Көкпекті ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қазандағы № 32-5/2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының төрағасы Т. Сарманов

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 32-5/2 шешіміне
қосымша

Көкпекті ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы
 

Жинақталу нормасы
Жылына 1 тұрғынға м3

Есептік бірлігі

Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз теңге)

Барлығы (ҚҚС-сыз теңге)

Барлығы (ҚҚС-мен теңге)

Жинау және тасымалдау

Көму

Сұрыптау



Жайлы үйлер

1,86

Бір тұрғынға айына

322,87

100,12

-

422,99

473,75

Жайлы емес үйлер

1,91

331,55

102,81

-

434,36

486,48

Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

-

1 м3

2083,06

645,93

-

2728,99

3 056,47


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады