Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 74 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4- тармақтан караңыз.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 914 – 1 бабының 3 – тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 – бабына сәйкес, Курчатов қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Әкімдік қаулысының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.С. Жумагуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қала әкімі Б. Абдралиев

  Қала әкімдігінің
2025 жылғы "19" маусымдағы
№ 74 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдар

1.

Аумақты жинайтын жұмысшы

"Курчатов Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады