Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 375 ұсыныс хаты негізінде Қаратөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Абай облысы, Жарма ауданы, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Әди ауылына ірі қара малдардың бруцеллез ауруына жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс шаралары тоқтатылсын.
2. Қаратөбе ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 12 қарашадағы №7 "Жарма ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Әди ауылына шектеу іс-шараларын" белгілеу туралы" шешімнің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі | Н. Заирбеков |