"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамына әуе электр желісінің құрылысын жүргізу үшін сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 48 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69, 119-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37-баптарынна негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамынаВЛ-220кВ электр желісінің құрылысын жүргізу үшін көлемі қосымшаға сәйкес 4,2263 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Несипбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданының әкімі Е. Қыдыралыұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады