Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Мақаншы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақаншы ауданының елді мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысы Мақаншы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жариялануын;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Мақаншы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауданының әкімі | Д. Койгельдин |
қаулысына қосымша |
Мақаншы ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Мақаншы ауданы | ||
1 | Мақаншы | 1,85 |
2 | Қаратұма | 1,75 |
3 | Қаратал | 1,75 |
4 | Бекет | 1,45 |
5 | Бұғыбай | 1,35 |
6 | Көктал | 1,50 |
7 | Келдімұрат | 1,30 |
8 | Көктерек | 1,65 |
9 | Қайынды | 1,45 |
10 | Қызыл-бұлақ | 1,25 |
11 | Қарабұта | 1,65 |
12 | Ақшоқы | 1,75 |
13 | Подгорный | 1,10 |
14 | Бақты | 1,70 |
15 | Қарабұлақ | 1,75 |
16 | Барлық-Арасан | 1,55 |
17 | Қабанбай | 1,70 |
18 | Қызыл-жұлдыз | 1,15 |