Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181711 болып жарияланған);
2. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 8-4-23 "Панфилов аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 07 тамыздағы № 8-6-36 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184913 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Е. Шоқпаров |
