"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Алматы қаласында (Құлжа трактісі ауданы) 35 000 орындық футбол стадионын салу" және "Алматы қаласында 5 000 көрерменге арналған әмбебап спорт аренасын бассейнімен салу" құрылыс объектілерін ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламенттеу талап ететін объектілерге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Нағаспаев |
