"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алакөл ауданы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Алакөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 17 сәуірдегі №116;
2) "Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Алакөл ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 17 cәуірдегі № 116 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" 2023 жылғы 1 шілдедегі №195 .
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алакөл ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.С. Сатыбалдиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл ауданының әкімі | А.Абдинов |
