Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 645/НҚ бұйрығы

      "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады