"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысы Ұлытау ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аманкелді ауылдық округінің Боздақ елді мекені оның аумағы Аманкелді ауылдық округінің Сарлық ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
2. Шеңбер ауылдық округінің Үңгірлі елді мекені Шеңбер ауылдық округінің Қорғасын ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
3. Жанкелді ауылдық округінің Қызыл үй және Талдықұдық елді мекендері Жанкелді ауылдық округінің Байқоңыр ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
4. Қоскөл ауылдық округінің Құлжанбай және Нарөлген елді мекендері Қоскөл ауылдық округінің Қоскөл ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
| Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы | Б. Шингисов |
