Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2-тармағына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Мынбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ғ. Маманбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы Разбеков М.М.________________ "_" ___________ жыл
| Сарқан ауданы әкімдігінің | |
| 2025 жылғы __ ___________№ ___ | |
| қаулысына қосымша |
Сарқан ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (директоры);
2) музыкалық жетекші;
3) әдіскер;
4) көркемдік жетекші;
5) сүемелдеуші;
6) клубтын менгерушісі;
7) хореограф;
8) кітапхана меңгерушісі;
9) кітапханашы.
