501-6500

6501-7500

7501-8500

8501-ден астам

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі, миллион тонна

7,5-ке дейін

5

5

6

6

7

7

7

7

7

8

7,6-15,0

5

6

6

7

7

7

7

8

8

8

15,1-25,0

6

6

7

7

7

8

8

8

8

9

25,1-35,0

6

7

7

8

8

8

8

9

9

9

35,1-45,0

6

7

7

8

8

8

9

9

9

9

45,1-55,0

7

7

8

8

8

9

9

9

9

9

55,1-65,0

7

7

8

8

9

9

9

9

9

10

65,1-75,0

7

7

8

8

9

9

9

9

10

10

75,1-ден астам

7

8

8

9

9

9

9

10

10

10

"Бас диспетчерлік басқарма" функциясы бойынша сан нормативтері

      11-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Директор

1

Директордың орынбасары

2

Бас диспетчер

5

Аға диспетчер

5

Диспетчер (диспетчерлік қызмет операторы)

35

"Пайдалануды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      12-кесте


Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

750-ге дейін

751-1500

1501-2500

2501-3500

3501-4500

4501-5500

5501-6500

6501-7500

7501-8500

8501-ден астам

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі, миллион тонна

7,5-ге дейін

8

9

10

11

12

12

13

13

14

14

7,6-15,0

9

10

12

12

13

14

14

15

15

15

15,1-25,0

11

12

13

14

15

16

16

17

17

17

25,1-35,0

13

14

15

16

16

17

17

18

18

19

35,1-45,0

14

15

16

17

17

18

19

19

19

20

45,1-55,0

15

16

17

18

18

19

20

20

20

21

55,1-65,0

16

17

18

19

19

20

20

21

21

22

65,1-75,0

16

17

19

19

20

21

21

22

22

22

75,1-ден астам

17

18

19

20

21

21

22

22

23

23

"Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері

      13-кесте

Күрделі салымдардың көлемі, миллион теңге

Сан нормативтері, адам

21500-ге дейін

5,2

21501 - 25330

6,2

25331 - 29160

7,1

29161 - 32990

8,0

32991 - 36820

8,9

36821 - 40650

9,9

40651 - 44480

10,8

44481 - 48310

11,7

48311 - 52140

12,7

52141 - 55970

13,6

55971 - 59800

14,5

59801 - 63630

15,5

63631 - 67460

16,4

67461 - 71290

17,3

"Инжинирингті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      14-кесте

Күрделі салымдардың көлемі, миллион теңге

Сан нормативтері, адам

24500-ге дейін

4,2

24501 – 29700

5,1

29701 – 34900

6,0

34901 – 40100

6,9

40101 – 45300

7,8

45301 – 50500

8,7

50501 – 55700

9,6

55701 – 60900

10,5

60901 – 66100

11,4

66101 – 71300

12,3

"Технологиялық режимдер мен энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      15-кесте

Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

1200-ге дейін

2,4

1201 - 1900

3,9

1901 - 2600

5,3

2601 - 3300

6,7

3301 - 4000

8,1

4001 - 4700

9,6

4701 - 5400

11,0

5401 - 6100

12,4

6101 - 6800

13,8

"Инновациялық-техникалық дамуды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      16-кесте

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

15-ке дейін

2,1

16 - 24

3,4

25 - 33

4,6

34 - 42

5,9

43 - 51

7,1

52 - 60

8,4

61 - 69

9,7

70 - 78

10,9

79 - 87

12,2

"Өндірістік активтерді басқару" функциясы бойынша сан нормативтері

      17-кесте

Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

1800-ге дейін

2,1

1801 - 2700

3,2

2701 - 3600

4,2

3601 - 4500

5,3

4501 - 5400

6,3

5401 - 6300

7,4

6301 - 7200

8,4

7201 - 8100

9,5

8101 - 9000

10,5

9001 - 9900

11,6

"Инвестициялық талдауды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативі

      18-кесте


Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі, миллион тонна

30,00-ге дейін

30,10-50,00

50,10-70,00

70,10-нан астам

Сан нормативтері, адам

4

5

6

7

"Тарифтік реттеу" функциясы бойынша сан нормативтері

      19-кесте

Жүк айналымы, миллион тонна километр

Сан нормативтері, адам

32000-ға дейін

9,0

32001 – 35500

10,0

35501 – 39000

11,0

39001 – 42500

11,9

42501 – 46000

12,9

46001 – 49500

13,9

49501 – 53000

14,9

53001 – 56500

15,9

"Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және экономикалық талдау" функциясы бойынша сан нормативтері

      20-кесте

Жүк айналымы, миллион тонна километр

Сан нормативтері, адам

32000-ға дейін

12,8

32001 – 35500

14,2

35501 – 39000

15,6

39001 – 42500

17,0

42501 – 46000

18,4

46001 – 49500

19,8

49501 – 53000

21,2

53001 – 56500

22,6

"Қаржы ағындарын басқару" функциясы бойынша сан нормативтері

      21-кесте

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі, мың тонна

Сан нормативтері, адам

30000-ға дейін

9,3

30001 - 38300

11,9

38301 - 46600

14,4

46601 - 54900

17,0

54901 - 63200

19,6

63201 - 71500

22,2

71501 - 79800

24,7

79800 - 88100

27,3

"Бухгалтерлік есепті, есептілікті және салық салуды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      22-кесте

Жүк айналымы, миллион тонна километр

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

3000 дейін

3001–4140

4141–5280

5281–6420

6421–7560

7561–8700

8700–9840

9840-тан астам

32000-ға дейін

23,2

24,3

25,4

26,5

27,6

28,8

29,9

31,0

32001 – 35500

25,4

26,5

27,6

28,8

29,9

31,0

32,1

33,2

35501 – 39000

27,7

28,8

29,9

31,0

32,1

33,2

34,3

35,4

39001 – 42500

29,9

31,0

32,1

33,2

34,3

35,4

36,5

37,6

42501 – 46000

32,1

33,2

34,3

35,4

36,5

37,6

38,7

39,8

46001 – 49500

34,3

35,4

36,5

37,6

38,7

39,9

41,0

42,1

"Адам ресурстарын басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      23-кесте

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

Сан нормативтері, адам

820-ге дейін

2,3

821 - 1660

4,7

1661 - 2500

7,1

2501 - 3340

9,5

3341 - 4180

11,8

4181 - 5020

14,2

5021 - 5860

16,6

5861 - 6700

19,0

6701 - 7540

21,4

7541 - 8380

23,7

8381 - 9220

26,1

"Бизнесті қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      24-кесте

Ұйымның бір жылдағы тізімдік саны, адам

Сан нормативтері, адам

1200-ге дейін

1,8

1201 - 1900

2,9

1901 - 2600

3,9

2601 - 3300

5,0

3301 - 4000

6,1

4001 - 4700

7,1

4701 - 5400

8,2

5401 - 6100

9,2

6101 - 6800

10,3

6801 - 7500

11,4

7501 - 8200

12,4

8201 - 8900

13,5

"Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері

      25-кесте

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

Сан нормативтері, адам

2700-ге дейін

2,9

2701 - 4100

4,4

4101 - 5500

5,9

5501 - 6900

7,4

6901 - 8300

8,9

8301 - 9700

10,5

9701 - 11100

12,0

"Сатып алу, келісімшарттарды сүйемелдеу және жергілікті қамтуды дамыту" функциясы бойынша сан нормативтері

      26-кесте

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі,
мың тонна

Негізгі қорлардың құны, миллион теңге

150000-ға
дейін

150001–235000

235001–320000

320001–405000

405001–490000

490001–575000

575001–660000

660001–745000

30000-ға дейін

10,0

11,3

12,6

14,0

15,3

16,7

18,0

19,4

30001 – 33500

10,8

12,2

13,5

14,9

16,2

17,6

18,9

20,2

33501 – 37000

11,7

13,1

14,4

15,8

17,1

18,4

19,8

21,1

37001 – 40500

12,6

14,0

15,3

16,6

18,0

19,3

20,7

22,0

40501 – 44000

13,5

14,8

16,2

17,5

18,9

20,2

21,6

22,9

44001 – 47500

14,4

15,7

17,1

18,4

19,8

21,1

22,4

23,8

47501 – 51000

15,3

16,6

18,0

19,3

20,6

22,0

23,3

24,7

"Материалдық-техникалық жабдықтау" функциясы бойынша сан нормативтері

      27-кесте

Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

Негізгі қорлардың құны, миллион теңге

150000-ға
дейін

150001–235000

235001–320000

320001–405000

405001–490000

490001–575000

575001–660000

660001–745000

2500-ге дейін

8,2

8,5

8,8

9,1

9,3

9,6

9,9

10,2

2501 – 3460

11,2

11,5

11,8

12,1

12,3

12,6

12,9

13,2

3461 – 4420

14,2

14,5

14,8

15,0

15,3

15,6

15,9

16,1

4421 – 5380

17,2

17,5

17,7

18,0

18,3

18,6

18,8

19,1

5381 – 6340

20,2

20,4

20,7

21,0

21,3

21,5

21,8

22,1

6341 – 7300

23,1

23,4

23,7

24,0

24,3

24,5

24,8

25,1

7301 – 8260

26,1

26,4

26,7

27,0

27,2

27,5

27,8

28,1

"Корпоративтік басқару" функциясы бойынша сан нормативтері

      28-кесте

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі,
мың тонна

Сан нормативтері, адам

30000-ға дейін

4,0

30001 - 39500

5,3

39501 - 49000

6,6

49001 - 58500

7,9

58501 - 68000

9,2

"Инвесторлармен байланыс жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативі

      29-кесте

Инвесторлар саны, адам

Сан нормативтері, адам

100-ге дейін

1

101 және астам

3

"Корпоративтік мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету және шарттардың құқықтық сараптамасы" функциясы бойынша сан нормативтері

      30-кесте

Жүк айналымы, миллион тонна километр

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

4600-ге дейін

4601–6200

6201–7800

7801–9400

9401–11000

11001–12600

12601–14200

32000-ға дейін

12,1

12,9

13,8

14,6

15,5

16,3

17,1

32001 - 35500

13,1

14,0

14,8

15,7

16,5

17,4

18,2

35501 - 39000

14,2

15,0

15,9

16,7

17,6

18,4

19,3

39001 - 42500

15,2

16,1

16,9

17,8

18,6

19,5

20,3

42501 - 46000

16,3

17,1

18,0

18,8

19,7

20,5

21,4

46001 - 49500

17,3

18,2

19,0

19,9

20,7

21,6

22,4

49501 - 53000

18,4

19,2

20,1

20,9

21,8

22,6

23,5

53001 - 56500

19,4

20,3

21,1

22,0

22,8

23,7

24,5

"Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі және метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      31-кесте

Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

3200-ге дейін

11,4

3201 - 4250

15,1

4251 - 5300

18,9

5301 - 6350

22,6

6351 - 7400

26,3

7401 - 8450

30,1

8451 - 9500

33,8

"Телекоммуникация бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      32-кесте

Мұнай құбырларының ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

3000-ға дейін

5,7

3001 – 3820

7,2

3821 – 4640

8,8

4641 – 5460

10,3

5461 – 6280

11,9

6281 – 7100

13,5

7101 – 7920

15,0

"Ақпараттық технология" функциясы бойынша сан нормативтері

      33-кесте

Ұйымның орталық аппараты персоналының тізімдік саны бір жылға, адам

Сан нормативтері, адам

170-ке дейін

5,0

171 - 225

6,6

226 - 280

8,2

281 - 335

9,8

336 - 390

11,4

391 - 445

13,0

446 - 500

14,6

501 - 555

16,2

556 – 610

17,8

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және төтенше жағдай" функциясы бойынша сан нормативтері

      34-кесте

Мұнай тасымалдаудың жылдық көлемі,
мың тонна

Ұйымның тізімдік саны бір жылға, адам

4000-ға дейін

4001–4700

4701–5400

5401–6100

6101–6800

6801–7500

7501–8200

8201–8900

30000 дейін

15,0

16,1

17,3

18,4

19,6

20,7

21,8

23,0

30001 – 35500

16,6

17,7

18,8

20,0

21,1

22,3

23,4

24,5

35501 – 41000

18,1

19,3

20,4

21,5

22,7

23,8

24,9

26,1

41001 – 46500

19,7

20,8

22,0

23,1

24,2

25,4

26,5

27,6

46501 – 52000

21,2

22,4

23,5

24,6

25,8

26,9

28,1

29,2

52001 – 57500

22,8

23,9

25,1

26,2

27,3

28,5

29,6

30,8

57501 – 63000

24,4

25,5

26,6

27,8

28,9

30,0

31,2

32,3

"Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      35-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Маман (бас)/менеджер (бас)

1

"Шетелдік серіктес елдердегі өкілдіктердің/филиалдардың жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша басшылар мен мамандар санының нормативтері

      36-кесте


Серіктес елмен мұнай экспорты мен импортының жылдық жиынтық көлемі, миллион тонна

5,0-ге дейін

5,1-10,0

10,1-20,0

20,1-30,0

30,1-40,0

40,1-50,0

50,1-60,0

60,1-ден астам

Серіктес ел аумағындағы қабылдау-тапсыру пункттерінің саны, бірлік

Жоқ

2

3

5

6

8

10

11

12

1

5

6

8

9

11

13

14

15

2

8

9

11

12

14

16

17

18

2-ден астам

11

12

14

15

17

19

20

21

      Ескертпе: 36-кесте бойынша айқындалған нормативтік санға қосымша мыналар енгізіледі: жүргізуші – бір техникалық жарамды автокөлікке 1 адамнан, аудармашы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше болып табылмайтын елдердегі өкілдіктер үшін 1 адам.

"Басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері

      37-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бас директор (Басқарма төрағасы)

1

Бас директордың бірінші орынбасары

1

Бас директордың орынбасары

8

Басқарушы директор

5

Атқарушы директор

2

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 522-н/қ Бұйрыққа 2-қосымша

Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының үлгілік нормативтері

1-тарау. Жалпы бөлім

      1. Осы Мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың өнеркәсіптік-өндірістік персоналы санының үлгілік нормативтері (бұдан әрі – Үлгілік нормативтер) мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың жабдықтары мен құрылысжайларын басқарумен, пайдаланумен, қызмет көрсетумен, жөндеумен айналысатын жұмысшылардың, басшылардың, мамандар мен қызметшілердің санын айқындауға, жоспарлауға және негіздеуге арналған.

      2. Үлгілік нормативтер Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 10107 болып тіркелген) бекітілген Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану қағидаларына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік санитария жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай жүйесіне және барлық пайдалану, жөндеу жұмыстары кешенінің өндірістік нұсқаулықтарына сәйкес орындау үшін мұнай тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – Ұйым) персоналының, жұмысшыларының, басшыларының, мамандары мен қызметшілерінің қажетті санын көздейді.

      3. Үлгілік нормативтер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1036 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12736 болып тіркелген) бекітілген Қызметтің барлық саласы үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік еңбек нормалары мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау қағидаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 344/1-ө бұйрығымен бекітілген Ұйымдарда хронометраждық жұмыстарды жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

      4. Үлгілік нормативтер мыналарды:

      дайындық-қорытынды жұмысқа, демалысқа, жеке қажеттіліктерге және жұмыс орнына қызмет көрсетуге уақыт шығындарын;

      орналасқан жерінен жұмыс жүргізілетін жерге дейін жол жүруге кететін уақыт шығындарын;

      персоналды жедел даярлауға (рұқсатты, наряд-тапсырманы алу) уақыт шығындарын;

      жұмыс уақытының орташа жылдық пайдалы қорын ескере отырып, персоналдың орташа жылдық тізімдік санын белгілейді.

      5. Үлгілік нормативтер Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99 және 100-баптарында көзделген жоспарланған еңбек және қосымша демалыстарға шықпау коэффициентін ескере отырып айқындалған тізімдік санды көздейді.

      6. Үлгілік нормативтер оларға ескертулерге сәйкес түзетулермен қолданылады. Түзетулер олар белгіленген нормативтерге ғана қолданылады.

      7. Ұйым персоналының сан нормативтері Ұйымның жеке персоналы орындайтын жабдықтар мен құрылысжайларға пайдалану және жөндеу қызметтерін көрсету бойынша жұмыстар көлемінің шегінде белгіленеді.

      8. Персоналдың нормативтік саны іс жүзінде пайдаланылатын жабдықтар мен құрылысжайлар бойынша есептеледі.

      9. Сан нормативтері норма түзуші көрсеткіштерге байланысты айқындалған.

      10. Көрсеткіштердің (факторлардың) мәндері олардың бухгалтерлік есеп, статистикалық және есеп айырысу алдындағы жылдағы өзге де есептілік құжаттарында көрсетілген мәндеріне сәйкес келеді. Жоспарлы көрсеткіштер бекітілген жоспарларға сәйкес айқындалады.

      11. Сан нормативтері қабылданған факторлардың әртүрлі бекітілген мәндеріне арналған формулалармен (сызықтық және дәрежелік тәуелділік) және кестелермен ұсынылған. Көрсеткіштердің (факторлардың) нақты мәндері бойынша нормативтік санды айқындау үшін кестедегі көршілес факторлардың мәндері арасында интерполяциялау не тәуелділік формуласы бойынша есептеу жүргізу қажет.

      12. Әрбір функция бойынша сан нормативтерінің бөлшек мәні кезінде 0,5 және одан жоғары шамалар бүтін мәнге дейін дөңгелектенеді, 0,5-тен кем – алынып тасталады.

      Қызмет, бөлім немесе дербес топ бойынша басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің жиынтық нормативтік саны бүтін санға дейін дөңгелектеуге жатады. Жұмысшылардың нормативтік саны тұтастай алғанда ұйым бойынша әр санатқа бөлек дөңгелектенеді.

      13. "Дейін" деп көрсетілген нормативтерді қолдану кезінде пайдаланылатын сандық көрсеткіштердің шектері қоса алғанда қолданылады.

      14. Жалпы Ұйым бойынша басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің нормативтік саны әрбір функция бойынша нормативтік санның мәндерін жинақтау арқылы айқындалады.

      15. Егер осы Үлгілік нормативтер бойынша жұмыс орнында орындаушылардың бір саны көзделсе, ал еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар бойынша жұмысшылар саны көп болса, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарда көзделген сан белгіленеді.

      16. Басқарудың нормаланатын функцияларының мазмұнында орындалатын негізгі жұмыстар көрсетілген. Жұмыс мазмұнында тізімделмеген, бірақ осы басқару функцияларының құрамдас бөлігі болып табылатын қосалқы жұмыстар уақыт нормаларымен ескеріледі және бөлек нормаланбайды.

      17. Жинақта келтірілген жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының атаулары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 533 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21909 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына (бұдан әрі – Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 болып тіркелген) Басшылар, мамандар және өзге де қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына (бұдан әрі – Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы) сәйкес келеді.

      18. Кеңсе меңгерушісінің нормативтік саны кеңсеге 1 бірлік мөлшерінде айқындалады.

      19. Ведомстволық күзет және өрт күзеті жұмыскерлерінің саны бекеттердің орналасу орындары мен олардың жұмыс режимін белгілей отырып, Ұйым объектілері бойынша бекітілген актіні негізге ала отырып, есеп айырысу арқылы айқындалады. Бұл ретте әрбір лауазымға жұмыс режимін негізге ала отырып, саны қабылданады:

      1) 24 сағаттық төрт ауысымдық жұмыс графигінде – 4,8 адам;

      2) 16 сағаттық екі ауысымдық жұмыс графигінде – 3 адам;

      3) 12 сағаттық екі ауысымдық жұмыс графигінде – 2 адам;

      4) 8 сағаттық бір ауысымдық жұмыс графигінде – 1,5 адам;

      Өрт-күзет күзеті басшыларының саны күзет санына байланысты 70 адамға дейін – 5 адам, 70-тен астам адам – 6 адам болып белгіленеді.

      20. Жұмыстар жүргізілетін жерге дейін жол жүруге кететін уақыт шығындары осы Үлгілік нормативтерге 1-қосымшада келтірілген.

      21. Қазандықтарда қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың саны осы Үлгілік нормативтердің 41-тармағына сәйкес айқындалады.

      22. Ұйымның өнеркәсіптік-өндірістік персоналының еңбек шығындарына әсер ететін норма түзуші көрсеткіштер осы Үлгілік нормативтерге 2-қосымшада келтірілген.

      23. Әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер, қызметтік, өндірістік үй-жайларды тазалаушылар және аумақтарды тазалаушылар санының нормативтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 тамыздағы № 330 бұйрығымен бекітілген Қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық үлгілік нормалар мен нормативтерге сәйкес есептеледі.

2-тарау. Еңбекті ұйымдастыру

      24. Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Ұйым жарғысымен, Ұйым туралы ережелермен, Ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелермен, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына және Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес әзірленетін лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі.

      25. Мұнай айдау станцияларының объектілеріне қызмет көрсету мен жөндеуге мыналар кіреді: мұнай айдау станциялары, депрессаторлық, турбулентке қарсы және ингибиторлық қондырғылар, құю сорғы станциялары, жұмыс резервуарлары, қабылдау-тапсыру пункттері, құю және ағызу эстакадалары мен айлақтары, теміржол жолдары, парафинді мұнай қыздыру пункттері, қазандықтар, балласты, тауарлық және өнеркәсіптік кәріз суларын тазарту учаскелері, магистральдық құбырлар мен құрылысжайлар, стационарлық дизельді электр станциялары, су құбыры мен кәріздің тазарту құрылысжайлары, газ тарату пункттері (станциялары).

      Объектілердің жабдықтарына қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру нысаны – жеке және бригадалық (мамандандырылған немесе кешенді бригадалар).

      Бригадалардың (буындардың) сандық және кәсіптік-біліктілік құрамы кәсіптерді қоса атқаруды ескере отырып, бригаданың барлық мүшелерінің біркелкі және толық жүктелуін қамтамасыз ету мақсатында орындалатын жұмыстардың көлемі мен құрамына қарай белгіленеді.

      Пайдалану және жөндеу персоналы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларына, кәсіптер бойынша өндірістік, лауазымдық және жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес жабдықтар мен құбырларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстар кешенін орындайды.

      26. Мұнай айдау станциялары объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу функциялары кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай түрде бөлінеді:

      1) техникалық қызмет көрсетуді және ағымдағы жөндеуді пайдалану учаскелерінің персоналы жүргізеді;

      2) күрделі жөндеу – пайдалану бөлімшелерінің персоналын тарта отырып, жөндеу бөлімшесінің персоналы немесе мердігерлік ұйымдар.

      Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу, диагностикалау бойынша жұмыстар машиналарды, механизмдерді, шағын механикаландыру құралдарын, такелаждық жарақтарды және персоналды қорғау және қауіпсіздік құралдарын қолдана отырып орындалады.

      27. Құрылымдық бөлімшелер жұмыскерлерінің функциялары SAP ERP автоматтандырылған жүйесін, "Microsoft Outlook" электрондық пошта байланысын, Lotus, SCADA және жергілікті ақпараттық-есептеу желілерімен өзара байланысты дербес компьютерлер базасындағы басқа да бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      28. Осы Үлгілік нормативтерде қабылданған ұйымдастырушылық-техникалық шарттарда:

      1) жұмыс орындарын ұтымды ұйымдастыру;

      2) жұмыскерлердің қажетті ақпаратты, консультацияны, нұсқаманы уақытылы алуы;

      3) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұтымды режимін сақтау;

      4) белгіленген санитариялық-гигиеналық нормалар мен стандарттарды қамтамасыз ету көзделеді.

      Жұмыскерлердің жұмыс орындары ұйымдастыру техникалары мен еңбек заттарын ыңғайлы орналастыруды, ал үстел жәшіктерінде – тиісті құжаттар мен кеңсе керек-жарақтарын сақтауды қамтамасыз ететін компьютерлік үстелмен (тіркемесімен) жабдықталады.

      29. Персоналдардың жұмыс режимдері:

      жұмыс күні ұзақтығы 8 сағат болатын бес күндік жұмыс аптасы;

      ауысым ұзақтығы 12 сағат болатын ауысымдық жұмыс режимі;

      еңбекті ұйымдастырудың вахталық әдісін қамтиды.

3-тарау. Нормативтік бөлім

      30. Магистральдық мұнай айдау станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнай мен мұнай өнімдерін айдау, автоматтандырылған мұнай айдау станцияларында жұмыс істеу кезінде магистральдық құбырларда технологиялық процесті қашықтық пультімен басқару. Мұнай айдаудың берілген режимін қамтамасыз ету. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электр қозғалтқыштарының жүктемесін, резервуарлардағы мұнай деңгейін, сорғылар мен құбырлардағы температура мен жұмыс қысымын, сорғы агрегаттарының дірілін, газдануын, сорғылар мен электр қозғалтқыштарының мойынтіректерінің температурасын байқау. Аспаптардың көрсетілімін алу. Сорғыларға, салқындату және желдету жүйесіне, бекіту арматурасына қызмет көрсету. Сорғыларды іске қосуға дайындық, іске қосу және тоқтату. Механизмдерді пайдалана отырып, аса күрделі бірегей қондырғыларды, аппараттарды, машиналар мен агрегаттарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, құрастыру, сынау және реттеу. Объектінің электр жабдықтарын дұрыс басқаруды және мұнай айдау станциясының электр жабдықтарының авариясыз жұмысын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: мұнай айдау станциясының операторы, технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі, электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.

      Магистральдық мұнай айдау станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 1-кестеде келтірілген.

      31. Депрессаторлық қондырғыларға, турбулентке қарсы қондырғыларға, ингибиторлар мен экологиялық қондырғыларды енгізу жөніндегі қондырғыларға жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес мұнай, мұнай өнімдерін өңдеу жөніндегі қондырғыларда технологиялық процесті жүргізу және жабдықтардың жұмысын байқау. Блоктың, қондырғының, бөлімнің өнімділігін реттеу. Процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және жою. Өнімнің шығуы мен сапасын, реагенттердің, энергия ресурстарының шығынын бақылауды жүзеге асыру. Камералық және туннельдік пештердің жылыту жүйесін іске қосу және тоқтату әрі олардың гидравликалық режимін реттеу; таспалы конвейерлерге қызмет көрсету, елеу, баяу кокстеу қондырғыларында біліктілігі едәуір жоғары оператордың басшылығымен фракциялық құрамы бойынша мұнай коксын жіктеу;

      2) орындаушылар құрамы: технологиялық қондырғылар операторы.

      Депрессаторлық қондырғыларға, турбулентке қарсы қондырғыларға, ингибиторлар мен экологиялық қондырғыларды енгізу жөніндегі қондырғыларға жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 2-кестеде келтірілген.

      32. Сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электр қозғалтқыштарының жүктемесін, сорғылардың шығуындағы берілген қысымды байқау, судың және басқа да айдалатын сұйықтықтардың берілген қысымын ұстап тұру, сорғылардың, қозғалтқыштардың және құбырлардың қызмет көрсетілетін учаскесінің арматурасының үздіксіз жұмысын, автоматика аспаптарының, майлау, салқындату және желдету жүйелерінің, тарату құрылғыларының, бекіту арматурасының жұмысын бақылау. Мұнай, мұнай өнімдерін айдау және дайындау бойынша сорғы станцияларына қызмет көрсету. Магистральдық құбырлардың сорғы станциялары мен технологиялық қондырғыларында электр қозғалтқыштары бар сорғыларға қызмет көрсету. Сорғы станциясы жабдықтарының жұмысындағы ақауларды айқындау және оларды жою, айдалатын өнімдердің ағып кетуін жою, механикалық-технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарлық жұмыстарды орындау. Сорғы жабдықтарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау және көтергіш-көлік тетіктері мен арнайы құралдарды қолдана отырып, жөндеуге, такелаждау жұмыстарына қатысу; технологиялық сорғыларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар;

      2) орындаушылар құрамы: технологиялық сорғылар машинисі.

      сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 3-кестеде келтірілген.

      33. Резервуарлық парктерге қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      резервуарларға, технологиялық құбырларға қызмет көрсету. Резервуардағы мұнай мөлшерін анықтау. Мұнай саны мен сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйесін қолдана отырып, мұнай массасын анықтау, тауар паркінің жұмысы туралы есеп пен жедел есептілікті жүргізу, өнімдерді айдау, қабылдау және тапсыру бойынша барлық операцияларға құжаттама ресімдеу. Бос тұрып қалған цистерналарға актілерді ресімдеу. Ауысымдағы мұнай қозғалысының теңгерімін құру. Мұнай қозғалысы, мұнай айдау режимінің технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді беру. Мұнайдың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: резервуарлық парктерге қызмет көрсететін жұмысшы.

      Резервуарлық парктерге қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 4-кестеде келтірілген.

      34. Қабылдау-тапсыру пункттеріне жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      резервуарларға, технологиялық құбырларға қызмет көрсету. Резервуардағы мұнай мөлшерін анықтау. Мұнай саны мен сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйесін қолдана отырып, мұнай массасын анықтау, тауар паркінің жұмысы туралы есеп пен жедел есептілікті жүргізу, өнімдерді айдау, қабылдау және тапсыру бойынша барлық операцияларға құжаттама ресімдеу. Бос тұрып қалған цистерналарға актілерді ресімдеу. Ауысымдағы мұнай қозғалысының теңгерімін құру. Мұнай қозғалысы, мұнай айдау режимінің технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді беру. Мұнайдың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: тауар операторы.

      Қабылдау-тапсыру пункттеріне жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 5-кестеде келтірілген.

      35. Мұнай мен ауа ортасына химиялық талдау жүргізетін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      белгіленген әдістеме бойынша мұнай және мұнай өнімдеріне талдау жүргізу. Мұнай сапасының паспортын ресімдеу; молярлық, қалыпты және пайыздық концентрациядағы ерітінділерді дайындау. Реактивтер мен дайындалған ерітінділердің жарамдылық мерзімін бақылау, титрді және жұмыс ерітіндісі бойынша титрді орнату және тексеру. Зертханалық жабдықтар мен аспаптардың жұмыс қабілеттілігін стандартты үлгілер, салыстырып тексеру және аттестатталған қоспалар бойынша тексеру. Көрсетілімдерді алу, нәтижелерді есептеу және ресімдеу. Мұнайдың арбитражды және бақылау сынамаларына талдау жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;

      2) орындаушылар құрамы: химиялық талдау зертханашысы.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,5*АТС0,56

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      АТС – ауысымда жүргізілетін талдаулар саны, бірлік.

      Ескертпе:

      ауысымда жүргізілетін талдаулардың саны тікелей басшының ұйымдастыру-бөлу құжаттарында көрсетілген сынамалар санына және оларды іріктеу кезеңділігіне байланысты белгіленеді;

      ауысымда жүргізілетін талдаулардың санына мұнай өнімдерінің үлес салмағын ареометрмен және механикалық қоспалар мен судың құрамын визуалды айқындау бойынша талдау кірмейді.

      36. Құю және ағызу теміржол эстакадаларындағы мұнайдың сандық және сапалық көрсеткіштерін есепке алу және бақылау жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      ағызу-құю теміржол эстакадасына және бекіту арматурасына қызмет көрсету. Вагон-цистерналардағы мұнай мөлшерін айқындау; Мұнай саны мен сапа көрсеткіштерін өлшеу жүйесін пайдалана отырып, мұнай массасын айқындау, тауар паркінің жұмысы туралы есеп пен жедел есептілікті жүргізу, өнімдерді айдау, қабылдау және тапсыру жөніндегі барлық операцияларға құжаттаманы ресімдеу. Бос тұрып қалған цистерналарға актілерді ресімдеу. Ауысымдағы мұнай қозғалысының теңгерімін құру. Мұнай қозғалысы, мұнай айдау режимінің технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді беру. Мұнайдың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: тауар операторы.

      Құю және ағызу теміржол эстакадаларындағы мұнайдың сандық және сапалық көрсеткіштерін есепке алу және бақылау жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 6-кестеде келтірілген.

      37. Теміржол эстакадаларында мұнай құю және ағызу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнай және басқа да мұнай өнімдерін әртүрлі қоймаларға қабылдау. Автоматты және жартылай автоматты машиналарда мұнайды құю ыдысына құю. Теміржол эстакадасының құю көтергіштеріне цистерналардың вагондарын орналастыру. Шлангтарды жетілдіру және түсіру құю көтергіштерін люктерге ағызу. Көтергіштердегі ысырмаларды ашу және жабу. Вагондарды, цистерналарды өнім қалдықтарынан тазарту. Цистерналар мен коммуникацияларды жылыту. Төгілетін және құйылатын өнімдердің түсуін есепке алу. Құюдан бос уақытта ағызушы-құюшылар құю үшін технологиялық коммуникацияларды дайындайды, құю алаңдарындағы жұмыс орындарын жинайды;

      2) орындаушылар құрамы: ағызушы-құюшы.

      Теміржол эстакадаларында мұнай құю және ағызу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 7-кестеде келтірілген.

      38. Құю және ағызу теміржол эстакадалары мен айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      әртүрлі типтегі және жүйелердегі жоғары вольтты электр машиналары мен электр аппараттарын бөлшектеу, күрделі жөндеу, құрастыру, орнату және ортаға дәл келтіру. Қорғау құралдары мен автоматика және телемеханика аспаптарының күрделі құрылғыларындағы схемаларды баптау және ақауларды жою; электр жабдықтарын және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттар схемаларын қосудың аса күрделі схемалары бар күштік және жарықтандыру қондырғыларына, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттейтін жабдыққа қызмет көрсету; кіріс құрылғылары мен қосқыш муфталарды монтаждай отырып, кәбілдік желілерді монтаждау және жөндеу. Сынапты түзеткіштер мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау.

      Механизмдерді пайдалана отырып, аса күрделі бірегей қондырғыларды, аппараттарды, машиналар мен агрегаттарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, құрастыру, сынау және реттеу және оларды жөндеуден кейін тапсыру. Жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою; жөнделген жабдықтың жүктемесімен дәлдігін тексеру және сынау. Бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Қауырт және тығыз қондыру жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;

      2) орындаушылар құрамы: электр жабдығын жөндейтін және қызмет көрсететін электрмонтер, технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарі.

      Құю және ағызу теміржол эстакадалары мен айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 8-кестеде келтірілген.

      39. Айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      танкерді тиеу алдында кеменің өкілімен бірлесіп шланг операцияларын жүзеге асыру, танкерге мұнай құю кезінде шланг құрылғыларының жарамдылығын байқау, танкерге құю алдында жүк операцияларының жоспарымен танысу. Технологиялық жабдықты пайдалану нормаларының талаптарына сәйкес фланецтерді қосу, мұнай құю айлақтарының технологиялық құбырларына қарап-тексеру жүргізу. Тауар паркінің жұмысы туралы есепті және жедел есептілікті жүргізу, өнімдерді айдау, қабылдау және тапсыру бойынша барлық операцияларға құжаттаманы ресімдеу. Бос тұрып қалған цистерналарға актілерді ресімдеу; ауысымдағы мұнай қозғалысының теңгерімін құру. Мұнай қозғалысы, мұнай айдау режимінің технологиялық параметрлері туралы мәліметтерді беру. Мұнайдың сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: тауар операторы.

      Айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 9-кестеде келтірілген.

      40. Парафинді мұнай қыздыру пункттеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес мұнай, мұнай өнімдерін өңдеу жөніндегі қондырғыларда технологиялық процесті жүргізу және жабдықтардың жұмысын байқау. Блоктың, орнатудың, бөлудің өнімділігін реттеу. Процестің берілген режимнен ауытқуының алдын алу және жою. Өнімнің шығуы мен сапасын, реагенттердің, энергия ресурстарының шығысын бақылауды жүзеге асыру. Камералық және туннельдік пештердің жылыту жүйесін іске қосу және тоқтату және олардың гидравликалық режимін реттеу; таспалы конвейерлерге қызмет көрсету, елеу, баяу кокстеу қондырғыларында біліктілігі едәуір жоғары оператордың басшылығымен фракциялық құрамы бойынша мұнай коксын жіктеу;

      2) орындаушылар құрамы: технологиялық қондырғылар операторы, электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь.

      Парафинді мұнай қыздыру пункттеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 10-кестеде келтірілген.

      41. Қазандықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      су жылыту және бу қазандықтарына қызмет көрсету. Қазандықта сұйық және аратісті отынмен немесе электр жылытумен жұмыс істейтін жекелеген су жылыту немесе бу қазандықтарына қызмет көрсету. Негізгі агрегаттарға қызмет көрсету аймағында орналасқан жылу желілік қазандық қондырғыларына немесе бастырылған бу станцияларына қызмет көрсету. Қазандықтардағы су деңгейін, будың, судың және шығатын газдардың қысымы мен температурасын бақылау-өлшеу аспаптары бойынша байқау. Бу тұтыну графигіне сәйкес қазандықтардың жұмысын (жүктемесін) реттеу. Жабдықтың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және жою;

      2) орындаушылар құрамы: қазандық операторы.

      Қазандықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 11-кестеде келтірілген.

      42. Балластық, тауарлық, өнеркәсіптік кәріз және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      тазарту құрылысжайларының авариясыз жұмыс процесін бақылауды, басқаруды, реттеуді жүзеге асыру. Тұрмыстық сарқынды суларды тазарту станцияларынан, өндірістік жаңбыр тазарту, балластық, тауарлық және өнеркәсіптік сарқынды сулар станцияларынан, су дайындау, кәріз құдықтары станцияларынан тазартылған су сынамаларын алуды жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: суды химиялық тазалау аппаратшысы, ұйытушы, тазарту құрылысжайларының операторы, хлоратор қондырғысының операторы, сүзгілердегі оператор.

      Балластық, тауарлық, өнеркәсіптік кәріз және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 12-кестеде келтірілген.

      43. Суасты өткелдерін зерттеп-қарау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жабдықтарды, кеме қозғалтқыштарының күштік агрегаттарын және басқа да механизмдерді, кемелерде пайдаланылатын құралдарды, қоршау және сақтандыру құрылғыларын, санитариялық-техникалық құрылғыларды, сондай-ақ өндірістік, қосалқы үй-жайлар мен құрылысжайларды авариясыз пайдалануды қамтамасыз ету.

      Құбырлар мен кәбілдердің суасты траншеяларына салынған суасты және ауа өткелдерін, құбырларды, су айдындарын, орамдарды, құбыр құрылысжайларын зерттеп-қарау графигіне сәйкес зерттеп-қарауды орындау. Каналдардың, шлюздердің, бөгеттер мен дамбалардың тас беткейлерін, айлақ қабырғаларының тірек бөліктерін, пирстерді және кемелерді арқандап байлауға арналған басқа да құрылысжайларды, қалқымалы белгілерді, жолдың жағдайын және навигациялық жабдықтардың құралдарын қарап-тексеру.

      Суасты және әуе өткелдеріндегі авариялардың салдарын жоюмен байланысты жұмыстардың барлық түрлерін бондық тосқауылдар мен мұнай жинау жабдықтарын орнату арқылы орындау. Құбырлардың траншеяларын ашып-қарау, траншеялар мен шұңқырларды қайта толтыру кезінде қосалқы жұмыстарды орындау;

      2) орындаушылар құрамы: матрос, сүңгуір, технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі.

      Суасты өткелдерін зерттеп-қарау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 13-кестеде келтірілген.

      44. Авариялық-қалпына келтіру пункттері санының нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      конструкциялық болаттан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен құбыржолдарды және көміртекті болаттан жасалған тораптардың, конструкциялар мен құбыржолдардың күрделі бөлшектерін дәнекерлеу жігінің барлық кеңістіктік жағдайларында қолмен доғалы, плазмалық және газды дәнекерлеу. әртүрлі болаттардан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектердің әртүрлі қалыптарында белгілеу бойынша қол оттекті, плазмалық және газды тік сызықты және мүсіндеп кесу және бензинмен кесу және керосинмен кесу аппараттарымен жылжымалы, стационарлық және плазмамен кесу машиналарында кесу. Жоғары хромды және хромникельді болаттар мен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу.

      Металды, әртүрлі болаттан жасалған қарапайым, күрделі және күрделілігі орташа бөлшектерді, түсті металдар мен қорытпаларды дәнекерленетін жіктің барлық кеңістік жағдайларында, қойылған белгі бойынша фотоэлементтік және бағдарламалық басқарылатын жылжымалы және стационарлық оттегі және плазмадоғалы машиналарда оттегі және ауа-плазмалық тік және мүсіндеп қолмен кесу. Бөлшектерді кесуге дайындау, тазалау, оларды кесуге төсеу.

      Құбырдағы тораптарды монтаждау. Құбырларды ортаға дәл келтіру. Құбырларды бүгу. Арматура мен фасонды бөлшектерді эскиздер бойынша белгілеу және орнату. Жоғары қысымды бекіту және сақтандыру арматурасын тексеру және жөндеу. Бекіту арматурасын, тораптарын және құбырлардың жекелеген учаскелерін қысу. Құбыр мен арматурада мұнай және мұнай өнімдерінің ағып кетуін жою.

      Буындар мен жалғыз болат және шойын құбырларды, бетон, темірбетон, асбест-цемент, керамика және полимерлі материалдардан жасалған құбырларды төсеу. Түйістер мен келтеқұбырды, қысымды және қысымсыз құбырларды бітеу. Коллекторлардың, арналардың, камералар мен құдықтардың негізі мен жабынының темірбетон плиталарын төсеу. Қабырға блоктарының түйістерін, негіздің плиталарын және коллекторлардың, арналардың, камералар мен құдықтардың жабындыларын бітеу;

      2) орындаушылар құрамы: электр газбен дәнекерлеуші, газбен кесуші, машинист, механик.

      Авариялық-қалпына келтіру пункттері санының нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 14-кестеде келтірілген.

      45. Қосалқы станцияларға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      әртүрлі типтегі және жүйелердегі жоғары вольтты электр машиналары мен электр аппараттарын бөлшектеу, күрделі жөндеу, құрастыру, орнату және ортаға дәл келтіру. Қорғау құралдары мен автоматика және телемеханика аспаптарының күрделі құрылғыларындағы схемаларды баптау және ақауларды жою. Электр жабдықтарын және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттардың схемаларын қосудың аса күрделі схемалары бар күштік және жарықтандыру қондырғыларына, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттейтін жабдыққа қызмет көрсету; кіріс құрылғылары мен қосқыш муфталарды монтаждай отырып, кәбілдік желілерді монтаждау және жөндеу. Сынапты түзеткіштер мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау;

      2) орындаушылар құрамы: қосалқы станцияның электр жабдығын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері.

      Қосалқы станцияларға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 15-кестеде келтірілген.

      46. Стационарлық дизельді электр станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның магистральдық және технологиялық құбыржолдарындағы қалпына келтіру жұмыстарына, аварияларды, оқыс оқиғаларды, рұқсатсыз кесулерді және олардың салдарын жоюға қатысу. Қуаты бар барлық жүйелердің ішкі жану қозғалтқыштарына немесе бірнеше қозғалтқыштармен жабдықталған қондырғыларға (станцияларға) қызмет көрсету; машинист көмекшісі ретінде барлық жүйелердің бірнеше ішкі жану қозғалтқыштарына қызмет көрсету. Агрегаттардың, генераторлардың, отын сорғыларының және қосалқы механизмдердің жұмысы мен жарамдылығын бақылау. Ағымдағы жөндеуді орындау және қозғалтқыштарды орташа және күрделі жөндеуге қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: іштен жандыратын машинист, слесарь-жөндеуші, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер.

      Стационарлық дизельді электр станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 16-кестеде келтірілген.

      47. Су сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      тазарту құрылысжайларының авариясыз жұмыс процесін бақылауды, басқаруды, реттеуді орындау. Тұрмыстық сарқынды суларды тазарту станцияларынан, өндірістік жаңбыр сарқынды суларын тазарту станцияларынан, су дайындау станцияларынан, кәріз құдықтарынан тазартылған су сынамаларын алу. Сынамаларды талдауға дайындауды жүзеге асыру. Нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес белгіленген әдістемелер бойынша талдау жүргізу. Тазарту құрылысжайлары бар су қабылдағыштың ауыз суына қысқаша химиялық талдау жүргізу және ауа ортасын бақылауға талдау жүргізу;

      2) орындаушылар құрамы: химиялық су тазалау аппаратшысы, ұйытушы, химиялық-бактериологиялық талдау зертханашысы.

      Су сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 17-кестеде келтірілген.

      48. Тиеу-түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      қарапайым тиеу-түсіру айлабұйымдары мен тасымалдау құралдарын қолдана отырып, жүктерді қолмен тиеу, түсіру және қоймаішілік қайта өңдеу-сұрыптау, төсеу, тасымалдау, артық салу, буып-түю. Шығырларды, көтергіш блоктарды, уақытша көлбеу құрылғыларды және жүктерді тиеуге және түсіруге арналған басқа да құрылғыларды орнату. Қоймалар мен көлік құралдарында жүктерді бекіту және жабу. Қалқандар мен траптарды тасымалдау. Жұмыс барысында вагондарды итеріп жеткізу (кейін серпу). Жылжымалы құрамның люктерін, борттарын, есіктерін ашу және жабу. Жүкті түсіргеннен кейін жылжымалы құрамды тазалау;

      2) орындаушылар құрамы: тиеуші, матаушы.

      Тиеу-түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 18-кестеде келтірілген.

      49. Қосалқы-көмекші жұмыстарды орындайтын жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      тауарлық-материалдық құндылықтарды тиеу-түсіру. Жүктерді қойма үй-жайларына сақтауға ауыстыру, оларды тиісті бөліктерге бөлу. Қосалқы үй-жайларды, тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау орындарын таза ұстау;

      2) орындаушылар құрамы: қосалқы жұмысшы.

      Қосалқы-көмекші жұмыстарды орындайтын жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 19-кестеде келтірілген.

      50. Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және беру жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      қоймаға қабылдау, өлшеу, сақтау және қоймадан әртүрлі материалдық құндылықтарды беру бойынша жұмыстар. Қабылданатын құндылықтардың ілеспе құжаттармен сәйкестігін тексеру. Қоймада сақталатын материалдық құндылықтардың болуын есепке алу және есептік құжаттаманы жүргізу. Жарамсыз болып қалған арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді, материалдар мен құралдарды есептен шығаруға құжаттарды дайындау және ресімдеу. Түгендеу жүргізуге қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: қоймашы.

      Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және беру жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 20-кестеде келтірілген.

      51. Автомобильдер мен арнайы техникаға жанар-жағармай материалдарын құятын жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      қашықтықтан басқарылатын автоматты және механикалық жанармай құю құралдарының көмегімен жанар-жағармай материалдарын, бензинді, керосинді, майды автомашиналарға, тракторларға және басқа да көлік құралдарына құю. Мемлекеттік тексерушілерге отын тарату колонкалары мен өлшеу құрылғыларын тексеруге ұсыну мерзімдерін бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: жанармай құю станцияларының операторы.

      Автомобильдер мен арнайы техникаға жанар-жағармай материалдарын құятын жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 21-кестеде келтірілген.

      52. Санитариялық-техникалық жүйелердің тораптары мен бөлшектеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      орталық жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлар жүйелерінің, көбік сөндіру жүйесінің ақаулықтарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Фасонды бұйымдардың болат, шойын құбырларынан және бекіту арматурасынан жасалған құбырлардың учаскелерін ауыстыру. Құбырлар мен бекіту арматурасын сынау кезінде ақаулы орындарды анықтау және жою;

      2) орындаушылар құрамы: слесарь-сантехник.

      Санитариялық-техникалық жүйелердің тораптары мен бөлшектеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 22-кестеде келтірілген.

      53. Механикаландыру және көлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      бекітілген автокөліктің, механикаландыру құралдарының, көлік, механикаландыру құралдарының және ондағы мүліктің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз ету. Көлік және механикаландыру құралдарын қауіпсіз пайдалануды (пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес) қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды өз бетінше орындау, автокөліктің шанағы мен салонының қозғалтқышын таза күтіп ұстау. Жол парақтарын, жүріп өткен километражды, отын шығысын жүргізу. Көлік және механикаландыру құралдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, қосалқы бөлшектерді ауыстыру;

      2) орындаушылар құрамы: жеңіл автомобиль жүргізушісі, арнайы автомобиль жүргізушісі, жүк көлігінің жүргізушісі, автобус жүргізушісі, өрт сөндіру машинасының жүргізушісі, тракторшы, автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь, автомобиль кранының машинисі, экскаватор машинисі, автомұнараның және автогидрокөтергіштің машинисі, бульдозер машинисі, токарь, электр газбен дәнекерлеуші.

      Механикаландыру және көлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 23-кестеде келтірілген.

      54. Ғимараттарды жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      конструкцияларды сақтау бойынша, ғимараттардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмайтын әрлеу бойынша жоспарлы-алдын алу жұмыстарына, пайдалану процесінде туындайтын ұсақ зақымданулар мен ақауларды жою жөніндегі жұмыстарға сәйкес ағымдағы жөндеу жүргізу;

      2) орындаушылар құрамы: ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы, сырлаушы, ағаш ұстасы, санитариялық-техникалық жүйелер мен жабдықтарды монтаждаушы, сылақшы, слесарь-сантехник, тас қалаушы, шатырлаушы.

      Ғимараттарды жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 24-кестеде келтірілген.

      55. "Технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      сорғы станцияларының технологиялық жабдықтарына, мұнай қыздыру пункттеріне, қосалқы жүйелерге, бекіту арматурасына, желдеткішке, электр жылыту қондырғыларына, компрессорларға, қазандықтарға және қазандық-қосалқы жабдықтарға, жылу, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау құбырларына және кәрізге, мұнай мөлшерін өлшеу жүйелеріне, турбо поршенді қондырғыларға, металл кесетін станоктарға, ұсталық-престеу жабдықтарына, жүк көтергіш жабдықтарға, резервуарлар мен жөндеу кезінде қолданылатын электр дәнекерлеу жұмыстарына, пневмо- және электр құралдарын өндіруге арналған құрал-саймандардың, механизмдер мен құралдардың, агрегаттар мен трансформаторлардың қосалқы жабдықтарына, қызмет көрсететін газ жабдығына техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу.

      Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу және баптау мен жөндеуден кейін тапсыру. Бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу. Қауырт және тығыз қондыру жағдайында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

      Конструкциялық болаттан, шойыннан, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған күрделілігі орташа бөлшектерді, тораптарды, конструкциялар мен құбыржолдарды және көміртекті болаттан жасалған тораптардың, конструкциялар мен құбыржолдардың күрделі бөлшектерін дәнекерлеу жігінің барлық кеңістіктік жағдайларында қолмен доғалы, плазмалық және газды дәнекерлеу. Әртүрлі болаттардан, түсті металдардан және қорытпалардан жасалған күрделі бөлшектердің әртүрлі қалыптарында белгілеу бойынша қол оттекті, плазмалық және газды тік сызықты және фигуралы кесу және бензинмен кесу және керосинмен кесу аппараттарымен жылжымалы, стационарлық және плазмамен кесу машиналарында кесу. Жоғары хромды және хромникельді болаттар мен шойыннан жасалған бөлшектерді оттегі-флюсті кесу;

      Станоктарды жөндеу және баптау; бөлшектердің цилиндрлік, конустық, фасондық, шарлы және бейінді беттерін жону және кеулейжону; ұштарын кесу және өңдеу, ойықтарды ұштау; дайындамаларды кесу; сыртқы және ішкі (тікбұрышты, трапеция, көп кіріс) бұранданы кесу; бұрғылау, үңгілеу, тесіктерді бұрап босату; жетілдіру және үйкелеу, тегістеу, бүрлеу, жаймалау (сыртқы беттерді), домалату (ішкі беттерді), бұдырды бүрлеу, токарлық станоктарда бөлшектердің беттерін жылтырату; тегіс және пішінді беттерді, фрезерлік және қашау станоктарындағы ойықтардың ішкі және сыртқы ойықтарын фрезерлеу және қашау; бөлшектердің бетін көлденең сүргілеу станогында жону; құбыр ию станогында құбырды ию; тегістеу станогында бөлшектерді тегістеу; тегістеу дөңгелектерін түзету; құралдарды қайрау; металл кесетін станоктарда болат табақтарын, шеңберлерін, құбырларды кесу.

      Арнайы мақсаттағы жоғары жылдамдықты электр машиналарының роторлары мен якорьлерін динамикалық теңестіру. Сорғы агрегаттарының роторларын, компрессорларды, желдеткіштерді, сорғы дөңгелектерін динамикалық теңестіру. Теңгерімдеуші станокты баптау және жөндеу. Тораптар мен механизмдерді құрастыру, реттеу және сынау. Дайындау, белгілеу, қыру, үйкеу. Бөлшектерді тегістеу. Жөнделетін тораптар мен механизмдерді арнайы қондырғыларда немесе стендтерде сынау. Теңгерімдеуші станоктардағы бөлшектерді статикалық және динамикалық теңгерімдеу.

      Балғаларда белгілі бір түрдегі жоғары легирленген және ыстыққа төзімді болаттардан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Балғаларда құймалардан әртүрлі бейіндер мен өлшемдердің бөлшектерін соғу. Түсті металл қорытпаларынан жасалған қарапайым және күрделілігі орташа бөлшектер мен дайындамаларды соғу. Әртүрлі маркалы болаттардан. Балғаларда әртүрлі маркалы болаттардан және түсті металдар қорытпасынан жасалған күрделі бөлшектер мен дайындамаларды соғу.

      Жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және суағарлар жүйелерінің, көбікпен сөндіру жүйелерінің ақауларын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Фасонды бұйымдардың болат, шойын құбырларынан және бекіту арматурасынан жасалған құбырлардың учаскелерін ауыстыру. Құбырлар мен бекіту арматурасын сынау кезінде ақаулы орындарды анықтау және жою.

      Күрделі такелаж бұйымдары мен алмалы-салмалы жүк түсіретін құралдарды дайындау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету. Болат арқандардан бұйымдар жасау. Алмалы-салмалы жүк түсіретін құралдар және такелаж бұйымдарының қарапайым және орташа күрделілігін сынау және таңбалау. Такелажды жөндеуге және дайындауға арналған жабдықтар мен құралдарға техникалық қызмет көрсету.

      Күрделілігі орташа конструкцияның вулканизациялық жабдығында: үлкен қазандықтарда, үздіксіз жұмыс істейтін вулканизациялық аппараттарда резеңкеден, резеңке желімдерден және латекстен жасалған бұйымдарды вулканизациялау бойынша технологиялық процесті жүргізу және аса күрделі жұмыстарды орындау;

      2) орындаушылар құрамы: технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь, слесарь-аспапшы, механикалық құрастыру жұмыстарының слесары, өнеркәсіптік желдету мен жылытуды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь, слесарь-жөндеуші, слесарь-сантехник (жылу желілеріне, кәріздерге қызмет көрсету жөніндегі слесарь), электр газ дәнекерлеуші, барлық атаудағы станокшылар, тіс кесуші, бөлшектер мен тораптарды теңестіруші, ұста, фрезерлеуші, токарь, такелаж және жүк қармағыш құрылғылары жөніндегі слесарь, газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, престеуші-вулканизатор, матаушы.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,5*Өн+1,0*Пс+0,5*Қ+0,02*С

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өн – сорғы станцияларының магистральдық агрегаттарының және мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      Қ – қазандықтардың саны, бірлік;

      С – резервуар паркінің сыйымдылығы, мың м3.

      Жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді жөндеу, реставрациялау жөніндегі жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелеріне қызмет көрсететін өндірістік қызмет көрсету базасы жұмысшыларының алынған нормативтік санына К = 1,45 қолданылады.

      56. "Электртехникалық және энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      әртүрлі типтегі және жүйелердегі жоғары вольтты электр машиналары мен электр аппараттарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, орнату және ортаға дәл келтіру; қорғау құралдары мен автоматика және телемеханика аспаптарының құрылғыларындағы схемаларды баптау және ақауларды жою; электр жабдықтарын және ағындық желіге қосылған машиналар мен агрегаттардың схемаларын, сондай-ақ технологиялық процесті автоматты реттей отырып, жабдықтарды қосу схемалары әртүрлі деңгейдегі күштік және жарықтандыру қондырғыларына қызмет көрсету; кіріс құрылғылары мен қосқыш муфталарды монтаждай отырып, кәбілдік желілерді монтаждау және жөндеу; сынапты түзеткіштер мен жоғары жиілікті қондырғыларды жөндеу, монтаждау, орнату және баптау. Дәл өлшеу құрылғылары мен құралдарын пайдалана отырып, барлық тозған бөлшектерді ауыстыра отырып, реленің механикалық және электрлік бөлігінің, автоматика аспаптары мен құрылғыларының, кинематика механизмінің жөндеу және құрастыру жұмыстары. Релелік қорғау және автоматика аспаптарына, аппаратурасына ақау ведомостарын жасау. Бақылау қондырғыларын, байланыс релелік аппаратурасын тексеру, жөндеу және баптау. Интегралды микросхемаларда релелік қорғау және автоматика құрылғыларының жекелеген элементтерін сынау және баптау. Электр жабдықтары мен қорғау құралдарын сынау және өлшеу;

      2) орындаушылар құрамы: электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер, релелік қорғау және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электрмонтер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,12*Қ+0,0023*Э+0,023*Кж+0,075*Ж+0,0006*Тж

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Қ – электр жабдықтарының белгіленген қуаты, мың киловатт;

      Э – электр жабдықтарының саны, бірлік;

      Кж – кабель желілерінің ұзындығы, километр;

      Ж – жарықтандыру желілерінің ұзындығы, километр;

      Тж – жарық техникалық жабдықтардың саны, бірлік.

      57. "Автоматика, телемеханика құралдарын және бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу және оларға қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      аспаптар мен аппаратура жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Технологиялық жабдықтың монтаждық схемаларын жөндеуден кейін баптау және кешенді сынау. Бақылау-өлшеу аспаптарының, автореттегіштердің және қоректендіру автоматтарының барлық түрлерінің дәлдік сыныптары бойынша реттеу және тексеру. Релелік қорғау, электроавтоматика және телемеханика автоматикасы құрылғыларын реттеу, баптау және қызмет көрсету. Жөнделетін аспаптардың ақауларын анықтау және оларды жою;

      2) орындаушылар құрамы: бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,9*АМС+0,2*ЖБП+0,4*Қп+0,1*Қ+0,02*Рс;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      АМС – автоматтандырылған магистральдық және тірек мұнай айдау станцияларының саны, бірлік;

      ЖБП – телемеханикаланған желілік бақылау пункттерінің саны, бірлік;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      Қ – қазандықтардың саны, бірлік;

      Рс – резервуарлар саны, бірлік.

      К – Автоматика, телемеханика құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптарының жабдықтарын баптау жөніндегі мұнай құбыры басқармаларының объектілеріне қызмет көрсететін автоматтандырылған басқару жүйелері қызметтерінің алынған нормативтік санына К = 1,5 қолданылады.

      58. "Электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      поляризациялық потенциалдарды өлшеу. Мұнай құбырларының оқшаулағыш жабынының жай-күйін зерттеп-қарау. Топырақтың меншікті кедергісін анықтау. Электр беру желісіне, қосқыштарға, жерге тұйықтау түсулеріне, жерге тұйықтау контурларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Электрхимиялық қорғау электр жабдықтарының схемаларын баптау, реттеу және жөндеу. Аппараттар мен аспаптардың ақаулықтарын жою және реттеу. Ұжымдық қорғау құралдары параметрлерін реттеу, тіркеу. Өлшеу нәтижелерін өңдеу. Кез келген мақсаттағы, барлық типтегі және көлемдегі электр жабдықтарын бөлшектеу, күрделі жөндеу. Күрделі жөндеуден кейін әртүрлі қуаттағы электр қозғалтқыштарын, электр аппараттарын және трансформаторларды кешенді сынау;

      2) орындаушылар құрамы: электрхимиялық қорғау құралдары мен жоғары вольтты желілерді жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,052*Кқс+0,003*Бөб+0,009*Ат+0,009*Жұ+0,0015*Құ;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Кқс – катодты қорғау станцияларының саны, бірлік;

      Бөб – бақылау-өлшеу бағандарының саны, бірлік;

      Ат – анодты жерге тұйықтағыштардың саны, бірлік;

      Жұ – электр беру желілерінің ұзындығы, километр;

      Құ – бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр.

      59. "Ақауларды анықтау тұрғысынан объектілерді диагностикалау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      орташа, күрделі және аса күрделі конфигурациялы бұйымдарды стационарлық және жылжымалы сәулелену көздерінің көмегімен көрсету; рентген пленкаларын толық жазу; рентген-, гамма-дефектоскопия, иондану және сцинтилляциялық бақылау үшін қолданылатын аппаратураны баптау; техникалық шарттарға сәйкес тексерілетін үлгілердің, бөлшектер мен тораптардың жарамдылығын бағалау және қорытынды беру; бақылау үшін құралдар мен жарақтардың эскиздерін әзірлеу; рентген-телевизиялық қондырғылардағы жұмыс;

      2) орындаушылар құрамы: рентген-гаммографиялау дефектоскописті, рентгендік суреттерді өңдеу жөніндегі зертханашы.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,006*Құ+0,025*Қп+0,002*С+0,024*Өн;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Құ – бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      С – резервуар паркінің сыйымдылығы, мың м3;

      Өн – сорғы станциялары мен мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) магистральдық агрегаттарының жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3.

      60. "Жалпы басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыстың мазмұны:

      өндірістік бірліктердің және басқармалар мен станцияның басқа құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бас инженер, бастықтың өндіріс жөніндегі орынбасары, бастықтың орынбасары.

      "Жалпы басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 25-кестеде келтірілген.

      61. "Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыстың мазмұны:

      Ұйымның ақпараттық жаршысы үшін материалдар, мақалалар дайындау. Кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін Басқарманың қызметі туралы мақалалар, баспасөз релиздерін және басқа да материалдар дайындау. Ұйым іс-шараларының фото және бейнетүсірілімдерін, көркем фотосессияларды ұйымдастыру, фото, бейне жазбалардың электрондық архивін жүргізу. Ұйымның корпоративтік порталын ақпараттық сүйемелдеу. Ұйымның медиа-жоспарын жасауға және іске асыруға қатысу. Басшылық атынан құттықтау адресаттарын дайындау. Баспасөз конференциялары мен брифингтерді дайындау және өткізу, медиа материалдарды дайындау, Ұйым бастығының келісімі бойынша Ұйым басшылығының бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттары. Ұйымның имидждік қызметін қамтамасыз ету. Ақпараттық мәтіндерді топтық таратуды жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жетекші маман, жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі маман.

      "Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 26-кестеде келтірілген.

      62. "Энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның энергия тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында аудит қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және орындалуын қамтамасыз ету. Заңнама талаптарын сақтау мақсатында энергия менеджменті жүйесі бойынша энергия аудитін, ішкі және қадағалау сертификаттау аудитін жүргізу жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету. Энергия аудиті жұмысының нәтижелері бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдарын әзірлеу. Энергияны ағымдағы және алдыңғы тұтыну мен пайдалануды бағалауды жүргізу, "Энергия үнемдеу" энергия менеджменті жүйесінде қалыптастыру және энергия тиімділігі бойынша есептерді бекіту. Деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесіне деректерді уақытылы енгізу. Энергияны едәуір тұтыну салалары мен объектілерін айқындау, энергия менеджменті жүйесін қолдану саласы. Энергетикалық мақсаттарды әзірлеу, бекіту және орындалуын қамтамасыз ету, Энергия тиімділігінің индикаторлар тізілімін әзірлеу және бекіту;

      2) орындаушылар құрамы: энергия менеджменті жөніндегі жетекші маман.

      "Энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 27-кестеде келтірілген.

      63. "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау кезінде мұнай құбыры басқармасының прогрессивті техникалық саясатын әзірлеуге қатысу және ұйымдастыру. Өндірістік активтерді жаңадан салу, реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру кезінде қазіргі заманғы талаптарға, техника мен технологияға жауап беретін жобаларды іске асыру кезінде сенімділік пен үнемділіктің қазіргі деңгейіне жауап беретін жаңа техниканы, жабдықтар мен технологиялардың инновациялық түрлерін пайдалану (ендіру) арқылы мұнайдың құбыр көлігін басқарудың сенімділігін, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу. Объектілерде жабдықтар мен технологиялардың жаңа түрлерін тәжірибелік-өнеркәсіптік сынау бойынша жұмыстардың барысын бақылау. Ұйым стандарттарының жобаларын және стандарттау жөніндегі басқа да құжаттарды, стандарттардың болуы, олардың өзгерістері мен күшін жою туралы ақпаратты қарау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Ұйымның қолданыстағы стандарттарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ұсыныстар дайындау. Ұйым мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін ұйымда қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттаманың өзекті тізбесімен қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде Ұйымның және құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлеріне нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету. Мұнай құбыры басқармасының Техникалық кеңесінің отырыстарына дайындықты ұйымдастыру және қатысу (хаттама жүргізу, хаттама шешімдерінің орындалуы бойынша мәліметтер жинау). Мұнай құбыры басқармасы жұмыскерлерінің рационализаторлық ұсыныстарға берген өтініштері бойынша жұмыс жүргізу;

      2) орындаушылар құрамы: жетекші маман.

      "Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 28-кестеде келтірілген.

      64. "Байланыс құралдарын пайдалануды үйлестіру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      өндірістік-технологиялық байланыстың және талшықты-оптикалық байланыс желілерінің сапалы және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін мердігерлік ұйымдарға бақылауды жүзеге асыру. Жабдықтарды және деректерді беру арналарын жұмыс қабілеттілігі тұрғысынан күнделікті визуалды қарап-тексеру, байланыс объектілеріне шығу құралдары бойынша жоспарлы-алдын алу жұмыстарды жүргізудің есептілігін тексеру. Ұйымның селекторлық кеңестерін ұйымдастыру және деректер мен дауыс беру арналарының сапасын бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, байланыс жөніндегі жетекші инженер, байланыс жөніндегі инженер.

      "Байланыс құралдарын пайдалануды үйлестіру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 29-кестеде келтірілген.

      65. "Магистральдық мұнай құбырларын пайдалану" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнайды сақтау, тасымалдау процесінде объектілердің жұмыс істеу сенімділігін, олардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы-алдын алу жөндеулерін жүргізу, құрылысжайларға қызмет көрсету. Магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігін, резервуарлық парктерді және басқа да қызметтің бақылауындағы жабдықтарды пайдалануды ұйымдастыру. Кәріз жүйелерін, тазарту құрылысжайларын пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мұнай қыздыру пункттері мен газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру. Құбырішілік диагностика кезінде диагностика жүргізу үшін жасалатын шарттың талаптары мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес диагностика жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тазалау және диагностика құралдарын өткізу графигін жасау. Негізгі жабдыққа (құбырларға, резервуарларға, қыздыру пештеріне, эстакадаларға) техникалық қызмет көрсету және жөндеу графиктерін әзірлеуді ұйымдастыру. Құбырларды, қыздыру пештерін, резервуарлық парктерді және барлық құрылысжайларды пайдалану мен жөндеуге қажетті материалдарға, қосалқы бөлшектер мен жабдықтарға сұранысты айқындауға, талдауға және өтінімдерді жинақтауға қатысу. Құбырлардағы парафинді шөгінділердің уақытылы шайылуын қамтамасыз етуді және тазалаудың жаңа әдістерін ендіруді бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық (орынбасары), инженер (жетекші), инженер-технолог (жетекші), резервуар паркінің инженері (жетекші), желілік бөлікті пайдалану жөніндегі инженер (жетекші), диагностика жөніндегі инженер (жетекші), ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалану жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=3+0,002*Құ+0,1*Өо+0,06*Қп+0,045*Рс;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Құ – бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      Рс – резервуарлар саны, бірлік.

      66. "Қоршаған ортаны қорғау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      өндірістік қызметтен экологиялық жүктемені азайту бойынша жұмысты ұйымдастыру. Ұйым бөлімшелерінде және мердігерлік ұйымдарда қолданыстағы заңнаманың, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, қағидалар мен нормалардың сақталуына жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыру. Талаптардың орындалуын бақылау және жасалған шарттарды сүйемелдеу. Қоршаған ортаға эмиссияларды ресімдеу, рұқсат алу. Шығарындылар, ластаушы заттардың төгінділері, эмиссиялар үшін төлемдер есебін жүргізу. Объектілерге өндірістік экологиялық бақылау жүргізу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл. Экологиялық аспектілерді сәйкестендіруді ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық және өкімдік құжаттардың жобаларын әзірлеу. Уәкілетті органдармен келісілген табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Уәкілетті органдарға және жоғары тұрған ұйымдарға табиғат қорғау іс-шараларының, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының орындалуы туралы есептер, ақпарат беру. Қоршаған ортаны ластаумен оқыс оқиғалар/авариялар болған жағдайда жұмыстар жүргізу. Ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және реконструкциялауға арналған жобаларды, техникалық тапсырмаларды, жұмыстарды жүргізу жобаларын, табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын, жекеленген құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері желісі бойынша мердігер ұйымдардың рұқсаттарын қоршаған ортаны қорғау саласындағы олардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігін қарау. Қоршаған ортаны қорғау бабы бойынша бизнес-жоспар дайындау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер-эколог, инженер-эколог.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,2+0,11*Өо+0,0007*Ш;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік.

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      67. "Механикалық жөндеу қызметін көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      сорғы станцияларының механикалық-технологиялық жабдықтарының, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, сығылған және сұйытылған газдары бар баллондардың, жүк көтергіш механизмдердің, көтергіштердің (мұнаралардың), компрессорлық және станоктық жабдықтардың жұмыс істеп тұрған паркін уақытылы орталықтандырылған сапалы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында көзделген сынақтарды, техникалық куәландыру және тексеруді, механикалық-технологиялық жабдықтарды диагностикалау арқылы құрылымдық бөлімшелердің жөндеу-пайдалану персоналының, мамандандырылған сырт ұйымдардың ұстап тұруы;

      2) орындаушылар құрамы: бас механик-бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер-механик, инженер-механик.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,1+0,014*Б+0,03*Өн;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Б – магистральдық (негізгі) және тіреу сорғыларының жиынтық саны, бірлік.

      Өн – сорғы станциялары мен мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) магистральдық агрегаттарының жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3.

      68. "Технологиялық көлікті және арнайы техниканы пайдалану" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      көлік құралдарын пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жақсарту бойынша қажетті іс-шараларды ұйымдастыру. Өтінімдерге сәйкес қосалқы бөлшектерді, материалдарды бөлу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жанар-жағармай материалдары шығыстарының жыл сайынғы жоспарын жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Механикаландыру және автокөлік құралдарын қызметтер бойынша бөлу. Өтінімдер бойынша көліктің күнделікті шығуын қамтамасыз ету. Шығу жоспарын құру. Автокөліктің шығуға дайындығын бақылау. Жанар-жағармай материалдарының шығысын есепке алу. Жүргізушілерді рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру. Авариялық бригадалар жұмыскерлерінің денсаулық жай-күйін тексеруді ұйымдастыру. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерін көліктік қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Автокөлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға кешенді талдау жүргізу. Қызметтік және кезекші автокөлікке қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер, инженер, автомобильдік көлік және арнайы техника жөніндегі инженер.

      "Технологиялық көлікті және арнайы техниканы пайдалану" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 30-кестеде келтірілген.

      69. "Энергия жөндеу қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым объектілерін үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету және энергетикалық жабдықтың номиналды жұмыс режимін сақтау. Отын-энергетикалық ресурстар шығысының жай-күйін бақылау және Ұйым бойынша отын-энергетикалық ресурстар шығысы туралы статистикалық есептер мен есептер жасау. Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, электрхимиялық қорғау телемеханикасы және реклоузерлердің жұмысына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді уақытылы жүргізу, іркіліс пен істен шығуларды жою;

      2) орындаушылар құрамы: бас энергетик-бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер-энергетик, инженер-энергетик, инженер-жылу технигі, электр энергиясын есепке алу жөніндегі инженер, электрохимиялық қорғау және жоғары вольтты желі инженері.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=3+0,004*Б+0,044*Қп+0,002*Өо;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Б – магистральдық (негізгі) және тіреу сорғыларының жиынтық саны, бірлік;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік.

      70. "Өндірістік процестерді автоматтандыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым объектілерінде технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйелерінің элементтерінің авариялық жағдайлар мен істен шығулардан туындаған кезектен тыс және жоспардан тыс міндеттерді жедел шешу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Ұйымның технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық құралдарының кешендеріндегі ақаулар мен ақаулардың себептерін тергеп-тексеру. Ұйымның қолданыстағы автоматтандыру және байланыс құралдарын жобалау, енгізу және реконструкциялау бойынша жұмыстарды орындауға қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер, инженер, технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйесі жөніндегі инженер (жетекші).

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,3+0,0094*ЖБП+0,076*Өо+0,04*Рс;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      ЖБП – телемеханикаланған желілік бақылау пункттерінің саны, бірлік;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік;

      Рс – резервуарлар саны, бірлік.

      71. "Метрологиялық қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның салыстырып-тексеру зертханалары мен мердігерлік ұйымдар орындайтын өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау. Өлшеу, сынау және бақылау құралдарының жай-күйі мен қолданылуын, өлшеулерді орындау әдістемелерінің болуы мен дұрыс қолданылуын және Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын бақылау. Сырт ұйымдарға тиесілі Ұйымның тауар-коммерциялық операцияларын жүргізуге қатысатын өлшеу құралдарына метрологиялық бақылауды қамтамасыз ету. Өндіріске жаңа, қауіпсіз өндірістік процестерді, ғылым жетістіктерін ендіру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, метрология жөніндегі жетекші инженер, метрология жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н= 1,3 + 0,00015*Өқс;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өқс – Ұйымда пайдаланылатын өлшеу құралдарының саны (аспаптық парк), бірлік.

      72. "Тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      интеграцияланған менеджмент жүйесі, ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің жұмыс істеуі және жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ұйымның халықаралық стандарттары мен ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ұйымның интеграцияланған менеджмент жүйесінің жұмыс істеуі және оны жақсарту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру. Интеграцияланған менеджмент жүйесінің ішкі және сыртқы (сертификаттау/қайта сертификаттау инспекциялық) аудиттерін жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру, олардың нәтижелерін талдау. Ұйымның интеграцияланған менеджмент жүйесінің құжаттарын әзірлеу, келісу, қайта қарау және өңдеу. Ішкі бақылау жүйесінің, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің жұмыс істеуі және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Тәуекелдердің жай-күйіне және өндірістік/өндірістік емес тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, іске асырылған тәуекелдер бойынша статистикалық деректер базасын жүргізу. Мүлікті залалдан сақтандыруды әкімшілендіру;

      2) орындаушылар құрамы: тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі жөніндегі маман (жетекші), маман (жетекші).

      "Тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 31-кестеде келтірілген.

      73. "Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым жұмыскерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу, өндірістік қызметтен экологиялық жүктемені азайту, Ұйымның өндірістік объектілерінде өрттердің алдын алу және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерінде өндірістік объектілердің, бөлімдер мен қызметтердің жұмысын үйлестіру. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама бағдарламасын әзірлеу;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженер, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер, өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=2,7+0,32*Өо+0,0003*Ш;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      74. "Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Көлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша объектілерді жоспарлы және нысаналы тексеруді жүзеге асыру. Жол-көлік оқиғасының профилактикасы бойынша іс-шараларды әзірлеу. GPS жүйесінің көмегімен автокөлік құралдарының мониторингін жүзеге асыру, жылдамдық режимінің бұзылуын және жүргізушілердің еңбек және демалу режимінің бұзылуын анықтау. Тәртіптік жаза шараларының құқық бұзушыларға қолданылуын бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженер, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер.

      "Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 32-кестеде келтірілген.

      75. "Гигиена және өнеркәсіптік санитария" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жұмыскерлерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру. Ұйым объектілерін жоспарлы және нысаналы тексеруді жүзеге асыру. Ұйымның өндірістік объектілерінде инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: гигиена және өнеркәсіптік санитария жөніндегі маман.

      "Гигиена және өнеркәсіптік санитария" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 33-кестеде келтірілген.

      76. "Күрделі құрылыс және күрделі жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыстың мазмұны:

      Ұйым объектілерін салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге арналған жобаларды техникалық шарттарға және қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидалары мен мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қарауды ұйымдастыру, жобалау-іздестіру жұмыстары объектілері үшін бастапқы деректерді жинау. Күрделі және ағымдағы жөндеу объектілеріне ақау ведомосын жасау. Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы құрылысты оларға енгізуді көздей отырып, күрделі құрылыстың, күрделі және ағымдағы жөндеудің ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу және бекітуге ұсыну. Рұқсат құжаттарын алу бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Объектілерде жүргізілетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сәйкестігін техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру. Күрделі, ағымдағы жөндеу және күрделі құрылыс бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру. Мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарымен бірлесіп, аяқталған құрылыс, күрделі жөндеу немесе реконструкциялау объектілерін пайдалануға беруге, оларды еңбек жағдайларын нашарлататын кемшіліктермен пайдалануға беруге жол бермей дайындау. Объектілердің уақытылы пайдалануға берілуін бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер, инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,63+0,001*Кс+0,08*Өо;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Кс – өндірістік күрделі салымдардың орташа жылдық көлемі 3 жылға (ағымдағы жылға және ағымдағы жылдың алдындағы екі жылға), мың айлық ең төменгі көрсеткіш;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік.

      77. "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтармен жинақтау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      құрылымдық бөлімшелердің қажеттіліктерін сапалы тауарлық-материалдық қорлармен кешенді, уақтылы және біркелкі қамтамасыз ету. Материалдық ресурстарды басқаруда барынша толық және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету. Жабдықтар мен материалдардың қоймаға түсуін және оның дұрыс кіріске алынуын бақылау, келіп түскен өнімнің есебін жүргізу және оның шығысын есепке алу. Келіп түсетін материалдардың, конструкциялар мен жабдықтардың сапасын уақытылы бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, орынбасар, жабдықты жинақтау жөніндегі жетекші инженер, жабдықты жинақтау жөніндегі инженер, жетекші инженер, инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,42+0,085*Өо+0,001*Ш+0,00016*ЖА;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өо – өндірістік объектілер саны, бірлік;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік;

      ЖА - мұнайдың жүк айналымы, миллион тонна-километр.

      78. "Жоспарлау және экономикалық талдау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым бюджетінің жобасын әзірлеу, бекітілген бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асыру. Ұйым бизнес-жоспарының жобасын әзірлеу. Шығындарды есепке алуды, ретке келтіруді және дұрыс көрсетуді бақылауды жүзеге асыру. Операциялық бюджетті жүргізу. Ағымдағы шығыстар мен капиталдандырылған бөлік бойынша бюджетті жинау және түзету. Есептердің, сметалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың экономикалық негіздемесі. Негіздеуші материалдарды ұсына отырып, тарифтік сметалар жобасына шығындардың жоспарланатын деңгейін, реттелетін/реттелмейтін қызметтерге тарифтік сметалардың орындалуы жөніндегі есептерді қалыптастыру, сондай-ақ Ұйымның өзге қызметі бойынша калькуляцияларды дайындау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, орынбасар, жетекші экономист, жоспарлау жөніндегі экономист, тарифтік реттеу жөніндегі экономист, бөлек есепке алу жөніндегі экономист.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н= 2,37+0,0032*Ш+0,00024*ЖА;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік;

      ЖА – мұнайдың жүк айналымы, миллион тонна-километр.

      79. "Еңбекті ұйымдастыру және төлеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым бөлімшелерінің еңбек процестерін олардың мақсаттары мен стратегиясына сәйкес ұйымдастыру. Штаттық тәртіптің сақталуын бақылауды, еңбекақы төлеу қоры бөлігінде бюджеттердің атқарылуын талдауды, бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы және лауазымдардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіптер мен лауазымдардың атауларын белгілеудің дұрыстығын, қолданыстағы еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерін, лауазымдық айлықақыларды, тарифтік мөлшерлемелер мен бағаларды, қосымша ақыларды, үстемеақылар мен жалақыға коэффициенттерді қолданудың дұрыстығын, жұмысшылардың разрядтарын белгілеуді жүзеге асыру. Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында еңбекті ынталандырудың тиімді нысандары мен әдістерін және еңбек бойынша техникалық негізделген нормативтерді қолдану, еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды және еңбекті ынталандыруды жетілдіру, жұмыскерлердің санын сан нормативтеріне сәйкес функциялары бойынша талдау, нақты санның нормативтен ауытқуын және олардың ауытқу себептерін анықтау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, орынбасар, еңбек жөніндегі жетекші экономист, еңбек жөніндегі экономист, нормалау жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1+0,0024*Ш;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      80. "Бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жедел басшылық пен басқару үшін қажетті шаруашылық процестер туралы толық және шынайы ақпаратты қамтамасыз ету және қалыптастыру. Бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес мүліктің, пайдаланылатын материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуын және қозғалысын дұрыс есепке алуды қамтамасыз ету. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес қызмет түрлері бойынша негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, шикізатты, материалдарды, отынды және басқа да құндылықтарды, өндірістік және әкімшілік шығыстарды есепке алу. Тауар-материалдық құндылықтарды түгендеуді және есеп айырысуларды уақытылы жүргізуді, оларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бас бухгалтер, бастық, бас бухгалтердің орынбасары, бастықтың орынбасары, жетекші бухгалтер, бухгалтер, салықтар жөніндегі жетекші маман, салықтар жөніндегі маман.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н= 3,87 + 0,009*Ш;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      81. "Кадрларды жинақтау және даярлау" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      кадрларды қамтамасыз ету, іріктеу, орналастыру, даярлау, тәрбиелеу және есепке алу. Жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау, жұмыскерлерге жыл сайынғы еңбек және басқа да демалыстарды беру, еңбек шарттарының жобаларын, материалдық жауапкершілік туралы шарттардың жобаларын, оқуға арналған шарттарды дайындау. Жұмыскерлерді іссапарға жіберуге, ресімдеуге, тіркеуге және іссапар куәліктерін беруге бұйрықтардың жобаларын дайындау. Аттестаттауға жататын жұмыскерлерге құжаттарды ресімдеуді ұйымдастыру. Жұмыс уақыты, демалыс режимінің сақталуын, бөлімшелердегі әйелдердің еңбегін пайдалануды, жұмысшылар мен қызметшілерге зиянды еңбек жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асыру. Басқармада әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру (жұмыс істемейтін зейнеткерлерді есепке алу, ардагерлерді құрметтеу, мерекелік іс-шаралар өткізу);

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, кадрлар жөніндегі жетекші маман, кадрлар жөніндегі маман, кадрлар даярлау жөніндегі жетекші маман, кадрлар даярлау жөніндегі маман, әлеуметтік даму жөніндегі жетекші маман, әлеуметтік даму жөніндегі маман.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н = 0,176*Ш0,522

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      82. "Әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      үй-жайларды жөндеуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын орындау сапасын бақылауды жүзеге асыру. Жиһазбен, шаруашылық мүкәммалмен, инженерлік және басқарушылық еңбекті механикаландыру құралдарымен қамтамасыз ету, олардың сақталуын және уақытылы жөндеуді жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, шаруашылық меңгерушісі, жетекші маман, маман.

      "Әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 34-кестеде келтірілген.

      83. "Өндірісті жедел басқару" функциясы бойынша сан нормативтері (Тауар-көлік қызметі):

      1) жұмыс мазмұны:

      тасымалдау бағыттары бойынша және магистральдық мұнай құбырлары учаскелері бойынша Ұйымның бизнес-жоспары негізінде қалыптастыру. Қабылданған, айдалатын, тиеп-жөнелтілген мұнай мен судың мөлшері бойынша дәйекті есеп. Мұнай қозғалысының тәуліктік теңгерімін, қабылданған және тапсырылған мұнайдың саны бойынша, мұнайды тиеп-жөнелту, оны айдау және жүк айналымы бойынша айлық және жылдық есептерді, объектілер бойынша су тұтыну туралы есепті жасау. Барлық қабылдау-тапсыру пункті және мұнай айдау станциялары бойынша қабылданған және тиеп-жөнелтілген мұнайдың сапасын бақылау. Резервуарлық ыдыстарды уақытылы өлшемдеу, мұнай мен суды есепке алудың коммерциялық тораптарының жабдықтарын салыстырып-тексеру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, мұнайды есепке алу жөніндегі жетекші инженер, мұнайды есепке алу жөніндегі инженер, суды есепке алу жөніндегі инженер, мұнай сапасы жөніндегі жетекші инженер, мұнай сапасы жөніндегі инженер, жетекші инженер, инженер.

      "Өндірісті жедел басқару" функциясы бойынша сан нормативтері (Тауар-көлік қызметі) осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 35-кестеде келтірілген.

      84. "Құқықтық қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      құрылымдық бөлімшенің қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Ұйымның мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде соттарда, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда белгіленген тәртіппен ұсыну және қорғау. Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне, басшыларына және мамандарына құқықтық көмек көрсету. Ұйымның ішкі құжаттарында, бұйрықтар, өкімдер жобаларында, шарттарда (келісімшарттарда, келісімдерде), нұсқаулықтарда, ережелерде, стандарттарда және келісуге ұсынылған өзге де құжаттарда белгіленген тәртіпке сәйкес құқықтық сараптама. Құқықтық сипаттағы ұйымның шығыс құжаттарына құқықтық сараптама. Ұйым атынан талап арыздарды, Ұйым ұсынған талап арыздарға пікірлер дайындау. Ұйым жұмыскерлеріне сенімхаттарды ресімдеу. Жер учаскелерін бөлу, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық зерттеп-қарау және тіркеу. Қызметтің жетекшілік ететін жер учаскелерін бөлу, нотариаттық қызметтер бағыттары бойынша бюджетті жоспарлау, түзету және атқару;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жетекші заң кеңесшісі, заң кеңесшісі.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н= 1,2+0,0023*Ш;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Ш – жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

      85. "Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым объектілерін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қолданысы саласында Ұйымның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Әкімшілік ғимаратта және Ұйым объектілерінде өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Құқық қорғау органдарының қабылдаған шешімдері бойынша мониторингті жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сот шешімі қабылданғанға дейін Ұйым объектілеріне заңсыз кесу және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істерді сүйемелдеу;

      2) орындаушылар құрамы: азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші инженер, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жетекші инженер, жұмылдыру жұмыс және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі инженер.

      "Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 36-кестеде келтірілген.

      86. "Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ендіру, жұмыс жағдайында ұстау және үнемі жақсарту. Ұйымның ақпараттық қауіпсіздік талаптарын персоналмен қамтамасыз етуді бақылау. Ақпараттық қорғау объектілерін зерттеп-қарауға, оларды аттестаттауға және санаттарға бөлуге қатысу. Ұйым объектілерінің ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына қажеттіліктерін әзірлеу;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, меншік пен ақпаратты қорғау жөніндегі жетекші маман, меншік пен ақпаратты қорғау жөніндегі маман.

      "Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 37-кестеде келтірілген.

      87. "Дербес мұнай айдау, мұнай құю станцияларының, мұнай қыздыру станцияларының басшылығы мен мамандары" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйымның бұйрығымен бекітілген магистральдық мұнай құбырларының, жалғау құбырларының учаскелері бойынша мұнайды тасымалдауды және ауыстырып тиеуді қамтамасыз ету, мұнайды ағызу және құю өндірісі, мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға Ұйым жасасқан шарттық міндеттемелерді орындау;

      2) орындаушылар құрамы: станция бастығы (орынбасары), инженер-энергетик (жетекші), инженер-энергетик (жетекші) (қосалқы станциялар), инженер-механик (жетекші), технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің инженері (жетекші), еңбекті қорғау жөніндегі инженер (жетекші), ауысым (вахта) бастығы, инженер (жетекші) (резервуарлық парк), газ шаруашылығы мен қыздыру пештерінің аға шебері, инженер (жетекші) (жылу-газ-сумен жабдықтау және кәріз), электрхимиялық қорғау және жоғары вольтты желілердің шебері (аға), автокөлік және арнайы техника жөніндегі инженер, механик (жетекші), еңбек жөніндегі техник, шаруашылық меңгерушісі, ағызу-құю эстакадалары мен кірме жолдарды пайдалану жөніндегі шебер.

      "Дербес мұнай айдау, мұнай құю станцияларының, мұнай қыздыру станцияларының басшылығы мен мамандары" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 38-кестеде келтірілген.

      88. "Авариялық-қалпына келтіру пункті, желілік-пайдалану қызметі, орталық авариялық-жөндеу қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      магистральдық мұнай құбырлары мен технологиялық құбырлардың желілік бөлігінде аварияларды, оқыс оқиғаларды, рұқсатсыз кесулерді және олардың салдарын жою кезінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел және сапалы жүргізу. Жедел хабарлау, магистральдық мұнай құбырындағы аварияларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу орнына авариялық-қалпына келтіру персоналын жинау мен шығуды ұйымдастыру. Магистральдық құбырлардың желілік бөлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қажетті іс-шаралар кешенін орындауды қамтамасыз ету. Магистральдық құбырлардың желілік бөлігіндегі ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету. Авариялық-қалпына келтіру пункті жабдықтарының жарамды техникалық жай-күйінде тұрақты дайындығын қамтамасыз ету. Магистральдық құбырларды жүйелі патрульдеуді қамтамасыз ету. Жаңадан салынған учаскелерді магистральдық және технологиялық құбырлардың қолданыстағы жүйесіне қосу кезінде жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі аға шебер, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі шебер, аға шебер, шебер.

      "Авариялық-қалпына келтіру пункті, желілік-пайдалану қызметі, орталық авариялық-жөндеу қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 39-кестеде келтірілген.

      89. "Телемеханика құралдарының желілік-пайдалану қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды ұйымдастыру және орындау, жабдықтың істен шығуын жою. Автоматтандырылған басқару құралдарының жабдықтарын жөндеу, монтаждау және баптау жұмыстарының барлық түрлерінің жүргізілуін және орындалу сапасын қадағалау. Автоматика және телемеханика, күзет-өрт дабылы құралдарына техникалық құжаттаманы (жөндеу және пайдалану) жүргізу. Автоматика, телемеханика және есептеу техникасы, күзет-өрт дабылы құралдарын пайдалану шарттары мен техникалық жай-күйінің нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жетекші инженер, инженер, телемеханика жетекші инженері, телемеханика инженері.

      "Телемеханика құралдарының желілік-пайдалану қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 40-кестеде келтірілген.

      90. "Тауар-шикізат қызметін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері Тауар-шикізат қызметі (қабылдау-тапсыру учаскелері, резервуарлық парктер, эстакадалар):

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнай тасымалдау жөніндегі технологиялық процесті басқару, мұнай құбыры учаскесінде, объектілерді пайдалануға қызмет көрсету мен жауапкершіліктің белгіленген шекаралары шегінде құю және ағызу эстакадаларында, қабылдау-тапсыру пункттерінде мұнай қабылдауды, айдауды, жеткізуді және тиеп-жөнелтуді жоспарлау және басқару. Мұнай қозғалысының тәуліктік теңгерімін жасау. Барлық қабылдау-тапсыру пункттері, эстакадалар бойынша қабылданған және тиеп-жөнелтілген мұнай сапасын бақылауды жүзеге асыру, резервуарлық ыдыстарды уақытылы өлшемдеу, мұнайды есепке алудың коммерциялық тораптарының жабдықтарын салыстырып-тексеру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, инженер, шебер.

      "Тауар-шикізат қызметін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері Тауар-шикізат қызметі (қабылдау-тапсыру учаскелері, резервуарлық парктер, эстакадалар) осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 41-кестеде келтірілген.

      91. "Химиялық талдаулар өндірісі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      қолданыстағы стандарттарға, техникалық келісімдерге және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнай сапасын бақылауды, ауа ортасын, ауыз су мен сарқынды суды бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қабылдау, сақтау және тиеп-жөнелту кезінде тауарлық мұнайдың сапасын, физикалық-химиялық қасиеттерін айқындау бойынша талдауларды жедел және уақытылы орындауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Зертхананың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін химиялық реактивтерге, химиялық ыдысқа, зертханалық және қосалқы жабдыққа жыл сайынғы өтінімдерді қалыптастыру;

      2) орындаушылар құрамы: зертхана меңгерушісі, жетекші инженер-химик, инженер-химик.

      "Химиялық талдаулар өндірісі" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 42-кестеде келтірілген.

      92. Дербес желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар басшыларының, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      кейіннен мұнайды бере отырып, жасалған шарттар бойынша және Ұйымның жоспарлары мен тапсырмаларына сәйкес шарттық міндеттемелердің барлық талаптарын орындай отырып, магистральдық мұнай құбыры жүйесі бойынша жүк жөнелтушілердің мұнайын тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну;

      2) орындаушылар құрамы: технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (бақылау-өлшеу аспабы мен автоматиканың) бастығы (орынбасары), инженер-энергетигі (жетекші), инженері (жетекші), инженер-механик (жетекші), метрология жөніндегі инженер (жетекші), еңбекті қорғау жөніндегі инженер (жетекші), өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, инженер-эколог, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, бухгалтер (жетекші), салық жөніндегі маман (жетекші), заң кеңесшісі (жетекші), еңбек жөніндегі техник, жоспарлау жөніндегі экономист, кадрлар жөніндегі маман (жетекші), кадрлар және әлеуметтік даму жөніндегі маман, гигиена және өнеркәсіптік санитария жөніндегі маман, шаруашылық меңгерушісі.

