Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара әрекеттесу Қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Төрағасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 265/НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 256 бірлескен бұйрығы

      БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

      "Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы №189/НҚ бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара әрекеттесу Қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитеттер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Комитеттердің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағаларының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік ұйым басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің
Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы
Д. Сейсембеков
      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ж. Дуйсембиев

  Бекітілген
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің
Телекоммуникациялар комитеті
төрағасының
2025 жылдың 26 мамырдағы
№ 265/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
төрағасының
2025 жылдың 27 мамырдағы
№ 256 бірлескен бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара әрекеттесу Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі өзара әрекеттесудің осы Қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы №189/НҚ бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары бойынша кедендік реттеу саласындағы құпия мәліметтерді (бұдан әрі − Мәліметтер) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – МКК) ақпараттық жүйелерінен абоненттік құрылғылардың мониторингі және сәйкестендірудің ақпараттық жүйесіне ұсыну жөніндегі өзара әрекеттесу тәртібін белгілейді.

      3. Мәліметтер осы Қағидалардың 1-қосымшасы бойынша тізімге сәйкес ұсынылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (абоненттік құрылғы) – ұялы байланыс желісіне қосылатын ақпаратты тарату немесе қабылдау үшін электр байланысының сигналдарын қалыптастыратын, жеке пайдалануға арналған байланыс құралы. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін абоненттік құрылғылар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтары бойынша Қазақстан Республикасына жеткізілетін тауар деп түсіндіріледі;

      2) ғаламдық мобильді байланыс жүйесі Қауымдастығының дерекқоры (бұдан әрі – GSMA) - абоненттік құрылғының өндірушісі мен моделін оның сәйкестендіру коды бойынша бір мәнді сәйкестендіруге арналған, оның ішінде халықаралық деңгейде GSMA қара тізіміне енгізілген, бұғатталған ұтқыр құрылғылар туралы мәліметтерді қамтитын халықаралық ақпараттық ресурс;

      3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді келесідей тексеру:

      GSMA-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәйкестендіру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу туралы мәліметтердің мониторингі;

      4) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары иелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлері (жеке тұлғалар үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (заңды тұлғалар үшін);

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтары;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларымен пайдаланылатын абоненттік нөмірлер туралы мәліметтерді қамтитын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқоры (бұдан әрі – СКДҚ) – дерекқорды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешені

      5) абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру коды (бұдан әрі - IMEI коды)-дайындаушы зауыттың абоненттік құрылғыға беретін коды;

      6) импорттық операциялар – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-ЕАЭО) кедендік аумағына абоненттік құрылғыларды жеткізу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына абоненттік құрылғыларды жеткізу;

      7) импорттаушы - Қазақстан Республикасының кедендік және (немесе) салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді жүзеге асыратын, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      8) жеке тұлға - кәсіпкерлік қызметпен байланысы жоқ мақсаттар үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) шетелдік тұлға;

      9) мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – МКК АЖ) – импорттық және экспорттық операциялар туралы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері.

      10) абоненттік құрылғылардың мониторингі мен сәйкестендірудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АҚ МжС АЖ) - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті белгілеген, байланыс саласында уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау үдерістерін ақпараттық қамтамасыз етуге арналған жүйе. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін абоненттік құрылғылардың мониторингі мен сәйкестендірудің ақпараттық жүйесі АҚ МжС АЖ мен МКК АЖ арасындағы ақпараттық өзара әрекеттесу үдерістерін автоматтандыру үшін пайдаланылады.

2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының айналымы кезінде жүзеге асырылатын импорттық операциялар туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінен абоненттік құрылғылардың мониторингі мен сәйкестендірудің ақпараттық жүйесіне тарату тәртібі

      5. Құпия ақпарат ұсыну бойынша өзара әрекеттесу Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңының 29-бабына сәйкес ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік органдардың Бірыңғай тасымалдау ортасы (МО БТО) арқылы интеграциялау жолымен жүзеге асырылады.

      6. Ақпараттық жүйелердің өзара әрекеттесуі Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес МКК жариялаған интеграциялық сервистер арқылы жүзеге асырылады.

      7. Ақпараттық өзара әрекеттесу объектілері:

      МКК АЖ;

      АҚ МжС АЖ.

      8. Импорттық операциялар туралы мәліметтерді тарату бойынша ақпараттық өзара әрекеттесу келесі шарттарға сәйкес жүзеге асырылады:

      АҚ МжС АЖ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялауға өтінім қабылдаған кезде импорттаушы және (немесе) жеке тұлға (қажет болған жағдайда) мәлімдеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын жеткізу туралы мәліметтерді растау үшін МКК АЖ-ға жүгінеді;

      МКК АЖ - ы АҚ МжС АЖ - дан алынған сұранысқа жауап ретінде МКК АЖ-да қамтылған абоненттік құрылғылардың айналымы кезінде жүзеге асырылатын импорттық операциялар туралы мәліметтер, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттерден жеткізілген тауарларды шығару туралы шешімдердің нәтижелері бойынша қалыптастырылған мәліметтер, ұсынылған кедендік декларациялар негізінде мәлімделген ақпаратты растауды немесе теріске шығаруды қамтамасыз етеді;

      Осы Қағидалардың мақсаттары үшін тауарларды шығару дегеніміз келесі кедендік рәсімдер бойынша тауарларды шығару туралы МКК АЖ-ның шешімі болып түсіндіріледі: ішкі тұтыну үшін шығару, уақытша әкелу (рұқсат беру), кері импорт, мемлекет пайдасы үшін бас тарту.

      9. АҚ МжС АЖ-ы МКК АЖ-дан алынған импорттық операциялар туралы ақпаратты өңдеу нәтижелері бойынша ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауды және МКК АЖ-дан ақпарат алған кезден бастап СКДҚ-ға сәтті верификациялау нәтижелері туралы мәліметтерді таратуды қамтамасыз етеді.

      10. МКК АЖ-ы ақпараттық өзара әрекеттесуге дайын болған және интеграциялық сервистерді дайындау жұмыстары аяқталған сәтке дейін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауға арналған өтінім осы Қағидалардың 8-тармағының 3-абзацында қарастырылған мәліметтер негізінде АҚ МжС АЖ-да Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі-КТ) қызметкерлерінің қолымен расталуы тиіс. КТ қызметкері АҚ МжС АЖ-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауға арналған өтінімді растауға сұраныс алғаннан кейін импорттаушы және (немесе) жеке тұлға мәлімдеген жеткізу туралы мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады және АҚ МжС АЖ-да әрбір абоненттік құрылғы бойынша мұндай мәліметтерді бір жұмыс күні ішінде растайды не қабылдамайды.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағын іске асыру мақсатында МКК ай сайынғы негізде есептілік айынан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде КТ-ға "Қызметтік пайдалану үшін" деген белгісі бар ілеспе хаттарды ресімдеу арқылы қосымшаға сәйкес қорғалатын байланыс арналары бойынша мәліметтер тізімін ұсынады. Мәліметтер EXCEL форматында жолданады.

      12. МКК АЖ-дан АҚ МжС АЖ-ға тапсырылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының айналымы кезінде жүзеге асырылатын импорттық операциялар туралы мәліметтер тізімі осы Қағидалардың 2-қосымшасымен айқындалады.

      13. МКК АЖ-ы және АҚ МжС АЖ-ы арасындағы өзара ақпараттық әрекеттесуге қойылатын техникалық талаптар Интеграция жөніндегі жеке келісіммен белгіленеді.

3-тарау. Абоненттік құрылғылар айналымы кезінде жүзеге асырылатын импорттық операциялар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету

      14. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті қол жеткізілген мәліметтерді осы Қағидалар аясында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

      15. Осы бірлескен бұйрық аясында алынған Мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін атқару кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай ақпаратты таратуға құқығы жоқ.

      16. Мақсаттарға қол жеткізгеннен және практикалық қажеттілік жоғалғаннан кейін алынған Мәліметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің
Телекоммуникациялар комитеті
мен Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитетінің ұялы байланыстың
абоненттік құрылғылары
бойынша кедендік реттеу
саласындағы құпия ақпаратты
ұсыну жөніндегі өзара
әрекеттесу Қағидаларына
1-Қосымша

Импорттық операциялар туралы мәліметтерді тарату үшін абоненттік құрылғылардың тізімі

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Тауардың аталуы

1.

8517 13 000 0

смартфондар

2.

8517 14 000 0

ұялы байланыс желілеріне немесе өзге сымсыз байланыс желілеріне арналған басқа телефон аппараттары

3.

8471 30 000 0

салмағы 10 кг аспайтын, кемінде деректерді өңдеудің орталық блогынан, пернетақтадан және дисплейден (*планшеттер) тұратын портативті есептеу машиналары

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің
Телекоммуникациялар комитеті
мен Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитетінің ұялы байланыстың
абоненттік құрылғылары
бойынша кедендік реттеу
саласындағы құпия ақпаратты
ұсыну жөніндегі өзара
әрекеттесу Қағидаларына
2-Қосымша

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің ақпараттық жүйесінен абоненттік құрылғылардың мониторингі мен сәйкестендірудің ақпараттық жүйесіне таратылатын ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының айналымы кезінде жүзеге асырылатын импорттық операциялар туралы мәліметтер тізімі

      1. ID өтінімдер;

      2. Кедендік рәсімнің коды*;

      3. IMEI - ұялы байланыс абоненттік құрылғысының коды.

      Ескерту: қысқартулар мен аббревиатуралардың мағынасын ашу.

      IMEI - International Mobile Equipment Identity (ұтқыр жабдықтардың халықаралық идентификаторы);

      * кедендік рәсімнің коды келесі кедендік рәсімдерді қарастырады:

      ішкі тұтыну үшін шығару;

      уақытша әкелу (рұқсат беру);

      қайта импорттау;

      мемлекеттің пайдасы үшін бас тарту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады