Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 10/100-2с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 17/154-VIII шешiмiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Шымкент қаласы | |
| мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
| Шымкент қаласы мәслихаттының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 31/288-VIII шешіміне қосымша |
"Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Шымкент қаласы мәслихатының аппараты) Шымкент қаласы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен және Шымкент қаласы мәслихаты аппараты басшысының (бұдан әрі – аппарат басшысы) бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).8. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының құрылымы мәслихатпен бекітіледі. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимиті мәслихат депутаттарының саны негізге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, индекс 160023.
10. Осы ереже Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
Ескерту. 2 - тараудың атауы жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
13. Мақсаттары: мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша мәліметтер, ақпарат сұрату;
мәслихат пен оның тұрақты және өзге де комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдары бойынша қарау үшін әкімге, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесіне, прокурорға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің филиалдары мен өкілдіктеріне мәслихат депутаттарының ресми жазбаша сауалдарын жолдау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды пысықтауға қайтару;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
мемлекеттік меншіктің сақталуын, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануды қамтамасыз ету;
Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына түскен петицияларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескерту. 14 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).15. Функциялары:
мәслихаттың, оның тұрақты және өзге де комиссияларының жұмыс жоспарлары негізінде жұмыс жүргізу;
өз құзыреті шегінде Шымкент қаласы мәслихаты регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметін қамтамасыз ету;
мәслихат төрағасының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Шымкент қаласы мәслихаты төрағасының, мәслихат аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
мәслихат сессияларын дайындауды, өткізуді ұйымдастыру, мәслихат сессияларының хаттамаларын жасау;
мәслихат қызметінің мәселелері бойынша баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау;
мәслихаттың құқықтық актілерін әзірлеу, қабылдау, тіркеу, өзгерту, толықтыру, күшін жою, күші жойылды деп тану, қолданысын тоқтата тұру және жариялауды қамтамасыз ету;
ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдерін орналастыруды қамтамасыз ету;
мәслихат пен оның тұрақты комиссияларының шешімдерін белгіленген тәртіппен кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға жеткізу;
азаматтардың (сайлаушылардың) Шымкент қаласының мәслихатына жолдаған жолданымдарын қабылдау, тіркеу және қарау, оларды депутаттардың назарына жеткізу, олардың орындалуын бақылау, қажет болған жағдайда оларға жауаптар дайындау;
депутаттық сауалдарды есепке алуды және олардың уақтылы қаралуына мониторингті жүзеге асыру;
мәслихат депутаттарының біліктілігін арттырудан өтуін ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
мәслихат депутаттарына "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 4-тармағында көрсетілген жазаларды қолданумен байланысты мәселелерді дайындау;
мәслихат сессияларының және оның органдарының отырыстарына мәслихат депутаттарының келуін мониторингтеу;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мәслихат депутаттарының біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлау.
Ескерту. 15 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).3-тарау. Шымкент қаласы мәслихаты аппараты бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратын басқаруды аппарат басшысы жүзеге асырады, ол Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Ескерту. 16 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).17. Аппарат басшысын мәслихат төрағасы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Ескерту. 17 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).18. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
Ескерту. 18 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).19. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 19 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).20. Аппарат басшысы болмаған кезде оның өкілеттігін аппарат басшысының орынбасары уақытша жүзеге асырады.
Ескерту. 20 - тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.08.2026 № 38/343-VIII шешімімен (14.09.2026 бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).4. Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мүлкі
21. Шымкент қаласы мәслихатының аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
24. Шымкент қаласы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
