Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қазандағы № 32/192 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа аудандық мәслихатының төрағасы Ю.А.Бекқожин

  Жаңаарқа аудандық мәслихатының
2025 жылғы 15 қазандағы
№32/192 шешіміне 1 қосымша

Жаңаарқа аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы №3/14 мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешімі;

      2. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 мамырдағы №3/14 аудандық маслихатының 2023 жылғы 19 қазандаңы №8/51 "Жаңаарқа аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады