"Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 81 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/14-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 99 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 28/192-VIII шешімі

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы" Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 81 бірлескен қаулысы және Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/14-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 54-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң 50-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:";

      орыс тіліндегі кіріспе өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысының және Абай облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасы осы Абай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысына және Абай облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      осы бірлескен қаулы және шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли
      Абай облысы мәслихатының төрағасы Ш. Байбеков

  Абай облысы әкімдігінің
2025 жылғы "25" маусымдағы
№ 99 бірлескен қаулысы және
Абай облысы мәслихатының
2025 жылғы "25" маусымдағы
№ 28/192-VIII шешіміне
қосымша
Абай облысы әкімдігінің 2023
жылғы
21 сәуірдегі № 81 бірлескен
қаулысымен
және Абай облысы
мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/14VIII шешімімен
бекітілген

Абай облысының азаматтарына жеке меншікке тегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері

р/с№

Аудандар мен қалалар атауы

Жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері, (гектар)

соның ішінде:

жеке тұрғын үй құрылысы үшін

бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін

жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін

суарылмайтын

суармалы

1

2

3

4

5

6

1.

Абай ауданы

0,10

0,12

0,25

-

2.

Ақсуат ауданы

0,10

0,12

0,25

-

3.

Аягөз ауданы

0,10

0,12

0,25

-

4.

Бесқарағай ауданы

0,10

0,12

0,25

-

5.

Бородулиха ауданы

0,10

0,12

0,25

-

6.

Жаңасемей ауданы

0,10

0,12

0,25

-

7.

Жарма ауданы

0,10

0,12

0,25

0,15

8.

Көкпекті ауданы

0,10

0,12

0,25

-

9.

Мақаншы ауданы

0,10

0,12

0,25

0,15

10.

Үржар ауданы

0,10

0,12

0,25

0,15

11.

Курчатов қаласы

0,10

0,12

0,25

-

12.

Семей қаласы

0,10

0,12

0,25

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады