ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министр | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз мүшелеріне олардың айналымдарды жүзеге асыруы мақсатында орындайтын жұмыстардың және (немесе) көрсететін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші коды |
1. | Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру | 10.9 |
2. | Ағаш ыдыстарды өндіру | 16.24 |
3. | Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру | 17.21 |
4. | Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру | 17.29 |
5. | Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру | 20.15 |
6. | Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру | 20.20 |
7. | Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру | 22.22 |
8. | Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру | 25.92 |
9. | Машиналар мен жабдықтарды жөндеу | 33.12 |
10. | Электрлі жабдықтарды жөндеу | 33.14 |
11. | Өзге де жабдықтарды жөндеу | 33.19 |
12. | Өнеркәсіптік техника мен жабдықты монтаждау | 33.20 |
13. | Суды жинау, өңдеу және бөлу | 36.0 |
14. | Кәріз жүйесі | 37.0 |
15. | Қауіпсіз қалдықтарды жинау | 38.11 |
16. | Қауіпті қалдықтарды жинау | 38.12 |
17. | Қалдықтарды өңдеу және жою | 38.2 |
18. | Қалдықтарды қайта қалпына келтіру және жою саласындағы өзге де қызметтер | 39 |
19. | 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы | 41.20.2 |
20. | Су имараттарының құрылысы | 42.91 |
21. | Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары | 43.12 |
22. | Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары | 43.2 |
23. | Әрлеу жұмыстары | 43.3 |
24. | Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары | 43.9 |
25. | Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу | 45.2 |
26. | Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі | 46.11 |
27. | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау | 49.41 |
28. | Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 52.10 |
29. | Тасымалдау кезіндегі қосалқы қызмет түрлері | 52.2 |
30. | Ақпараттық қызметтердің жұмысы | 63 |
31. | Техникалық сынақтар мен талдаулар | 71.20 |
32. | Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру | 73.12 |
33. | Ветеринарлық қызмет | 75 |
34. | Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру | 77.12 |
35. | Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру | 77.31 |
36. | Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру | 77.32 |
37. | Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері | 85.59.9 |
38. | Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу | 95.11 |
39. | Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу | 95.12 |