ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 131-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 132) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жириялануға жатады.
| Министр | Е. Көшербаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-4-/743 бұйрығына қосымша |
Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің тізбесі
1. Азия Даму Банкінің өкілдігі.
2. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы.
3. Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының Елшілігі.
4. Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
5. Америка Құрама Штаттарының Елшілігі.
6. Апостолдық Нунциатура, Қасиетті Тақтың (Ватикан) Елшілігі.
7. Армения Республикасының Елшілігі.
8. Аустрия Республикасының Елшілігі.
9. Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.
10. Әзербайжан Республикасының Елшілігі.
11. Беларусь Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
12. Беларусь Республикасының Елшілігі.
13. Бельгия Корольдігінің Елшілігі.
14. Болгария Республикасының Елшілігі.
15. Боливар Венесуэла Республикасының Елшілігі.
16. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының кластерлік бюросы.
17. Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі.
18. Біріккен Араб Әмірліктерінің Шымкент қаласындағы Бас консулдығы.
19. Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының өкілдігі.
20. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы.
21. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы.
22. Вьетнам Социалистік Республикасының Елшілігі.
23. Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
24. Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі.
25. Грек Республикасының Елшілігі.
26. Грузия Елшілігі.
27. Дүниежүзілік банктің өкілдігі.
28. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі географиялық қашықтағы кеңсесі.
29. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының субөңірлік үйлестіру кеңсесі.
30. Еуразиялық даму банкінің өкілдігі.
31. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры.
32. Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдігі.
33. Еуропалық Одақтың Өкілдігі.
34. Жапония Елшілігі.
35. Израиль Мемлекетінің Елшілігі.
36. Индонезия Республикасының Елшілігі.
37. Иордан Хашимит Корольдігінің Елшілігі.
38. Ирак Республикасының Елшілігі.
39. Ислам даму банкінің өкілдігі.
40. Испания Корольдігінің Елшілігі.
41. Италия Республикасының Елшілігі.
42. Канада Елшілігі.
43. Кипр Республикасының Елшілігі.
44. Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
45. Корея Республикасының Елшілігі.
46. Кувейт Мемлекетінің Елшілігі.
47. Қатар Мемлекетінің Елшілігі.
48. Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
49. Қырғыз Республикасының Елшілігі.
50. Қытай Халық Республикасының Ақтөбе қаласындағы Бас консулдығы.
51. Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
52. Қытай Халық Республикасының Елшілігі.
53. Латвия Республикасының Елшілігі.
54. Ливан Республикасының Елшілігі.
55. Ливия Мемлекетінің Елшілігі.
56. Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
57. Литва Республикасының Елшілігі.
58. Мажарстан Елшілігі.
59. Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
60. Малайзия Елшілігі.
61. Марокко Корольдігінің Елшілігі.
62. Молдова Республикасының Елшілігі.
63. Моңғолия Елшілігі.
64. Нашақорлық пен психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы.
65. Нидерланд Корольдігінің Елшілігі.
66. Оман Сұлтандығының Елшілігі.
67. Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі.
68. Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.
69. Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
70. Өзбекстан Республикасының Елшілігі.
71. Палестина Мемлекетінің Елшілігі.
72. Пәкістан Ислам Республикасының Елшілігі.
73. Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
74. Польша Республикасының Елшілігі.
75. Португалия Республикасының Елшілігі.
76. Ресей Федерациясының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.
77. Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
78. Ресей Федерациясының Елшілігі.
79. Ресей Федерациясының Орал қаласындағы Бас консулдығы.
80. Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдығы.
81. Румыния Елшілігі.
82. Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі.
83. Сербия Республикасының Елшілігі.
84. Словакия Республикасының Елшілігі.
85. Солтүстік Македония Республикасының Елшілігі.
86. Таиланд Корольдігінің Елшілігі.
87. Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
88. Тәжікстан Республикасының Елшілігі.
89. Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы.
90. Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы.
91. Түркия Республикасының Елшілігі.
92. Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулдығы.
93. Түркі академиясы.
94. Түрікменстан Елшілігі.
95. Түрікменстанның Ақтау қаласындағы консулдығы.
96. Украина Елшілігі.
97. Үндістан Республикасының Елшілігі.
98. Финляндия Республикасының Елшілігі.
99. Француз Республикасының Елшілігі.
100. Халықаралық валюта қорының өкілдігі.
101. Халықаралық қаржы корпорациясы.
102. Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдігі.
103. Хорватия Республикасының Елшілігі.
104. Чех Республикасының Елшілі.
105. Швейцария Конфедерациясының Елшілігі.
106. Швеция Корольдігінің Елшілігі.
107. Эстония Республикасының Елшілігі.
