Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Марал Ресорсез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм жер қоры жерінен жалпы алаңы 489,7892 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2031 жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.
2. "Марал Ресорсез" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Карентаев |