Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/02 бірлескен қаулысы және Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 30/288 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтау ауылдық округінің Қылыш және Айшырақ ауылдары олардың аумақтары Ақтау ауылдық округінің Ақтау ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      2. Ақтүбек ауылдық округінің Өркендеу ауылы оның аумағы Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      3. Байдалы би ауылдық округінің 117 разъезді оның аумағы Байдалы би ауылдық округінің Атасу ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      4. Бидайық ауылдық округінің Қарамола ауылы оның аумағы Бидайық ауылдық округінің Ақтайлақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      5. Ералиев ауылдық округінің Кезең ауылы оның аумағы Ералиев ауылдық округінің Ералиев ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      6. Талдыбұлақ ауылдық округінің Ақтасты ауылы оның аумағы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      7. Сейфуллин ауылдық округінің Жаңаталап ауылы оның аумағы Сейфуллин ауылдық округінің Ынтымақ ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      8. Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Байғұл ауылы оның аумағы Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округінің Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      9. Орынбай ауылдық округінің Бидайық №2 ауылы оның аумағы Орынбай ауылдық округінің Орынбай ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      10. Қараағаш ауылдық округінің Қараағаш Лесхоз елді мекені оның аумағы Қараағаш ауылдық округінің Ынталы ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      11. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков
      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады