Мақаншы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 4 "Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының № 1 қосымшасына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 96 қаулысы

      2025 жылғы 10 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабына, 729-бабы 2-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілері туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көрсетілген қаулымен бекітілген, Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімінің Ережесіне келесідей толықтырулар 14-тармақ 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      10-1) аудандық маңызы бар қалада, ауданда, ауылдарда, кенттерде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады".

      10-2) тармақшамен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздер мен тәртіпте әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Р.Ш. Абдрахмановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Д. Койгельдин

О внесении дополнений в приложение №1 к постановлению акимата района Мақаншы от 15 апреля 2024 года №4 "Об утверждении Положения отдела культуры, развития языков и физической культуры, спорта района Мақаншы"

      В соответствии со статьей 75 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 10 января 2025 года, подпунктом 2-1) статьи 729 указанного Кодекса, пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и пунктом 3 статьи 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" от 6 апреля 2016 года, акимат акимат района Мақаншы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Дополнить подпунктами 10-1) и 10-2) пункта 14 следующими дополнениями к оложению отдела культуры, развития языков и физической культуры, спорта района Мақаншы, утвержденным указанным Постановлением:

      10-1) следующего содержания: "осуществляет прием и рассмотрение уведомлений о размещении вывески в городе районного значения, районе, селах, поселках в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".

      10-2) следующего содержания: "дает рекомендации об устранении нарушений требований, установленных законодательством Республики Казахстан о языках, а также принимает меры административного воздействия на основаниях и в порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан об административных правонарушениях".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Мақаншы Абдрахманова Р.Ш.

      Аким района Д. Койгельдин

      Абай облысы

      Мақаншы ауданы

      "Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      ЕРЕЖЕСІНЕ

      (қосымша)

  Мақаншы ауданы әкімдігінің
"04" қыркүйек 2025 жылғы,
№96 қаулысымен
бекітілген

      Мақаншы ауылы, 2025 жыл

  Мақаншы ауданы әкімдігінің
"04" қыркүйектегі 2025 жылғы,
№96 қаулысына
қосымша

"Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Абай облысы Мақаншы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру, спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) мәдениет саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ дене шынықтыруды және спортты дамыту жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары бар.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құкықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан, Абай облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылдық округі, Мақаншы ауылы, Қабанбай көшесі, №64 үй, пошта индексі 180175.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің кызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджттерден жүзеге асырылады.

      12. Егер бқлім заңамалық акітлермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекегтік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халыққа ақпараттық-түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізуін ұйымдастыру;

      2) Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызмет көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, мемлекеттік және басқа да тілдерді дамьггу;

      3) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

      4) олимпиадалық емес, олимпиадалық, параолимпиадалық, параолимпиадалық емес, сурдоолимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

      5) дене шынықтыру мен спортты колдау және ынталандыру;

      6) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтар:

      1) Мемлекеттік органдардан өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге;

      2) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;

      3) заңда белгіленген тәртіпте мемлекеттік көліктерді, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

      4) аудан әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының аудан әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен құқықтық актілерді қабылдау;

      6) бөлімнің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      7) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндеғі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      9) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға;

      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

      10-1) аудандық маңызы бар қалада, ауданда, ауылдарда, кенттерде маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.

      10-2) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады.

      2. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға;

      2) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға жол бермеуге;

      3) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға:

      4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) Қазақстан Республикасының колданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді сақтау.

      15. Функциялары:

      1) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

      2) Ұлттық және мемлекеттік мерекелерді, басқа да мерекелік іс- шараларды атап өту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

      3) Көрнекі үгіт құралдары мазмұнының Республиканың қолданыстағы заңнамасы мен саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      5) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      6) театр, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, ауданның мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

      7) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында өңірлік байкаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады.

      8) ауданның мәдени құндылықтардың есепке алу, корғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени- бұқаралық іс-шараларын өткізуді жүзеге асырады;

      10) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

      11) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

      12) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің ағымдағы және күрделі жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

      13) тарихи-мәдени мұраны қжөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, тарихи, ұлттыө және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

      16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

      17) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдайды және жәрдем көрсетеді;

      18) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

      19) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

      20) облыстардың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округгерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;

      21) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      22) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына колжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпішілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;

      23) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткізеді;

      25) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

      26) Мақаншы ауданының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      27) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының кызметін үйлестіреді;

      28) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;

      29) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2- разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;

      30) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;

      31) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

      32) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

      33) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазакстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстық жергілікті атқарушы органына ұсынады;

      34) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

      35) қолданыстағы Заңға сәйкес Олимпиада, Параолимпиада және Сурдоолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;

      36) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      37) дене шынықгыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

      38) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлесгіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын камтамасыз етеді;

      39) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      40) аудандық және қалалық мамандандырылмаган балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін камтамасыз етеді;

      41) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттілігі

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Бөлімге жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

      2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) бөлімнің техникалық персоналын жұмысқа қабылдайды, іссапарға жібереді және жұмыстан босатады;

      4) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      5) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      6) өз кұзыреті шегінде бұйрықтар қабылдайды;

      7) мемлекеттік органда, өзге де ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

      8) бөлімнің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10) Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4 -тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      20. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген каражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлім қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады