Жер теліміне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 26/20 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18,43,67,69,71 баптарына сәйкес және 2025 жылғы 12 маусымдағы № ЗТ-2025-01954449 "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілінің өтініші негізінде Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Сары-Арқа көшесі мекен- жайында орналасқан, жалпы ауданы 0,4000 га талшықты - оптикалық байланыс желілерді орнату және пайдалану үшін, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен ұзақ мерзімге 2030 жылдың 30 желтоқсан айына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Жер пайдаланушы - "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

      1) жер учаскелерін пайдаланған уақытта, елді мекендердің аумағын күтіп-ұстауды қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық- эпидемиологиялық қағидалары мен нормаларын ескере отырып объектіге іргелес аумақты күтіп-ұстауды;

      2) жер телімінде орналасқан инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету және қажет жағдайда жаңасын орнату үшін пайдалану қызметтерінің жер теліміне кедергісіз кіруін қамтамасыз ету қажет.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Жезқазған қаласының әкімі К.Шайжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады