БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және қоғамдық даму ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 343-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және қоғамдық даму ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
"Ақпарат және қоғамдық даму ұйымдарының басшылары лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (Директор, Бас директор, басқарма төрағасы)" деген 2-тарауда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ұйым бейініне сәйкес келетін экономикалық қызмет түрінде басшы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, "Іскерлік әкімшілік ету магистрі" ғылыми дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білімінің болғаны мүмкін, немесе тиісті салада 4 жылдан кем емес оның ішінде басшы лауазымында 1 жыл, немесе ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және тиісті салада 3 жыл жұмыс өтілі бар, немесе мемлекеттік қызметте еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде, немесе функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда "Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтарға сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын дербес аяқтаған және академиялық дәреже алған.";
"Ақпарат және қоғамдық даму ұйымы басшысының орынбасары (ғылыми-зерттеу қызметі бойынша)" деген 3-тарауда:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы қосымша даярлық және басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл не тиісті салада кемінде 4 жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде 1 жыл, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар және тиісті салада 2 жыл жұмыс өтілі бар, не мемлекеттік қызметте кемінде 5 жыл өтілі болған жағдайда, не функционалдық бағыттарға сәйкес облыстарда білімі болған кезде Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған не басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған тұлғалар, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы бекітетін немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқуын дербес аяқтаған және басым мамандықтарға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық дәреже алған тұлғалар.".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