      Дербес желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар басшыларының, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 43-кестеде келтірілген.

      93. "Басшылық және мамандар" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Ұйым бөлімшелерінен өтінімдерді қабылдау және өңдеу, жабдықтар үшін қажетті көмекші элементтерді дайындауды ұйымдастыру, дайын өнімді дайындаудың технологиялық процестерін жақсарту үшін құралдардың, жарақтардың жаңа түрлерін әзірлеу және ендіру;

      2) орындаушылар құрамы: база бастығы (орынбасары), аға инженер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер, еңбек жөніндегі техник, шаруашылық меңгерушісі.

      "Басшылық және мамандар" функциясы бойынша сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 44-кестеде келтірілген.

      94. "Технологиялық жабдыққа механикалық-жөндеу қызметін көрсету және жөндеу" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      жұмыстарды дұрыс ұйымдастыруды және қауіпсіз жүргізуді, жабдықтарды, механизмдерді, құралдарды пайдалануды қамтамасыз ету. Жабдықтарды, сондай-ақ өндірістік қызмет көрсету базасына бекітілген өндірістік және қосалқы үй-жайлар мен құрылысжайларды дұрыс және қауіпсіз пайдалануды, уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуді және профилактикалық жөндеуді қамтамасыз ету. Пайдалану қағидаларында және қауіпсіздік қағидаларында көзделген жабдықтар мен құралдарға техникалық (жөндеу және пайдалану) құжаттаманың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Автокөлік, автотрактор және арнайы техниканың жоғары техникалық дайындығын қамтамасыз ету. Автокөлік, автотрактор және арнайы техниканың, жүк көтергіш механизмдердің, құрылғылардың, қоршау және сақтандыру құрылғыларының жарамды жай-күйін және авариясыз пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі инженер, жетекші инженер, инженер, дәнекерлеу жөніндегі инженер, техникалық диагностика жөніндегі инженер, технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі аға шебер, технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі шебер, станок паркінің аға шебері, станок паркінің шебері, аға шебер, шебер.

      Көрсетілген функцияны есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н = 0,06 * Өн + 0,11* Қп + 0,06 * Қ + 0,0023 * С

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өн – сорғы станцияларының магистральдық агрегаттарының және мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      Қ – қазандықтардың саны, бірлік;

      С – резервуар паркінің сыйымдылығы, мың м3.

      95. "Пайдалану жабдығына, электрхимиялық қорғау құралдарына және электр берудің трассалық желілері бойымен энергия жөндеу қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу желілерінің үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын қамтамасыз ету. Энергия жабдықтары мен электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік пайдалануға сынауға және қабылдауға, энергетикалық жабдық аварияларының себептерін қарауға қатысу және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Бақылау-өлшеу, электртехникалық және жылу техникалық аспаптарға техникалық қадағалауды жүзеге асыру. Электрхимиялық қорғау жабдықтары мен әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, олардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, баптау және сынау жөніндегі жетекші инженер, баптау және сынау жөніндегі инженер, энергетикалық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі аға шебер, энергетикалық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі шебер.

      Көрсетілген функцияны есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,0134*Қ+0,0003*Э+0,0026*Кж+0,0084*Ж+0,00007*Тж;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Қ – электр жабдықтарының белгіленген қуаты, мың киловатт;

      Э – электр жабдықтарының саны, бірлік;

      Кж – кабель желілерінің ұзындығы, километр;

      Ж – жарықтандыру желілерінің ұзындығы, километр;

      Тж – жарық техникалық жабдықтардың саны, бірлік.

      96. "Өндірісті дайындау және қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      өндірісті дайындауды, өндірісті жиынтықтаушы бұйымдармен, материалдармен, құралдармен қамтамасыз етуді, барлық қажетті техникалық құжаттаманың уақытылы ресімделуін бақылауды жүзеге асыру. Аяқталмаған өндірістің толықтығын, өндірістік бөлімшелердің жұмысында белгіленген нормалардың және күнтізбелік озып кетулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Цехтардың, учаскелердің жұмысын талдау, өнімді дайындау циклін қысқарту, жұмыстарды орындау мүмкіндігін іздеу, өндірістік резервтерді анықтау, оларды пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) орындаушылар құрамы: өндірісті дайындау жөніндегі жетекші инженер-бастық, жетекші инженер-конструктор, инженер-конструктор, инженер-технолог.

      Көрсетілген функцияны есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,25+0,125*МҚП;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      МҚП – мұнай айдау станцияларының, қазандықтардың, мұнай қыздыру пункттерінің саны, бірлік.

      97. "Рентгеногаммаграфия және дефектоскопия жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Сенімділік учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      магистральдық мұнай құбырлары мен мұнай айдау станцияларының желілік және технологиялық бөліктерінде дәнекерлеу-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде дәнекерлеу қосылыстарының сапасына біліктілік бақылауды қамтамасыз ету. Мұнай құбырларын құбырішілік диагностикалау кезінде анықталған ақауларды жөндеу кезінде қосымша дефектоскопиялық бақылауды орындауды ұйымдастыру. Сенімділік тобының өндірістік қызметі туралы ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есепке алуды, есептілікті жасауды және уақытылы ұсынуды ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: рентгеногаммаграфия инженері.

      "Рентгеногаммаграфия және дефектоскопия жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Сенімділік учаскесі) осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 45-кестеде келтірілген.

      98. "Діріл диагностикалық бақылауды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Діріл диагностикасы учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      діріл параметрлері бойынша механикалық-технологиялық және энергетикалық жабдықтардың жұмысын бақылау және диагностикалық белгілері бойынша нақты техникалық жай-күйін анықтау. Анықталған ақауларды жою бойынша жөндеу персоналына ұсынымдар беру. Негізгі және қосалқы сорғы жабдықтарын дірілмен тексеру бойынша әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық материалдарға сәйкес өлшеулер жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау және алынған деректерді өңдеу.

      2) орындаушылар құрамы: бастық, діріл диагностикасы жөніндегі инженер, техникалық диагностика жөніндегі инженер, дәнекерлеу жөніндегі инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,0035*Құ+0,015*Қп+0,0012*С+0,014*Өн;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Құ – бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр;

      Қп – мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік;

      С – резервуар паркінің сыйымдылығы, мың м3;

      Өн – сорғы станциялары мен мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) магистральдық агрегаттарының жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3.

      99. "Жылумен, сумен жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Жылумен, сумен жабдықтау учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      Жылумен, сумен жабдықтау учаскесінің өндірістік қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Жылу техникалық қондырғыларды, жылу желілерін, сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануға байланысты авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыстың озық әдістерін енгізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және әзірлеу. Осы объектілердің басшылары арқылы жылу энергетикалық қондырғыларды, жылу желілерін, өндірістік қызмет көрсету базасы және суасты-техникалық жұмыстардың базасы/учаскесін сумен жабдықтау жүйелерін қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру. Өндірістік қызмет көрсету базасы қазандығының жылу энергиясын өндіруге мұнай шығынын бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жетекші инженер жылу технигі, инженер жылу технигі, жылумен, сумен жабдықтау жетекші инженері, жылумен, сумен жабдықтау инженері, инженер, жылу, газ, сумен жабдықтау және кәріз аға шебері, жылу, газ, сумен жабдықтау және кәріз шебері.

      Көрсетілген функцияны есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,6+0,05*МҚП;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      МҚП – мұнай айдау станцияларының, қазандықтардың, мұнай қыздыру пункттерінің саны, бірлік.

      100. "Релелік қорғау және автоматика" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      релелік қорғау және автоматика құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, электр жабдықтарын сынау және өлшеу, негізгі және қосымша қорғау құралдары, аварияларды, істен шығуларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарының графиктерін орындауды қамтамасыз ету. Ағымдағы өндірістік жоспарлауды, есепке алуды үйлестіру, учаскенің өндірістік қызметі туралы есептілікті жасау және уақытылы ұсыну, еңбек нормаларын жақсарту, озық еңбек әдістері мен әдістерін жалпылау және тарату, озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу және енгізу, ұтымдылық пен өнертабыстылықты дамыту. Қорғаныс құралдарының, қоршау және ескерту құрылғыларының болуы мен жарамды жай-күйін, жұмыс орындарындағы ауа ортасының жай-күйін, жұмыс орындарының жарықтандырылуын, жұмысшылардың жеке қорғану құралдарын пайдалануы мен дұрыс қолдануын бақылау, анықталған бұзушылықтарды, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жетекші инженер, инженер, баптау және сынау жөніндегі инженер, инженер-электроник.

      Көрсетілген функцияны есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,0014*ҚҚс+0,0006*ЭЖс+0,003*РҚА+0,003*Аж

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      ҚҚс – қорғаныс құралдарының саны, бірлік;

      ЭЖс – электр жабдықтарының саны, бірлік;

      РҚА – релелік қорғау және автоматика құрылғыларының саны, бірлік;

      Аж – электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жабдықтарының саны, бірлік.

      101. "Газ жабдығын жөндеу және пайдалану" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      газ жабдықтарын жөндеу және пайдалану учаскесінің өндірістік қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Газ жабдығын пайдалануға байланысты авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыстың озық әдістерін енгізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды ұйымдастыру және әзірлеу. Өндірістік объектілердің газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастыру. Газ шығынын бақылау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, аға шебер, шебер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,5 + 0,08*Қп;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Қп – қыздыру пештерінің саны (газ отынымен), бірлік.

      102. Технологиялық көлік және арнайы техника цехтарының басшылары, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      берілген өтінімдерге сәйкес Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне үздіксіз көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, автоколонна бастығы, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер, еңбек жөніндегі техник, шаруашылық меңгерушісі, өндірістік-техникалық қызмет инженері (аға), бақылау механигі, есепке алу жөніндегі техник, диспетчер, автомобильдерді жөндеу жөніндегі шебер, арнайы техниканы жөндеу жөніндегі шебер, механик.

      Технологиялық көлік және арнайы техника цехтарының басшылары, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 46-кестеде келтірілген.

      103. "Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және қызмет көрсету учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, жұмыс орындарын ұйымдастыруды және жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді, машиналарды, жабдықтарды, құрылғыларды, құралдарды, қорғау құралдарын пайдалануды қамтамасыз ету. Объектілерді тексеру актілерін, ақаулы ведомостарды, объектілерді ағымдағы жөндеуге материалдар қажеттілігінің ведомостарын жасау, қажетті материалдар мен құралдарға жылдық өтінімдер жасау, объектілерді ағымдағы жөндеудің қажеттілігі туралы бөлімшелерден деректер жинау, ағымдағы жөндеу объектілерінің жоспарларын, схемаларын, жұмыс сызбаларын жасау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жұмыстардың аға өндірушісі, жұмыстарды өндіруші, аға шебер, шебер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=2+0,000027*Жа;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Жа – өндірістік және қызметтік және өзге де үй жайлардың жиынтық алаңы, м2.

      104. "Электрхимиялық қорғаныс құралдары мен жоғары вольтты желілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Электрхимиялық қорғаныс құралдары мен жоғары вольтты желілерді жөндеу және қызмет көрсету учаскелері):

      1) жұмыс мазмұны:

      магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің электрхимиялық қорғаныс құралдары мен жоғары вольтты желілер және электр жабдықтары құралдарының жоспарлы-алдын алу жұмыстар графиктеріне сәйкес уақытылы және сапалы орындалуы, Ұйым объектілерінде километрлік өлшеу қорытындылары бойынша құбырлардың жай-күйіне жалпы есептілік пен талдау жасау. Коррозиялық жай-күйді анықтау және оларды коррозиядан қорғау жөнінде шаралар қабылдау үшін құбырларда, коммуникация желілерінде электрметриялық зерттеулер жүргізу. Катодты қорғау станциясына күрделі жөндеуді жүзеге асыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, электрхимиялық қорғаныс құралдары мен жоғары вольтты желілер бойынша шебер (аға), шебер (аға).

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=1,5+0,0019*Жұ+0,0002*Құ+0,0065*Ккқ+0,0009*Бөб

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Жұ – электр беру желілерінің ұзындығы, километр;

      Құ – бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр;

      Кқс – катодты қорғау станцияларының саны, бірлік;

      Бөб – бақылау-өлшеу бағандарының саны, бірлік;

      105. Суасты-техникалық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Суасты-техникалық жұмыстар бойынша учаскелер (базалар):

      1) жұмыс мазмұны:

      мұнай құбырларының, су тартқыштарының және су жинау құрылысжайларының суасты өткелдерін уақытылы және сапалы зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу, суасты өткелдеріндегі істен шығулардың (авариялардың) алдын алу және мұнай құбырының суасты өткелдеріндегі ықтимал істен шығулардың (авариялардың) салдарын тез жедел оқшаулауды және жоюды ұйымдастыру. Мұнай құбырлары істен шыққан (авария) жағдайда немесе аварияға қарсы жаттығулар өткізген кезде бонндық тосқауылдарды орнату, мұнай өнімдерін оқшаулау және жинау бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру. Флоттың, сүңгуір жабдығының, механизмдердің және басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдаланылуын және оларға қызмет көрсету мен жөндеу графиктерінің орындалуын қамтамасыз ету. Мұнай құбырлары мен су құбырларының ақауларын уақытылы анықтауды қамтамасыз ететін геодезиялық жұмыстар кешенін өндіру, құбырларды тексеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу, зерттелетін (жөнделетін) суасты өткелдерінің және құрылыс объектілерінің сипатына дәл көшіру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі (аға) инженер, аға механик, сүңгуірлік жұмыстар шебері, бондық бөгеттерді орнату жөніндегі шебер, геодезист.

      "Суасты-техникалық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Суасты-техникалық жұмыстар бойынша учаскелер (базалар) осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 47-кестеде келтірілген.

      106. "Орталық қойманың жұмысын ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      орталық қоймада тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, босату, қойма үй-жайлары мен алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды ескере отырып, оларды орналастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау. Жабдықтарды, жиынтықтаушы бұйымдарды сандық және сапалық қабылдауды, оларды жинауды қамтамасыз ету. Материалдық ресурстардың қозғалысын, бөлінбеген өндірістік қорлардың болуын есепке алуды жүргізу. Тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, олардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында сақтау режимдерін сақтау. Белгіленген нысандар бойынша материалдардың жетіспеуіне, бүлінуіне және есептен шығарылуына актілер жасау;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, қойма меңгерушісі, жабдықтарды жинақтау жөніндегі жетекші инженер, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, шаруашылық меңгерушісі, аға шебер, шебер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,143*Жк0,45

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Жк – жылына қайта өңделетін жүктердің көлемі, тонна.

      107. "Автоматтандырылған басқару жүйелерін сүйемелдеу" функциясы бойынша сан нормативтері (Автоматтандырылған басқару жүйелерінің учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      қауіпсіздік жүйелері мен диспетчерлік бақылау және басқару жүйелерінің, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың, газ дабылы жүйелерінің, автоматты өрт дабылы мен электр басқарудың, аварияға қарсы қорғау жүйелерінің, автоматика және телемеханика мен микропроцессорлық жабдықтардың, ағып кетуді анықтау жүйелерінің, мұнай құбырын қорғау жүйелерінің, резервуардағы деңгейді өлшеу жүйелерінің, коммерциялық есепке алудың автоматты жүйелерінің сапалы және сенімді жұмысын қамтамасыз ету жоспарлы-алдын алу, жөндеу жұмыстарын орындауды қамтамасыз ету жолымен Ұйым объектілерінде пайдаланылатын электр энергиясын, технологиялық жабдықтың авариясыз және ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін жөндеу жұмыстарын жүргізу. Серверлерді, операторлық станцияларды басқаруды және олардың жұмысын қолдауды қамтамасыз ету. Желілік телемеханика жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысын қолдауды ұйымдастыру. Объектілердің бағдарламалық-техникалық кешендерінің қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуіне байланысты істен шығулар мен авариялардың себептерін тергеуге қатысу;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, инженер (жетекші), технологиялық процестердің автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша инженер (жетекші), инженер-электроншы, инженер-бағдарламашы, телемеханика жөніндегі инженер, маман (жетекші).

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=2,78*МҚП0,42

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      МҚП – мұнай айдау станцияларының, қазандықтардың, мұнай қыздыру пункттерінің саны, бірлік.

      108. "Метрологиялық қамтамасыз етуді өлшеу құралдарын тексеруді жүзеге асыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Өлшеу және метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын тексеру учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      бекітілген жұмыс көлеміне және учаскенің жауапкершілік аймақтарына сәйкес Ұйым бөлімшелерінің өлшеу құралдарына салыстырып-тексеру жүргізуге, сондай-ақ мұнай, су және газ шығыс өлшегіштеріне техникалық қызмет көрсетуге бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін қамтитын мұнай және су көлігін метрологиялық қамтамасыз ету. Ұйым объектілерінде өлшеу құралдарын бағдарламалау, баптау, туралау және салыстырып-тексеру. Басқарма бөлімшелерінің персоналымен бірлесіп мұнай, су және газ шығыc өлшегіштерін монтаждау-баптау жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді орындау, сондай-ақ көрсеткіштердің дұрыстығы бойынша даулы мәселелерді шешу үшін бақылау өлшемдерін (салыстыруларды) жүргізу. Бөлімшелердің өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру графиктеріне сәйкес салыстырып-тексеру жұмыстарының жылдық жоспарларын қалыптастыру. Мұнай, су және газ шығын өлшегіштеріне техникалық қызмет көрсету графигін қалыптастыру;

      108. "Метрологиялық қамтамасыз етуді өлшеу құралдарын тексеруді жүзеге асыру" функциясы бойынша сан нормативтері (Өлшеу және метрологиялық қамтамасыз ету құралдарын тексеру учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      бекітілген жұмыс көлеміне және учаскенің жауапкершілік аймақтарына сәйкес Ұйым бөлімшелерінің өлшеу құралдарына салыстырып тексеру жүргізуге, сондай-ақ мұнай, су және газ шығыс өлшегіштеріне техникалық қызмет көрсетуге бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін қамтитын мұнай және су көлігін метрологиялық қамтамасыз ету. Ұйым объектілерінде өлшеу құралдарын бағдарламалау, баптау, туралау және салыстырып тексеру. Басқарма бөлімшелерінің персоналымен бірлесіп мұнай, су және газ шығыc өлшегіштерін монтаждау-баптау жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетуді орындау, сондай-ақ көрсеткіштердің дұрыстығы бойынша даулы мәселелерді шешу үшін бақылау өлшемдерін (салыстыруларды) жүргізу. Бөлімшелердің өлшеу құралдарын салыстырып тексеру графиктеріне сәйкес салыстырып тексеру жұмыстарының жылдық жоспарларын қалыптастыру. Мұнай, су және газ шығын өлшегіштеріне техникалық қызмет көрсету графигін қалыптастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, жетекші инженер, инженер, техник.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,000365*Өқс;

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      Өқс – Ұйымда пайдаланылатын өлшеу құралдарының саны (аспаптық парк), бірлік.

      109. "Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері (Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету учаскесі):

      1) жұмыс мазмұны:

      есептеу, есептеу желілерінің аппараттық құралдарына техникалық қызмет көрсетуді, есептеу құралдарының, аспаптық және қолданбалы бағдарламалық құралдардың жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етілуін сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Пайдаланылатын бұйымдардың барлық номенклатурасы бойынша жөндеу-пайдалану қажеттіліктеріне, қосалқы бөлшектер мен материалдарға жылдық жиынтық өтінімдерді дайындау, мұнай құбыры басқармасының пайдалану қажеттілігін қамтамасыз ету. Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету бойынша профилактикалық жұмыстарды сүйемелдеу және жүргізу. Пайдаланушыларды қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеуге үйретуге қатысу. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу. Ақпараттық жүйелерді пайдалану процесінде туындайтын ақауларды жою;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, бастықтың орынбасары, жетекші инженер-бағдарламашы, инженер-бағдарламашы, инженер-электроншы, жетекші инженер, инженер.

      Сан нормативтерін есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

      Н=0,113*ИТЖ0,734

      мұндағы:

      Н – сан нормативтері, адам;

      ИТЖ – мұнай құбыры басқармасы басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің штат саны, бірлік.

      110. Оқу орталығының сан нормативтері:

      1) жұмыс мазмұны:

      Қазақстан Республикасы заңнамасының және Ұйымның ішкі құжаттарының талаптарын ескере отырып, Оқу орталығы өткізетін Ұйым жұмыскерлерін кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу. Оқу орталығында Ұйым жұмыскерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін оқу-материалдық база құру. Қазақстан Республикасы заңнамасының және Ұйымның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Ұйымның жұмыскерлерін оқытуды және білімін тексеруді, оның ішінде аттестаттауды ұйымдастыру. Өндіріс үшін жаңа жұмысшы кадрларды даярлау, жас мамандарды бейімдеу мақсатында кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша Ұйым жұмыскерлеріне үздіксіз оқытуды ұйымдастыру. Ұйым жұмыскерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру Оқу орталығы іске асыратын оқу бағдарламаларының сапасы мен тиімділігін бағалау. Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс көрсету. Білім беру, ғылыми және сараптама ұйымдарымен ынтымақтастық, Ұйым жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы өңірлік және корпоративтік жобаларды іске асыруға қатысу. Оқу орталығында оқудан өтіп жатқан Ұйым жұмыскерлерін жатақханада тұру және Оқу орталығының асханасында тамақтану жағдайларымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) орындаушылар құрамы: бастық, оқу жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары, өндірістік жұмыс жөніндегі бастықтың орынбасары, оқыту жөніндегі инженер, экономист, жүйелік әкімші, жатақхана меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, маман, инженер-зертханашы.

      Оқу орталығының сан нормативтері осы Үлгілік нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес 48-кестеде келтірілген.

  Мұнай тасымалдауды жүзеге
асыратын ұйымдардың
өнеркәсіптік-өндірістік
персоналы санының үлгілік
нормативтеріне 1-қосымша

Жұмысшылардың жөндеу базасынан жұмыс орнына және кері қайтуына кететін уақыт шығындары

      сағат

Қашықтық
(қызмет көрсету аймағы),
километрге дейін

Жазда

Қыста

тас жол (қозғалыс жылдамдығы 45 километр/
сағат)

топырақты жол (қозғалыс жылдамдығы 30 километр/
сағат)

трасса бойынша (қозғалыс жылдамдығы 15 километр/
сағат)

тас жол (қозғалыс жылдамдығы 40 километр/
сағат)

топырақты жол (қозғалыс жылдамдығы 25 километр/
сағат)

трасса бойынша
(қозғалыс жылдамдығы 10 километр/
сағат)

5

0,11

0,16

0,33

0,12

0,20

0,50

10

0,22

0,33

0,66

0,25

0,40

1,00

15

0,33

0,50

1,00

0,37

0,60

1,50

20

0,45

0,66

134

0,50

0,80

2,00

25

0,55

0,83

1,66

0,62

1,00

2,50

30

0,67

1,00

2,00

0,75

1,20

3,00

35

0,78

1,16

2,33

0,88

1,40

3,50

40

0,89

1,33

2,66

1,00

1,60

4,00

45

1,00

1,50

3,00

1,12

1,80

4,50

50

1,11

1,66

3,33

1,25

2,00

5,00

60

1,34

2,00

4,00

1,50

2,40

6,00

70

1,55

2,30

4,75

1,75

2,80

7,00

80

1,78

2,64

5,35

2,00

3,20

8,00

90

2,00

3,00

6,00

2,24

3,60

9,00

100

2,21

3,31

6,55

2,50

4,00

10,00

      Ескертпе: персоналдың базадан жұмыс орнына өтуіне және жұмыс аяқталғаннан кейін базаға оралуына кететін уақыт шығындары, сондай-ақ бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына жолсыз жолдармен өту 2,52 коэффициентпен анықталады (жазда топырақты жолмен жүру уақытынан бастап).

      Жолсыздық – жол езілген кезде барлық түрдегі қиын, қираған жолдар, шұңқырлармен қиылысқан және қалың балшық қабатымен жабылған (20 сантиметр немесе одан да көп).

  Мұнай тасымалдауды
жүзеге асыратын ұйымдардың
өнеркәсіптік-өндірістік
персоналы санының үлгілік
нормативтеріне 2-қосымша

Норма түзуші көрсеткіштер

Өлшемшарт атауы

Шартты белгілер

Көрсеткіштер

Қолы

Резервуарлар саны, бірлік.

Рс



Анодты жерге тұйықтағыштардың саны, бірлік.

Ат



Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жабдықтарының саны, бірлік.

Аж



Магистральдық (негізгі) және тіреу сорғыларының жиынтық саны, бірлік.

Б



Бір тізбекті есептеудегі құбырлардың ұзындығы, километр.

Құ



Мұнайдың жүк айналымы, миллион тонна-километр.

ЖА



Резервуар паркінің сыйымдылығы, мың м3.

С



Қорғау құралдарының саны, бірлік.

ҚҚс



Мұнай құбыры басқармасы басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілерінің штат саны.

ИТЖ



Қазандықтардың саны, бірлік.

Қ



Жылына жүргізілетін талдаулар саны, бірлік.

АЖТ



Бақылау-өлшеу бағандарының саны, бірлік.

Бөб



Кәбіл желілерінің ұзындығы, километр.

Кж



3 жылға өндірістік күрделі салымдардың орташа жылдық көлемі (ағымдағы жыл және ағымдағы жылдың алдындағы екі жыл үшін), мың айлық есептік көрсеткіш.

Кс



Электр беру желілерінің ұзындығы, километр.

Жұ



Телемеханикаланған желілік бақылау пункттерінің саны, бірлік.

ЖБП



Мұнай айдау станцияларының, қазандықтардың, мұнай қыздыру пункттерінің саны, бірлік.

МҚП



Автоматтандырылған магистральдық және тірек мұнай айдау станцияларының саны, бірлік.

АМС



Жарықтандыру желілерінің ұзындығы, километр.

Ж



Жылына қайта өңделетін жүктердің көлемі, тонна.

Жк



Өндірістік объектілер саны, бірлік.

Өо



Мұнай қыздыру пештерінің саны, бірлік.

Қп



Сорғы станциялары мен мұнай құю эстакадаларының (мұнай құю пункттерінің) магистральдық агрегаттарының жиынтық белгіленген өнімділігі, сағатына мың м3.

Өн



Релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларының саны, бірлік.

РҚА



Ұйымда пайдаланылатын өлшеу құралдарының саны (аспаптық парк), бірлік.

Өқ



Катодты қорғау станцияларының саны, бірлік.

Кқс



Жарық-техникалық жабдықтардың саны, бірлік.

Тж



Өндірістік және қызметтік және өзге де үй- жайлардың жиынтық алаңы, м2

Жа



Жылжымалы құрамның физикалық бірліктерінің саны, бірлік.

Т



Электр жабдықтарының белгіленген қуаты, мың киловатт.

Қ



Жұмыскерлердің штат саны, бірлік.

Ш



Электр жабдықтарының саны, бірлік.

Э



  Мұнай тасымалдауды
жүзеге асыратын ұйымдардың
өнеркәсіптік-өндірістік
персоналы санының үлгілік
нормативтеріне 3-қосымша

Магистральдық мұнай айдау станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      1-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Мұнай айдау станциясы

Мұнай айдау станциясының операторы

5

Мұнай айдау станциялары

Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь

5

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

5

      Ескертпе:

      1. Мұнай айдау станциясында 20-дан астам негізгі және 80 қосалқы сорғы болған жағдайда мұнай айдау станциясы операторларының 5 адам мөлшеріндегі нормативтік саны қосымша көзделеді.

      2. Мұнай айдау станциясында резервуарлық парк көлемі 40 000 м3 астам болған жағдайда технологиялық қондырғыларды (резервуарлық паркті) жөндеу жөніндегі слесарь 2 адам, вахталық режим кезінде 4 адам мөлшеріндегі нормативтік саны қосымша көзделеді.

Депрессаторлық қондырғыларға, турбулентке қарсы қондырғыларға, ингибиторлар мен экологиялық қондырғыларды енгізу жөніндегі қондырғыларға жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      2-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Депрессаторлық қондырғы

Технологиялық қондырғылардың операторы
(депрессаторлық қондырғы)

5

Турбулентке қарсы қондырғы

Технологиялық қондырғылардың операторы
(турбулентке қарсы қондырғы)

5

Ингибиторлық қондырғы

Технологиялық қондырғылардың операторы
(коррозия ингибиторын енгізу бойынша)

5

      Сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      3-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Мұнай айдау станциясы (әрбір қызмет көрсету алаңына)

Технологиялық сорғылардың машинисі

5

      Резервуарлық парктерге қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      4-кесте

Жұмыс резервуарлары, бірлік

Сан нормативтері, адам

10-ға дейін

5

11-15

9

16-21

14

22 және одан астам

19

      Ескертпе: резервуарлық паркті басқару пульті мұнай айдау станциясының басқару пультімен бір үй-жайда болған кезде тауар операторының жұмыс орны (5 адам) көзделмейді, оның функциясын мұнай айдау станциясының операторы орындайды.

      Қабылдау-тапсыру пункттеріне жедел қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      5-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Қабылдау-тапсыру пункті

Тауар операторы

5

      Ескертпе: ұйымда мұнай айдау станциясының, желілік өндірістік-диспетчерлік станцияның аумағынан тыс орналасқан жекеленген (жеке тұрған) қабылдау-тапсыру пункттері болған кезде оларға қызмет көрсету үшін 5 адам мөлшеріндегі тауар операторларының және 5 адам мөлшеріндегі химиялық талдау зертханашыларының нормативтік саны көзделеді.

      Құю және ағызу теміржол эстакадаларындағы мұнайдың сандық және сапалық көрсеткіштерін есепке алу және бақылау жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      6-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Ауысымдағы сан нормативтері, адам

Ағызу-құю теміржол эстакадасы

Тауар операторы

5

Теміржол эстакадаларында мұнай құю және ағызу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      7-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Ауысымдағы сан нормативтері, адам

Ағызу-құю теміржол эстакадасы

Құюшы-төгуші

Құю және ағызу теміржол эстакадаларының жалпы сыйымдылығы 8 вагон-цистернаға 1,11 адам

      Ескертпе: есептеу мысалы: Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында құю және ағызу теміржол эстакадаларының жалпы сыйымдылығы – 90 вагон-цистерна. Нормативтік саны:

      бір ауысымдық жұмыс кезінде – 12,5 = 90/8*1,11;

      екі ауысымдық жұмыс кезінде – 25 = 90/8*1,11*2.

      Ағызу-құю теміржол эстакадалары мен айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      8-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Теміржол эстакадасы, мұнай құю эстакадасы, мұнай құю пункті, мұнай ағызу пункті (теңіз айлағы)

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

5

Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь

5

      Айлақтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      9-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

1 айлақ

Тауар операторы

5

Парафинді мұнай қыздыру пункттеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      10-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Вахталық режим кезінде, адам

Мұнай қыздыру пунктіндегі пештер (газ отынымен)
саны 3-ке дейін
4 және одан көп болған кезде

Технологиялық қондырғылардың операторы

 
5
9

Мұнай қыздыру пункті

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

1

2

Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь

1

2

Газ отынымен мұнай қыздыру пункті

Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь

2

4

Қазандықтарға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      11-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Қазандық

Қазандық операторы

5

      Ескертпе:

      1. Бұл кесте қазандықтардың саны 2 бірлік және қазандықтардың жалпы өнімділігі сағатына 4 гигакалорияға дейін есептелген.

      2. Қазандықтың басқару пультін мұнай айдау станциясы операторының жұмыс орнына шығару кезінде қазандықтардың саны 2-ге дейін болғанда қазандық операторларының саны көзделмеген.

      3. Қазандық газ отынымен жұмыс істеген кезде газ жабдығын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарлардың саны – 5 адам көзделеді.

      4. Жылу алмастырғыштардың, фурмалардың, резервуарлық парктерді жылытудың жұмысында буды пайдаланған кезде химиялық су тазарту аппаратшыларының саны – 5 адам көзделеді.

      Балластық, тауар астындағы, өнеркәсіптік кәріз және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      12-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Алаң (қондырғы)

Химиялық су тазарту аппаратшысы

5

Ұйытушы

5

Тазарту құрылысжайларының операторы

5


Хлоратор қондырғысының операторы

5


Сүзгілердегі оператор

5

      Ескертпе:

      1. *1 адам күндізгі ауысымда биологиялық тазарту станциясы бар алаңға (қондырғыға).

      2. Жөндеу қызметін көрсету үшін персоналдың мынадай қосымша саны (объект) белгіленеді:

      электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер – 1 адам.

      технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь – 1 адам.

      3. Балластық суларды тазартуды және биологиялық тазартуды жүргізетін мұнай айдау станциясына – әр учаскеге күндізгі ауысымда 1 химиялық талдау зертханашысы.

      4. Теңіз айлақтарында – күндізгі ауысымда айлақтардың су айдынын бақылауға 1 химиялық талдау зертханашысы.

      5. Өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейін өндірістік және тұрмыстық сарқынды суларды физикалық-химиялық тазарту станциясында – 1 химиялық талдау зертханашысы.

      6. Тәулігіне 50-ден 100 м3-ге дейінгі өнімділік кезінде персоналдың нормативтік саны екі есе артады.

Суасты өткелдерін зерттеп-қарау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      13-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Суасты өткелі

Матрос

5

Сүңгуір

5

Суасты өткелі

Технологиялық қондырғыларды жөндеу жөніндегі слесарь

9

Авариялық-қалпына келтіру пункттері санының нормативтері

      14-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Сан нормативтері, адам

Құбыр диаметрі,
миллиметр:


530-ға дейін

8

530-820

12

1020 және одан астам

16

      Ескертпе:

      1. Жұмыскерлердің саны құбыр жолының 225 шақырымына қалыпты жағдайда белгіленеді.

      2. Батпақты, құмды (шөлдер мен шөлейттер), таулы трассаларда және күріш алқаптарына іргелес трасса учаскелерінде бекітілген учаскенің ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Егер батпақтардың жалпы ұзындығы 2 пайыздан асса немесе ұзындығы 2 шақырымнан асатын батпақ болса, батпақты жол болып саналады.

      Трассаның таулы учаскелеріне көлденең және тік жазықтықтарда бұрылыстардың көп саны бар және опырылымдардың, сусымалардың, көшкіндердің әсеріне ұшыраған бойлық және көлденең еңістері 10 градустан асатын жер бойынша төселген учаскелер жатады.

      3. Құбырлар трассасына қолданылатын коэффициенттер:

      – 1-ші желі кезінде – К = 1;

      – 2-ші желі кезінде – К = 1,07;

      – әрбір келесі желіге 0,07 қосылады.

      4. Авариялық-қалпына келтіру пункттері персоналының шамамен алынған саны Үлгілік нормативтерге 4-қосымшада келтірілген.

      5. Вахталық жұмыс әдісімен нормативтік сан екі есе артады.

      6. Құбыр трассасының ұзындығы 500 километрден асқан кезде, 15-кесте бойынша есептелген нормативтік санға қосымша мұнай құбыры басқармасының құрамындағы әрбір өндірістік объектіге 4 адам саны көзделеді.

Қосалқы станцияларға қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      15-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Қосалқы станция

Қосалқы станцияның электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

5

Стационарлық дизельді электр станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылар санының нормативтері

      16-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Жылжымалы дизельді электр станциясы

Іштен жандыратын машинист

1

Дизельді электр станциясы

Слесарь-жөндеуші

2

әрбір орнатылған қозғалтқыш үшін

Жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер

0,5

      Ескертпе: вахталық жұмыс әдісі кезінде нормативтік саны екі есе артады.

Су сорғы станцияларына қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері

      17-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Тазарту құрылысжайлары

Химиялық су тазарту аппаратшысы

5

Ұйытушы

5

Химиялық-бактериологиялық талдау зертханашысы

5

      Ескертпе: кәрізді тазарту құрылысжайларына қызмет көрсету кезінде химиялық-бактериологиялық талдау зертханашыларының саны осы кестеге сәйкес есептеледі.

Тиеу-түсіру жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшылардың сан нормативтері

      18-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Сан нормативтері, адам

Қойма, жылына қайта өңделетін жүктердің көлемі кезінде, тонна


2000-ға дейін

3

2001-2667

4

4002-4668

7

6669-7335

11

8670-9336

14

13337-14003

21

17338 және одан астам

27

Қосалқы-көмекші жұмыстарда жұмыс істейтін жұмысшылар санының нормативтері

      19-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Мұнай айдау станциясы, мұнай қыздыру станциясы, мұнай құю эстакадасы (мұнай құю пункті), өндірістік қызмет көрсету базасы, авариялық-қалпына келтіру пункттері

Қосалқы жұмысшы

1

Тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау және беру жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      20-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Мұнай айдау, мұнай құю пункті, авариялық-қалпына келтіру пункті, технологиялық көлік және арнайы техника цехы, өндірістік қызмет көрсету базасы, қойма

Қоймашы

1

      Ескертпе: вахталық жұмыс әдісі кезінде нормативтік саны екі есе артады.

Автомобильдер мен арнайы техниканың жанар-жағармай материалдарын құятын жұмысшылардың сан нормативтері

      21-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Жанармай құю бекеті

Жанармай құю станцияларының операторы

1

      Ескертпе: вахталық жұмыс әдісі кезінде нормативтік саны екі есе артады.

Санитариялық-техникалық жүйелердің тораптары мен бөлшектеріне қызмет көрсететін жұмысшылардың сан нормативтері:

      22-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Кәсіптердің атауы

Сан нормативтері, адам

Мұнай айдау станциясы, мұнай құю пункті (мұнай құю эстакадасы), мұнай қыздыру станциясы

Слесарь-сантехник

1

      Ескертпе:

      1. Тарату желілері бойынша су беру және авариялық-қалпына келтіру пунктінде сарқынды суларды бұру бойынша реттелетін қызметтер көрсету кезінде – 1 бірлік слесарь-сантехник көзделеді.

      2. Вахталық жұмыс әдісімен нормативтік сан екі есе артады.

Механикаландыру және көлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      23-кесте

Көлік құралдарының түрлері

Сан нормативтері

Жеңіл автомобильдер оның ішінде өтімділіктің жоғарылауы

Техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 0,8 адам,
Вахталық режим кезінде техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 1,6 адам

Автобустар мен шағын автобустар

Техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 1 адам,
Вахталық режим кезінде техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 2 адам

Тәулік бойы қолданылатын кезекші көлік

Техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 5 адам

Экскаваторлар, барлық типтегі крандар, жылжымалы сорғы агрегаттары, цементтеу агрегаттары, жылжымалы депарафинизация қондырғылары

Техникалық жарамды техниканың бір бірлігіне 2,45 адам

Ұйымдағы механикаландыру және көлік құралдары (жоғарыда айтылғандарды қоспағанда)

Техникалық жарамды техниканың бір бірлігіне 0,8 адам,
Вахталық режим кезінде техникалық жарамды көліктің бір бірлігіне 1,6 адам

      Ескертпе: механикаландыру және автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшылардың саны (автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь, отын аппаратурасы жөніндегі слесарь, электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик, жол-құрылыс машиналары мен тракторларды жөндеу жөніндегі слесарь, токарь, электр газбен дәнекерлеуші, аккумуляторшы, резеңке бұйымдарды жөндеуші) кесте бойынша айқындалған жиынтық санды 0,09 коэффициентке көбейту арқылы айқындалады.

Ғимараттарды жөндеу жөніндегі жұмысшылардың сан нормативтері

      24-кесте

Жұмыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Сан нормативі, бірлік

Ғимараттарды жөндеу

2500 м2 қызметтік және өндірістік үй-жайлар

1,0

"Жалпы басшылық" функциясы бойынша сан нормативтері

      25-кесте

Лауазымдардың атауы

Сан нормативтері, адам

Бастық

1

Бас инженер

1

Бастықтың өндіріс жөніндегі орынбасары

1

Бастықтың орынбасары

1

"Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      26-кесте

Функцияның атауы

Сан нормативтері, адам

Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар бойынша жұмысты ұйымдастыру

1

"Энергия менеджментін қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      27-кесте

Функцияның атауы

Сан нормативтері, адам

Энергия менеджментін қамтамасыз ету

1

"Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      28-кесте

Функцияның атауы

Сан нормативтері, адам

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру

1

"Байланыс құралдарын пайдалануды үйлестіру" функциясы бойынша сан нормативтері

      29-кесте

Құбырдың ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

800-ге дейін

1

801 және одан астам

2

"Технологиялық көлікті және арнайы техниканы пайдалану" функциясы бойынша сан нормативтері

      30-кесте

Жылжымалы құрамның физикалық бірліктерінің саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

100-ге дейін

2

100-ден астам

3

"Тәуекелдерді басқару және интеграцияланған менеджмент жүйесі" функциясы бойынша сан нормативтері

      31-кесте

Жұмыскерлердің штат саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

800-ге дейін

1

800-ден астам

2

"Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері:

      32-кесте

Функцияның атауы

Сан нормативтері, адам

Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру

1

"Гигиена және өнеркәсіптік санитария" функциясы бойынша сан нормативтері

      33-кесте

Функцияның атауы

Сан нормативтері, адам

Гигиена және өнеркәсіптік санитария

1

"Әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету" функциясы бойынша сан нормативтері

      34-кесте

Жұмыскерлердің штат саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

800-ге дейін

2

800-ден астам

3

"Өндірісті жедел басқару" функциясы бойынша сан нормативтері

      35-кесте

Өндірістік объектілер саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

5-ке дейін

3

6 және одан астам

4

"Азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      36-кесте

Жұмыскерлердің штат саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

600-ге дейін

1

601 және одан астам

2

      Ескертпе: желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар мұнай құбыры басқармасы аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден астам қашықтықта орналасқан кезде желілік өндірістік-диспетчерлік станцияларға 1 адам қосымша көзделеді.

"Корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" функциясы бойынша сан нормативтері

      37-кесте

Жұмыскерлердің штат саны, бірлік

Сан нормативтері, адам

600-ге дейін

1

601 және одан астам

2

      Ескертпе: желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар мұнай құбыры басқармасы аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден артық қашықтықта орналасқан кезде желілік өндірістік-диспетчерлік станцияларға 1 адам қосымша көзделеді.

"Жеке мұнай айдау, мұнай құю станцияларының, мұнай қыздыру станцияларының басшылығы мен мамандары" функциясы бойынша сан нормативтері

      38-кесте

Лауазымдардың атауы

Сан нормативтері, адам

Станция бастығы

Станцияға 1 адам

Бастықтың орынбасары

Станцияға 1 адам

Жетекші инженер-энергетик, инженер-энергетик

Станцияға 1 адам

Жетекші инженер-энергетик (қосалқы станциялар), инженер-энергетик (қосалқы станциялар)

Қосалқы станция болған кезде станцияға 1 адам

Жетекші инженер-механик, инженер-механик

Станцияға 1 адам

Технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің инженері (жетекші)

Станцияға 1 адам

Еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер

Станцияға 1 адам

Ауысым (вахта) бастығы

Станцияға 5 адам

Жетекші инженер (резервуар паркінің), инженер (резервуар паркінің)

4 және одан да көп резервуар болған кезде станцияға 1 адам

Газ шаруашылығы және қыздыру пештерінің аға шебері

Газ отынымен жұмыс істейтін қыздыру пештері болған кезде станцияға 1 адам

Жетекші инженер (жылу-газ-сумен жабдықтау және кәріз), инженер (жылу-газ-сумен жабдықтау және кәріз)

Станцияға 1 адам

Электрхимиялық қорғау және жоғары вольтты желілердің аға шебері, электрхимиялық қорғау және жоғары вольтты желілердің шебері

Станцияға 1 адам

Инженер

Балластық, тауарлық және өнеркәсіптік кәріз және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту бойынша құрылысжайлар болған кезде станцияға 1 адам

Инженер

Тәулігіне өнімділігі 450 м3 астам су тазарту құрылысжайлары болған кезде станцияға 1 адам

Автокөлік және арнайы техника бойынша жетекші механик, автокөлік және арнайы техника бойынша механик

Техникалық жарамды көлік саны 10 және одан астам болған кезде станцияға 1 адам

Еңбек технигі

Штат саны 75 және одан көп адам болған кезде станцияға 1 адам

Шаруашылық меңгерушісі

Штат саны 75 және одан көп адам болған кезде станцияға 1 адам

Ағызу-құю эстакадалары мен кірме жолдарды пайдалану жөніндегі шебер

Теміржол эстакадасы болған кезде станцияға 1 адам

      Ескертпе: вахталық жұмыс әдісі кезінде нормативтік саны екі есе артады.

      "Авариялық-қалпына келтіру пункті, желілік-пайдалану қызметі, орталық авариялық-жөндеу қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері

      39-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Сан нормативтері, адам

Құбыр жолы
Қалыпты жағдайда 225 шақырым
Батпақты, құмды (шөлдер мен шөлейттер) және 90 шақырымдық таулы жерлерде

 
3
3

      Ескертпе:

      1. Магистральдық мұнай құбырының бекітілген учаскелерінен өту кезінде әртүрлі техникалық дәліздерде қызмет көрсету үшін 1 адам көзделеді.

      2. Жұмыскерлердің саны құбыр жолының 225 шақырымына қалыпты жағдайда белгіленеді. Батпақты, құмды (шөлдер мен шөлейттер), таулы трассаларда және күріш алқаптарына іргелес трасса учаскелерінде бекітілген учаскенің ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Егер батпақтардың жалпы ұзындығы 2 пайыздан асатын болса немесе ұзындығы 2 шақырымнан асатын батпақ болса, батпақты жол болып саналады.

      3. Персонал саны 50 және одан көп адам болған кезде еңбекті қорғау жөніндегі инженер лауазымы енгізіледі.

      4. Дербес авариялық-қалпына келтіру пунктіне техникалық жарамды көліктің 10 және одан да көп бірлігі бекітіліп берілген кезде 1 адам мөлшерінде автокөлік және арнайы техника жөніндегі механик лауазымы енгізіледі.

      5. Вахталық жұмыс әдісімен нормативтік сан екі есе артады.

"Телемеханика құралдарының желілік-пайдалану қызметі" функциясы бойынша сан нормативтері

      40-кесте

Телемеханикаланған желілік бақылау пункттерінің саны, бірлік.

Сан нормативтері, адам

13-ке дейін

1

14-26

2

27-40

3

41-53
54-66

4
5

67-79

6

80-92

7

93-105

8

106-119

9

120-132

10

      Ескертпе:

      1. Автоматтандырылған басқару жүйелерін сүйемелдеу қызметінің өңірлік бөлімшелерінің нормативтік санын есептеу үшін диспетчерлік басқару және деректерді жинау жүйесі бар мұнай құбыры басқармаларына қызмет көрсету 1,2 коэффициентін қолдану.

      2. Қосымша телемеханиканың бағдарламалық кешенін сүйемелдеу бойынша жүйелік әкімшінің екі бірлігі көзделеді.

"Тауар-шикізат қызметін ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      41-кесте

Қызмет көрсетілетін объект

Сан нормативтері, адам

Қабылдау-тапсыру пункттері
Жекеленген қабылдау-тапсыру пунктіне
Сыйымдылығы 75-тен 150 мың текше метрге дейінгі
резервуар паркі
151 мың текше метрден астам
Құю эстакадасы, мұнай құю пункті

1
3
1
2
1

"Химиялық талдаулар өндірісі" функциясы бойынша сан нормативтері:

      42-кесте

Қызмет көрсетілетін объект


Сан нормативтері, адам

Химиялық зертхана
Бір жыл ішінде өндіріс кезінде 40 000-ға дейін талдау
40001-80000
80001-120000


 
1
2
3

      Ескертпе:

      1. Мұнай құбыры басқармасында су бойынша талдау жүргізу кезінде қосымша 1 адам көзделеді.

      2. Жылына 40 000-нан аз талдау жүргізу және вахталық жұмыс әдісі кезінде нормативтік саны 2 адам мөлшерінде белгіленеді.

Дербес желілік өндірістік-диспетчерлік станциялар басшыларының, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері

      43-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бастық

1 адам

Бастықтың орынбасары

1 адам

Жетекші инженер-энергетик, инженер-энергетик

1 адам

Технологиялық процестердің (бақылау-өлшеу аспабы және автоматика) автоматтандырылған басқару жүйесінің инженері (жетекші)

1 адам

Инженер-механик (жетекші)

1 адам

Метрология жөніндегі инженер (жетекші)

Пайдаланылатын өлшеу құралдарының саны 500 бірліктен асатын кезде 1 адам

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі инженер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер (жетекші), өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі инженер

Штат саны 150 адамнан кем болған кезде 1 адам;
Штат саны 150 және одан көп адам болған кезде 2 адам

Байланыс жөніндегі инженер

желілік өндірістік-диспетчерлік станция мұнай құбырын басқару аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден астам қашықтықта болған кезде
желілік өндірістік-диспетчерлік станцияға 1 адам

Инженер-эколог

желілік өндірістік-диспетчерлік станция мұнай құбырын басқару аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден астам қашықтықта болған кезде
желілік өндірістік-диспетчерлік станцияға 1 адам

Жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер

желілік өндірістік-диспетчерлік станция мұнай құбырын басқару аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден астам қашықтықта болған кезде
желілік өндірістік-диспетчерлік станцияға 1 адам

Бухгалтер (жетекші), салық жөніндегі маман (жетекші)

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам;
Штат саны 200 және одан көп адам болған кезде 2 адам

Заң консультанты (жетекші)

желілік өндірістік-диспетчерлік станция мұнай құбырын басқару аппаратының орналасқан жерінен 500 километрден астам қашықтықта болған кезде
желілік өндірістік-диспетчерлік станцияға 1 адам

Еңбек жөніндегі техник

Штат саны 150 және одан көп адам болған кезде 1 адам

Жоспарлау жөніндегі экономист

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам;
Штат саны 300 және одан көп адам болған кезде 2 адам

Кадрлар жөніндегі маман (жетекші), кадрлар және әлеуметтік даму жөніндегі маман

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам;
Штат саны 150 және одан көп адам болған кезде 2 адам

Гигиена және өнеркәсіптік санитария жөніндегі маман

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам

Шаруашылық меңгерушісі

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам

"Басшылық және мамандар" функциясы бойынша сан нормативтері

      44-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

База бастығы

1

База бастығының орынбасары, аға инженер

1

Еңбекті қорғау жөніндегі инженер

1

Еңбек жөніндегі техник

Штат саны 45 және одан көп адам болған кезде 1 адам

Шаруашылық меңгерушісі

Штат саны 90 және одан көп адам болған кезде 1 адам

"Рентгеногаммаграфия және дефектоскопия жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      45-кесте

Құбыржолы трассасының ұзындығы, километр

Сан нормативтері, адам

500-ге дейін
501-1000
1001-1500
1501-2000
2001 және астам

1
2
3
4
5

      Ескертпе: жекеленген құрылымдық бөлімшелеріне өндірістік қызмет көрсету базасының бөлімшесі қызмет көрсеткен кезде 1,5 коэффициенті қолданылады.

Технологиялық көлік және арнайы техника цехтарының басшылары, мамандары мен қызметшілерінің сан нормативтері

      46-кесте

Функциялар мен лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бастық

Цехке – 1 адам

Бастықтың орынбасары

Жылжымалы құрамның физикалық бірліктерінің саны – 60 және одан асатын жағдайда цехке – 1 адам

Автоколонна бастығы

Автоколоннаға – 1 адам

Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер

Цехке – 1 адам;
желілік өндірістік-диспетчерлік станция құрамындағы автоколоннаға –
1 адам

Еңбекті қорғау жөніндегі инженер

Штат саны – 50 және одан көп адам болған кезде цехке –1 адам;
Штат саны –50 және одан көп адам болған кезде желілік өндірістік-диспетчерлік станция құрамындағы автоколоннаға –1 адам

Еңбек жөніндегі техник

Штат саны – 30 және одан көп адам болған кезде цехке – 1 адам

Шаруашылық меңгерушісі

Штат саны – 75 және одан көп адам болған кезде цехке – 1 адам

Пайдалану қызметі және өндірісті жедел басқару


Бастық, өндірістік-техникалық қызмет инженері (аға), бақылау механигі, есепке алу жөніндегі техник, диспетчер

Жылжымалы құрамның 10 физикалық бірлігіне – 1 адам

Жөндеу қызметі


Бастық, автомобильдерді жөндеу шебері, арнайы техниканы жөндеу жөніндегі шебері, механик

Жылжымалы құрамның 30 физикалық бірлігіне – 1 адам

Суасты-техникалық жұмыстарды ұйымдастыру" функциясы бойынша сан нормативтері

      47-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бастық

1

Суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі аға инженер, суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер

1

Аға механик

5

Сүңгуір жұмыстарының шебері

1

Бонндық тосқауылдарды орнату шебері

1

Геодезист

2

Оқу орталығының сан нормативтері

      48-кесте

Лауазымдар атауы

Сан нормативтері, адам

Бастық

1

Бастықтың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

1

Бастықтың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

1

Оқыту инженері

Оқу бағдарламасының 900 сағатына – 1 адам

Экономист

1

Жүйе әкімшісі

1

Жатақхана меңгерушісі

1

Шаруашылық меңгерушісі

1

Маман

1

Инженер-зертханашы

1

  Мұнай тасымалдауды
  жүзеге асыратын ұйымдардың
  өнеркәсіптік-өндірістік
  персоналы санының
  үлгілік нормативтеріне
  4-қосымша

Авариялық-қалпына келтіру пункттері персоналының саны

 
№ р/с

Негізгі мамандық

диаметрі
530
миллиметрге дейін

диаметрі
730-820
миллиметр

диаметрі
1020-1220
миллиметр

Ескертпе

1

2

3

4

5

6


А. Қалыпты жағдайлар үшін





1

Авариялық-қалпына келтіру пунктінің бастығы

1

1

1


2

Автотрактор техникасы жөніндегі механик

1

1

1


3

Авариялық-қалпына келтіру жұмысының шебері

1

1

1


4

2-3-класс жүргізушісі

8

9

10

5

5

Шынжыр табанды тасымалдаушы-трактор жүргізушісі

1

1

1

2

6

5-6-разрядты бульдозер машинисі

2

2

2


7

5-разрядты құбыр төсеу машинисі

1

1

1

1

8

6-разрядты экскаватор машинисі




1

9

5-разрядты экскаватор машинисі

2

2

2


10

6-разрядты автокран машинисі

1

1

1

1

11

6-разрядты электр газбен дәнекерлеуші

1

1

2


12

5-разрядты электр газбен дәнекерлеуші


1

1


13

4-5-разрядты желілік құбыршы

4

7

10


14

4-разрядты газбен кесуші

1

1

1


15

4-разрядты сорғы машинисі

1

1

1



А бөлімі бойынша жиыны

25

30

35

10


Б. Батпақты жерлерде авариялық-қалпына келтіру пункттерінің қосымша құрамы





1

5-разрядты трактор машинисі

1

2

2


2

5-разрядты бульдозер машинисі

1

1

1


3

Көлік жүргізушісі

1

1

1


4

Батпақта жүретін машинаның механик-жүргізушісі




1

5

Қосымша жиыны

3

4

4

1

6

А бөлімімен барлығы

28

34

39

11


В. Шөл жағдайындағы авариялық-қалпына келтіру пункттерінің қосымша құрамы





1

5-разрядты экскаватор машинисі

1

1

1


2

6-разрядты бульдозер машинисі

1

1

1


3

6-разрядты бұрғылау-кран машинасының машинисі

1

1

1



Қосымша жиыны

3

3

3



А бөлімімен барлығы

28

33

38

10

      Ескертпе:

      Көрсетілген персоналдың құрамы мен саны Үлгілік нормативтердің 44 және 88-тармағына сәйкес жасақталған авариялық-қалпына келтіру пункттері үшін келтірілген. Авариялық-қалпына келтіру пункттері техникалық құралдармен толық жарақтандырылмаған кезде арнайы техникамен қызмет көрсететін жұмысшылардың саны оның нақты болуы бойынша белгіленеді.

      6-бағанда авариялық-қалпына келтіру пункттерін жасақтау үшін персоналдың қосымша саны келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады