Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 165) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Бұйрықпен бекітілді |
Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 167-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 165) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды (бұдан әрі – байланысты гранттар) пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Байланысты гранттарды пайдалану барысы және нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты ұсынудың мақсаты (бұдан әрі – есептілік және ақпарат) техникалық шешімдердің ақпараттандыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) байланысты гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
3) байланысты грант туралы келісім – Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган және донор арасындағы шарт;
4) донорлар – шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шетелдердің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары.
5) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін одан әрі пайдалану мақсатында "электрондық үкіметтің", "электрондық үкіметтің" архитектурасының, платформалық бағдарламалық өнімдердің ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға арналған ақпараттандыру объектісі.
2-тарау. Есептілік нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды ұсыну тәртібі
4. Есептік айдан кейінгі айдың жиырмасында байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес байланысты гранттарды пайдалану барысы туралы есеп нысаны бойынша уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарынан келіп түскен есептілік пен ақпаратты уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Уәкілетті орган алынған ақпарат негізінде нормативтік-техникалық құжаттаманың және жобалық техникалық құжаттаманың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігіне бағалауды жүзеге асырады.
8. Бағалау қорытындысы бойынша уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану бойынша қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту, түзету бойынша ұсынымдарды қалыптастырады.
9. Бюджет кодексінің 166-бабының 3-тармағына сәйкес байланысты грантты пайдалану аяқталғаннан кейін байланысты гранттарды алушы мемлекеттік ұйымдар бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе көздейтін байланысты гранттар бойынша сондай-ақ уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған донордың уәкілетті өкілі және орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органның бірінші басшысы қол қойған байланысты грантты пайдалану туралы түпкілікті есепті ұсынады.
10. Уәкілетті органға ақпаратты жолдаған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес есептер нысандары қоса берілуі қажет.
11. Есептердегі мәліметтер дәйекті және өзекті болуы тиіс.
Байланысты гранттарды пайдалану туралы есеп
Есептіліктіұсыну кезеңі (ай) | Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | |||||||
Жобаның толық атауы | Ақпараттық жүйенің толық және қысқартылған атауы | Ақпараттық жүйені құру немесе дамытудың мақсаты | Ақпараттық жүйені құру немесе дамыту бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері (ақпараттық жүйені пайдалануға енгізу жұмыстарының басталған және аяқталатын күндері) | Ақпараттық жүйені құру немесе дамыту және оны пайдалану үшін негіздеме (тиісті акт) | Ақпараттық жүйе қолдайтын функциясы | Ақпараттық жүйе шешетін негізгі міндеттер | Ақпараттық жүйенің сыныбы | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | ||||||
Байланысты гранттың игерілуі (жұмсалған) | Тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу мәртебесі | Ақпараттық жүйенің өзара әрекеттесуі (ведомствоаралық, ведомстволық), өзге де ақпараттық жүйелермен интеграциясы | Ақпараттық жүйеде қолданылатын анықтамалықтар тізбесі (толтыру көздері, деректердің форматтары) | Ақпараттық жүйелердегі деректерді сәйкестендірушілер тізбесі, оларды қалыптастыру қағидатын көрсету қажет (жалпыға бірдей VIN, ЖСН, БСН, БСК және тағы басқа) | ||
Бір айдағы | Ағымдағы жылғы | Есептік айдағы | Жылдың басынан бастап | |||
Теңге | Теңге | |||||
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Кестенің жалғасы
Мемлекеттік органның құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйесі туралы жалпы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйе шеңберінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық ресурстар туралы мәліметтер | Байланысты гранттардың есебінен алынған мемлекеттік органның бағдарламалық қамтылымының, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының құрауыштарын түгендеу тізбесі және сипаттамасы | ||||
Ақпараттық жүйедегі электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі | Бағдарламалық өнімнің атауы (пайдаланылатын технологиялық платформаның атауы; пайдаланылатын деректер қорының атауы; бағдарламалық өнімнің жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын серверлік жабдықтың моделі) | Сипаттамасы | Өндірушінің компаниясына сілтеме | Өнім берушінің компаниясына сілтеме | Лицензиялау типі |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
Кестенің жалғасы
Құрылатын немесе дамытылатын ақпараттық жүйенің техникалық және жобалық құжаттамасын бекіту және (немесе) оған өзгеріс енгізу туралы мәліметтер | Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу туралы, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу туралы мәліметтер | ||
Құжаттың атауы | Бекітілген күні | Ақпараттандыру объектілерін тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу күні | Ақпараттық жүйені тәжірибелік пайдалануға енгізу, ақпараттық жүйенің және (немесе) олардың құраушы бөліктерінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынау және аттестаттау жүргізу қорытындылары |
23 | 24 | 25 | 26 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
VIN – Vehicle Identification Number;
ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
БСК – Банктік сәйкестендіру коды.