БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын) тізбесі
Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Коды | Білім беру бағдарламаларының атауы | Орындар саны |
Бөлім 1. Докторантура | |||
Бөлімше 1. "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
1. | D028 | Режиссура | 1 |
2. | D029 | Театр өнері | 1 |
3. | D030 | Эстрада өнері | 1 |
4. | D031 | Хореография | 1 |
5. | D033 | Бейнелеу өнері | 1 |
6. | D034 | Өнертану | 2 |
7. | Барлығы | 7 | |
Бөлімше 2. "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
8. | D006 | Музыка педагогтарын даярлау | 1 |
9. | D022 | Музыкатану | 1 |
10. | D023 | Аспаптық орындаушылық | 1 |
11. | D024 | Вокалдық өнер | 1 |
12. | D025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | 2 |
13. | D034 | Өнертану | 2 |
14. | D037 | Арт-менеджмент | 1 |
15. | Барлығы | 9 | |
Бөлімше 3. "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі | |||
16. | D022 | Музыкатану | 2 |
17. | D023 | Аспаптық орындаушылық | 1 |
18. | D024 | Вокалдық өнер | 1 |
19. | D025 | Дәстүрлі музыкалық өнер | 1 |
20. | D027 | Дирижирлеу | 1 |
21. | D037 | Арт-менеджмент | 1 |
22. | Барлығы | 7 | |
Бөлімше 4. "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | |||
23. | D031 | Хореография | 2 |
24. | D034 | Өнертану | 1 |
25. | Барлығы | 3 | |
26. | Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша қорытынды | 26 | |
