ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 726-бабына сәйкес, Абай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, Абай ауданында корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне мөлшерлеме мөлшері 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Нұрсұлтанұлы |
