Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 26-1 "Алакөл ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №194696 болып тіркелген, 2024 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтің құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл аудандық мәслихат төрағасы | Д.Е. Каримов |
