ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14530 болып тіркелген) бекітілген Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 331) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
бұйрығына қосымша | |
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 маусымдағы №29 бұйрығына 2-қосымша |
Пошта байланысы секторында бекітілген ауылдық елді мекендерде көрсетілетін субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейі
Атауы | Өлшем бірлігі, грамм | Бағалардың шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз) | ||
Жеке тұлғалар | Заңды тұлғалар | |||
Жазылу бойынша мерзімді баспасөз басылымдарын (газет/журнал) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтер | 36 | 36 | ||
Республикалық/жергілікті | жерүсті | 30 | ||
әрбір кейінгі 1 грамм салмағы үшін | 0,2 | 0,2 | ||
Қазақстан Республикасы бойынша тіркелмейтін хатты жiберу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
| 122 | 265 | |
әрбір кейінгі толық/толық емес 20 грамм салмағы үшін | 20 | 20 |