2025 қаржы жылына арналған облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарын айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 тамыздағы № 245 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, "2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №272 бұйрығына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 қаржы жылына арналған облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" ______ № ____ қаулысына қосымша

2025 қаржы жылына арналған облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары

      1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

      3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.

      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.

      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, ғимараттарды жалға алу, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.

      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

      7. Іссапар және қызметтік сапарлар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады