Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы

Жаңа

Жетісу облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 43-236 шешімі

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 7-бабы 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 181077 болып жарияланған);

      2. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2-16 "Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 3 тамыздағы № 7-46 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде № 184855 болып жарияланған) шешімдері жойылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады